Видео

"Әлем аруы" байқауына Қазақстан атынан кім қатысады – видео

Жазылу
Қазақстаннан "Әлем аруы – 2021" тәжіне үміткер Әзиза Тоқашова видеода өзі, отбасы және арманы туралы айтып берді  
Мерейтойлық, жетпісінші "Әлем аруы" байқауының қатысушыларына дауыс беру сайтта басталып кетті. Қазақстандық аруға мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады.
Алматылық Әзиза Тоқашова осыдан көп жыл бұрын президент шыршасында көру қабілеті нашар ұл баланы кездестірген. Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршін музыкалық аспаптарда керемет ойнайды, пианист болуды армандайды екен. Араға жылдар салып Әзиза желідегі қолданушыларымен бірге балаға ақша жинап, пианино сатып әперді.
Әзиза маркетингпен айналысады, бұған дейін экономика мен маркетинг бойынша дәреже алған. Шығармашыл адам ретінде көрмелер мен мәдени шараларға жиі қатысып тұрады. Студент кезінен қайырымдылықпен айналысады. Әсіресе, ол сал ауруына шалдыққан балаларға ерекше көңіл бөледі.
Әзизаның арманы – өз елінде қайырымдылық балын ұйымдастыру. Жыл сайынғы қайырымдылық кешінен жиналған қаржы сал ауруымен ауыратын балаларды қолдауға жұмсалады.
Жаңалықтар
0