Видео

Мәскеуде Путиннің баспасөз мәслихаты өтіп жатыр – видео

Жазылу
Ресей президенті Владимир Путиннің жыл сайынғы баспасөз конференциясы Мәскеу Манежінде бетпе-бет форматта ұйымдастырылған
Баспасөз конференция өтіп жатқан жерге жақын көшелер мен метро станциялары жабылды. Журналистер белгіленген уақыттан бірнеше сағат бұрын келе бастады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. Бір жағынан күн суық, екінші жағынан, осылайша, эпидемиологиялық қауіпсіздік сақталып отыр.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, баспасөз конференциясының барлық қатысушысы күміс бөлшектерімен өңдейтін арнайы қондырғы арқылы бақылаудан өтуі керек.
Пандемияға байланысты Манежге шақырылғандардың саны шектеулі. Биыл 507 адам жеке сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Ал 2019 жылғы конференцияға 1 400-ден астам журналист қатысқан болатын.
Путиннің ресейлік және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жыл сайынғы кездесуі 2001 жылдан бері жалғасып келеді. Ол жолы тікелей эфир ең қысқа болды, небәрі бір жарым сағат. Ал журналистермен ең ұзақ әңгімесі төрт сағаттан астам уақытқа созылған екен.
Жаңалықтар
0