Әлем

Биыл әлемде қанша адам ораза ұстады?

Жазылу
Кейбір елдерде күн 1 сағатқа ғана ұясына батады

АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Ұлыбритания газеті "The Independent" ақпараты бойынша, биылғы қасиетті айда шамамен 1,6 миллиард адам ораза ұстайды екен, бұл дегеніміз әлем халықтарының 22%-ы, деп жазады muslim.kz. 

мешіт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Рамазан жайлы қызықты деректер

Жаз айларында кейбір елдерде, соның ішінде Лапландияда, Финляндияда және Швецияда күн үнемі шығып тұруы мүмкін, кейде 1 сағатқа ғана күн ұясына батады екен. Аталмыш басылым Рамазан кезінде күн 55-ақ минутқа бататын солтүстік Финляндияда тұратын отбасымен әңгімелесіп қайтқан. 

"Біздің оразамыз таңғы 1:35-те басталып, түнгі 12:48-де бітеді. Осылайша, оразамыз 23 сағат 5 минутке созылады. Менің Бангладеште тұратын достарым мен туыстарым біздің оразамыздың 20 сағаттан артық болатынына сене алмайды", — деді жанұя отағасы Мохаммед.

Дегенмен, оның айтуынша, көрші елдердегі мұсылмандар осындай жағдайларға бейімделіп алған. Мысалы, Лапландияда тұратын мұсылмандар өздеріне жақын орналасқан мұсылман елі – Түркияның ораза ұстау уақытымен жүреді екен.  

 

Жаңалықтар
0