Видео

Атырауда бүлікшілер көпірден лақтырып жіберген сарбаз сұхбат берді – видео

Жазылу
Атыраудағы тәртіпсіздіктер барысында бір топ адам көпірден 18 жастағы сарбазды лақтырып жіберді деген ақпарат тараған болатын. Алайда жұрт бұл ақпаратқа күмәнмен қарады
Өйткені ақпаратта сарбаздың толық аты-жөні айтылмады және суретте түрі бұлыңғыр болып тұрды.
ATPress.kz тілшісі 5546 ә/б командирі Манат Наукеевпен және сарбаздың өзімен сұхбаттасқан. Дәурен Ешімов каска мен бронежилеттің арқасында аман қалғанын айтады. Олар сол қайғылы күні не болғанын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Көпірден құлаған сарбаз - Түркістан облысының тумасы Дәурен Ешімов. Бөлім командирі Манат Наукеев 5 қаңтарда облыстық әкімдік жанындағы митингте қоғамдық тәртіпті сақтау үшін облыстық ІІБ-мен бірлесіп әскери бөлім резервін басқарды.
"Облыс әкімдігінің алаңына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін бардық. Бізде халыққа қарсы шығатын ой болған жоқ. Тәртіпбұзушылық болмасын деп бардық. Сапта тұрғанда митингіге қатысушылар бізге тас лақтырды. Алдыңғы шепте тұрғандардың аяғының астындағы жарылғыш заттың түтінінен тұншыға жаздадық. Оқ атылған жоқ, бірақ өзімізді қорғау үшін арнайы құралдар қолдандық. Қоршап алып, жан-жақтан шабуыл жасады ғой", - деді бөлім командирі Манат Наукеев.
Олар артқа шегінген кезде бір сарбазға он шақты адам жабылған.
Дәурен Ешімов болса, тойтарыс бергеніміз болмаса, шабуыл жасаған жоқпыз дейді. Ол өзін қай кезде көпірден лақтырып жібергенін айтты.
Толығырақ видеодан көре аласыз.
Жаңалықтар
0