Видео

Елорда жастары ревакцинациядан кейінгі жағдайы туралы айтты – видео

Жазылу
Елорда еріктілері коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациядан белсенді өтіп, қала тұрғындарын иммундаудан өтуге шақырады
Жақында олардың бір бөлігі "Абу Даби Плаза" сауда орталығындағы егу пунктінде  ревакцинациядан өтті.
"Астана жастары" волонтері Дамир Айтымов ревакцинациядан алғашқылардың бірі болып өтті. Коронавирустық пандемия кезінде жас жігіт аянбай еңбек етті. Карантин шараларын сақтауға көмектесті, сол сияқты маска, қолғап, антисептик таратты.
"Мұндай жағдайда көмек көрсетпей, шетте қалғым келмеді. Науқастардың жағдайын өз көзіммен көру шынымен қиын болды. Екпе алып, "қызыл аймақта" жұмыс істеп жүрген еріктілерге көмектестім. Қазір ревакцинацияға келіп отырмын. Елордада науқастар қатары тағы да көбейіп келеді. Бұл біздің иммунитетіміз әлсірейтінін, ал вирус мутацияға ұшырайтынын білдіреді. Әрбір адам өз денсаулығы өз қолында екенін түсінгенін қалаймы", – деп өз ойымен бөлісті.
 
Жаңалықтар
0