Видео

"Esirtkege jol joq" жобасы аясындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Жазылу
Нұр-сұлтан қаласында "Esirtkege jol joq" жобасы аясында ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздары анықталды

"Бүгін "Есірткіге жол жоқ" іс-шаралар кешені аясында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталып, жобаның жабылу рәсімі өтті", - дейді "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Арайлым Сапарәлі.

Оның айтуынша, жоба аясында екі бағыт бойынша байқау жарияланған. БАҚ өкілдері 5 аталым бойынша сайысқа түссе,  жасөспірімдер сурет салудан бейнероликтер жасаған.

Айта кетері, жасөспірімдер арасындағы байқауда Олуэн Өтемістің бейнеролигі ең үздік сюжет деп танылды.

Елордада 14-29 жас аралығындағы жастардың арасында нашақорлыққа қарсы "Esirtkege jol joq" акциясы жыл сайын өткізіледі.

Бұл жобаның мақсаты – диспансерлік есепте тұрған нашақорлардың санын азайту.  

Жаңалықтар
0