Видео

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі қалай есептеледі – видео

Жазылу
"БЖЗҚ" АҚ басқарушы директоры, Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Мұрат Шәріпов зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі қалай есептелетінін түсіндірді
"Зейнетақымен қамсыздандыру заңында ең төменгі жеткілікті шектің қалай есептелетіні көрсетілген. Бұл дегеніміз – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жиналған ақшаның бір бөлігі. Ең төменгі жеткілікті шек азаматтар зейнетақы жасына жеткен кезде республика бойынша белгіленген ең төменгі зейнетақыдан кем емес зейнетақы алуға мүмкіндік береді", - деді ол.
Ал осы ең төменгі жеткілікті шектен асқан ақшаны азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсай алады немесе басқарушы компанияларға аударып, инвестициялық табысын арттырады.
Мұрат Шәріповтың айтуынша, үкімет қаулысына сәйкес, ең төменгі жеткілікті шекті есептеу әдістемесі әзірленген. Осы әдістеме бойынша алғаш рет 2021 жылы ең төменгі жеткілікті шек есептелді.
"Мұнда ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақының мөлшері маңызды. 2022 жылы ең төменгі жалақы 42 500-ден 60 мыңға дейін өседі. Сондықтан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әдістемеге сүйене отырып, әр азаматтың жасына қарай ең төменгі жеткілікті шекті есептеп шықты", - деп түсіндірді БЖЗҚ өкілі.
Демек, оның мәліметінше, болашақта республикалық бюджетте көрсетілген ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы және басқа да көрсеткіштерге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек қайта есептеліп отырады.
Жаңалықтар
0