Путин мен Шойгу Қазақстандағы ҰҚШҰ миссиясын талқылады видео

84
Ресей президенті Владимир Путин мен елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Қазақстандағы ҰҚШҰ миссиясы бойынша кездесуі өтті

Естеріңізге сала кетейік, 13 қаңтарда ҰҚШҰ бітімгерлері Қазақстан аумағынан шығарыла бастады. 

Соңғы бітімгерлік әскер күші елден 10 күннен қалмай шығады. 

ҰҚШҰ бітімгерлері тек стратегиялық маңызы бар нысандарды күзетуге қатысты. Олар жауынгерлік операцияларға қатысқан жоқ. 

ҰҚШҰ келісімі аясында Армения, Беларусь, Қырғызстан,  Ресей мен Тәжікстан елдерінен 2 030 адам мен 250 бірлік техниканы құрайтын әскери контигент жіберілді.

 

 

84
Кілт сөздер:
ҰҚШҰ, Владимир Путин, Сергей Шойгу, видео

Құжат, интернет, кәріз: елорда іргесіндегі тұрғындар әкімге өтініш білдірді видео

24
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елді мекен тұрғындарымен кездесіп, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты

Алтай Көлгіновтың айтуынша, қалада 16 елді мекен бар, ал елорданың әрбір төртінші тұрғыны осы елді мекендерде тұрады.

Нұр-Бесік шағын ауданында 200-ден астам үй орналасқан. Бұл шағын ауданға орталықтандырылған су және электр жабдықтау жүйесі қосылды, сол сияқты трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылды.

Сонымен қатар, 9 елді мекенде газ тарату желісі іске қосылды, 2 жыл ішінде елді мекендерде 160-тан астам көше салынды, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылды, ал Көктал елді мекенінде қала тұрғындарына арнап үлкен саябақ ашылды.

"Көктал мен Өндіріс елді мекендерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынды. Дәл осындай кешендер Үркер (Ильинка), Теміржолшылар елді мекендерінде де болады", - дейді әкім.

Әкімнің сөзінше Мичурино елді мекенінде алғаш рет мектеп салынды, бұрын оқушылар арнайы бейімделген орындарда білім алып келген болатын.

Әкіммен кездесу барысында тұрғындар өз өтініштерін де жеткізді. Толығырақ видеодан көріңіз.

 

24
Кілт сөздер:
Алтай Көлгінов, тұрғындар, видео

Алматыдағы бүлік кезінде екі полицей әйел өз еркімен жұмыста қалды видео 

199
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде өз еркімен жұмыста қалған екі полицей әйел марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz

Медеу ауданы полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаевтың айтуынша, сол күні әйел қызметкерлерді үйге жіберуге шешім қабылданған. Бірақ Қарлығаш Көпбаева мен Евгения Калнышева жұмыста қаламыз деп ұйғарған.

"Біз барлық қызды үйге қайтарған кезде олар өз еркімен қалды. Осы жерде екі тәулік бойы қонып, бүкіл жағдайды бізбен бірге көрді", - дейді Өтебаев.

Евгения Калнышева басқармада отырып, барлық қоңырауға жауап берген.

"Ол күні 200-ден астам қоңырауды қабылдадық. Өте қиын болды, көп әріптесіміз зардап шекті, қаза тапқандар да бар. Осы жерде өз өмірін қатерге тіккен менің әріптестерім, достарым болды. Мен оларды тастап кете алмадым. Бұл - менің міндетім. Осындай сәтте әріптестерімді тастап кетсем, туыстарым да, отбасым да түсінбейтін еді. Полиция қызметкерлерінің көмегіне үміт артқандардың алдында опасыздық жасағандай болатын едім", – дейді Калнышева.

Қарлығаш Көпбаева да Қазақстанның кез келген патриоты сияқты өз міндетін орындады деп ойлайды. 

"Халқымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен сақтап қалған бейбітшілікті ары қарай қолда ұстап қалу біздің міндетіміз болып табылады", – деді Көпбаева.

Өз міндетін абыроймен атқарып шыққан екі полицей әйелге алғыс хаттар және ақшалай сыйлық табысталды.

199
Кілт сөздер:
видео
архивтегі сурет

Талдықорғандық кәсіпкер қоршауда қалған әскерилер мен полицейлерге тамақ тасыған

0
(Жаңартылды 12:33 17.01.2022)
Талдықорғандағы тергеу изоляторына қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов пен аспаз оқтың астында қалды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Танымал қазақстандық блогер Александр Цой ресторатор Дәурен Тәліповтың батыр әрекеті жайында жазды. Ол бүлікшілердің қоршауында қалған полицейлер мен әскерилерге тамақ тасыған.


4 қаңтар күні Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Ал ертеңінде бүлікшілердің белсенділігі күшейе түсті.

"Олар қалалық полиция ғимаратын зақымдады, облыстық әкімдікті жағып жіберді, көліктер де отқа оранды. 101 мен 102 қызметтері жұмыс істеген жоқ. Интернетті өшіріп тастады. Барлық мейрамхана мен тамақтану орындары жабық тұрды. Өрт сөндірушілер, әскерилер мен полиция қызметкерлері ғимараттардан шыға алмады. Барлығы ас-ауқатсыз қалды", - дейді Александр Цой.

Сол кезде ресторатор Дәурен Тәліпов өз міндеттерін аш құрсақ атқарып жатқан тәртіп сақшыларына көмек беруге шешім қабылдады, дейді ол.

Даурен Тәліптовтың айтуынша, оған ешкім өтініш жасаған жоқ. Ол әкімшілік ғимаратын қорғап тұрған адамдардың ауқатсыз қалғанын білді. Аспаздарына хабарласып, тамақ әзірлеуге тапсырма берді. Артынан оны жаяу жүріп таратқан. Себебі қоғамдық көлік те, такси де тоқтап қалды.

"Біз машинаға 300-400 порцияны салып, қала бойынша тараттық. Бірақ алдын ала әскерилер мен полицийлермен қандай белгі беріп өтетінімізді келісіп отырдық. Әйтпесе, бізді атып тастайтын еді", - дейді Дәурен Тәліпов.

Осылайша, аспаздар командасы екі күн бойы ыстық тамақ таратты. Ал 8 қаңтарда Талдықорғандағы тергеу изоляторына төрт рет қарулы шабуыл жасалғанда Тәліпов тағы бір аспазбен оқтың астында қалды.

"Оқты жан-жақтан жаудырды. Сол жерден қатты жылдамдықпен кетіп бара жатқанда бізді БТР тоқтатты. Шамасы, қылмыскерлер деп ойлап қалған. Көлікте тағы бір аспаз келіншек болды. Соққының қатты болғаны сонша, екеуіміз естен танып қалдық. Ауруханада есімізді жидық. Ешкім жедел жәрдем шақырмаған. Жол-жөнекей өтіп бара жатқан адамдар бізді көлікке салып алып, ауруханаға жеткізген екен", - деп еске алды Тәліпов.

Дәурен мен аспазға бірнеше ота жасалды. Қазір жағдайлары жақсы, екеуі де сауығып келеді.

Оқи отырыңыз: 

 

0
Кілт сөздер:
Талдықорған, кәсіпкер, тамақ, полицейлер