Әлем

Джеки Чан кино өнеріне қосқан үлесі үшін "Оскар" сыйлығына ие болды

© AP Photo / Chris PizzelloДжеки Чан "Оскар" сыйлығына ие болды
Джеки Чан Оскар сыйлығына ие болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Джеки Чан екі жүз фильмге түскеннен кейін құрметті "Оскар" сыйлығына ие болды.

АСТАНА, 13 қар — Sputnik. Танымал актер Джеки Чан кинематографияға қосқан елеулі үлесі үшін құрметті "Оскар" сыйлығының лауреаты атынды,  деп хабарланады Америкалық киноматография өнері мен ғылымы академиясының Twitter әлеуметтік желісіндегі хабарламасында. 

Марапаттау салтанаты Лос-Анджелесте сенбі күні өтті. 

"200 фильмнен, қаншама сүйектер сынғаннан кейін, ол (Оскар) менікі", — деді 62 жастағы актер марапаттау барысына. 

Джеки Чанның киноға түсу кезінде, көбіне трюктерді каскадерлердің көмегінсіз өзі жасайтыны белгілі. Салдарынан актер бірнеше рет жарақат алған, оның ішінде сынықтар да бар. 

Академия Джеки Чаннан бөлек  америкалық режиссер-документалист Фредерик Вайсманға, кастинг-директор Линн Сталмастерге, сондай-ақ британдық әйел — монтаж жасаушы  Энн Коутсқа мүсіншелер табыстады. 


Жаңалықтар
0