Мылтық ұстаған ер адам

Қазақстанның тумасы: Сирияда Ислам мемлекетінің жорық командирі өлтірілді

459
(Жаңартылды 15:45 04.10.2017)
Ресейдің әуе-ғарыштық күштері Сириядағы Ефрат жазығында Ислам мемлекеті содырларының көзін жойды

АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрлігі "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының (Қазақстанда және басқа да бірқатар елде тыйым салынған) жеті жорық командирінің өлтірілгенін хабарлады, олардың арасында Қазақстан тумасы да бар болып шықты – Әбу Ислям әл-Қазақи.

"Әртүрлі дәрежелі 7 жорық командирі өлтірілді, оның ішінде Қазақстан тумасы Әбу Ислям әл-Қазақи бар, ол Ефрат жазығында ИГИЛ-дің шабуыл жасақтарын басқарумен айналысқан", — деп жазады РИА Новости Ресей Қорғаныс министрлігі өкілі, генерал-майор Игорь Конашенковтың сөздерін дәйек ретінде келтіріп. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, операцияны РФ Әуе-ғарыштық күштері Ефрат жазығында екі тәулік бойы жүргізген.

"Әуе соққысы арқылы ИГИЛ жалдамалы содырларын даярлау орталығы, оның ішінде Солтүстік Кавказдан келген 40-қа жуық содыр өлтірілді, сонымен бірге террористердің мобильді мергендер тобы жойылды", — деп мәлімет берді Конашенков.

459
коронавирусқа қарсы вакцина

G20 саммитінде ескерусіз қалған мәселелер

3
G20 виртуалды саммиті қатысушылардың күш салуына қарамастан, жаһанданудың өлгенін, постковидті әлемде жеке-даралылық орын алғанын көрсетті

Мұнда мәселе шартты "америкалық бірполярлы әлемге" қарсы сөз байласуда немесе ХХ ғасырдың екінші жартысының үлгісі бойынша "блоктық қарсы тұруды" қайта тірілтуде емес. Деглобализация және көпполярлылық – бұл вашингтондық немесе брюссельдік "басшылардың" не ойлайтынына қарамастан орын алған ақиқат, деп жазады РИА Новости.

Мәселелерді талқылауға арналған бірыңғай саяси тілдің жоқтығы секілді бірыңғай әлемдік саяси күн тәртібінің жоқтығы проблема болып отыр. Оның үстіне, әлемдік қауымдастық үлгі алатындай "геосаяси камертон" да жоқ. 

Коронавирус пандемиясынан бастап экономикалық дағдарысқа жалғасатын ортақ проблемалар бар болғанымен, олардың ортақ шешімі принципті түрде жоқ. Себебі, жаһандық деңгейде мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттестік нөлге дейін төмендеді. Яғни, нақты бір елдің қандай да бір табысы бәсекелестердің жеңіліс табуы секілді бағаланады. Геосаяси бәсекелестердің қайсыбірі кез-келген имидждік, саяи немесе экономикалық жеңісті өз қоржынына салмауы үшін ортақ мүдделерді құрбан етуге дайын.

Бұл сөзге айқын мысалдар келтіруге болады. "Жиырмалықтың" саммитінде ҚХР елдер арасындағы жүріс-тұрыс пен келім-кетімді қайта ашатын қандай да бір цифрлық механизм құруды ұсынды. Бұл әлемдік экономикаға, халықаралық саудаға және туризмді қалпына келтіруге үлкен қолдау болар еді. Қытай тестілердің нәтижелеріне негізделетін "Денсаулық QR-кодын" өзара мойындаудың халықаралық механизмін құруды ұсынды.

"Оған мейлінше көп ел қосылады деп үміттенемін", - деді Си Цзиньпин.

Әділін айту керек, қандай да бір турист, дипломат немесе бизнесменнің дені сау және түрлі шекаралық шектеулерге қарамастан мемлекеттердің аумағына кіре алуын қамтамасыз ететін халықаралық және жаппай мойындалған "цифрлық растауды" құру өте жақсы идея. Бұл шара дәл қазір аса қажет болып тұрғанымен, оны жаһандық деңгейде жүзеге асыру мүмкіндігі жоқтың қасы. Бұған дәл осы ұсынысты Си төрағаның ұсынуы да өз ықпалын тигізеді. Себебі, батыс көшбасшыларының имидждік көзқарасы бойынша қытайлық ақпараттық технологиялардың жоғары дамуын паш ететін ресми Бейжің ұсынысына келісуге болмайды. Бұл – принцип.

Келесі мысал кедей елдер үшін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның қолжетімсіздігі турасында болмақ. Бұлай болған жағдайда ол елдер "коронавирустың ошағына" айналуы ықтимал. Владимир Путин өз сөзінде вакциналауға жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігін баса айтты: "Ресей осы саммиттің тиімді және қауіпсіз вакциналарды барлығы үшін қолжетімді етуге бағытталған шешімдер жобасын қолдайды. Біздің ел, әрине, мұқтаж мемлекеттерге біздің ғалымдар әзірлеген вакцинаны ұсынуға дайын. Бұл әлемде бірінші болып тіркелген және адамның аденовирустық векторлары платформасындағы " Спутник V" вакцинасы, новосібірлік ғылыми орталықтың "ЭпиВакКорона" вакцинасы да дайын. Қазір ресейлік үшінші вакцина әзірленіп жатыр.

Пандемияның ауқымы бізді барлық қолда бар ресурстарды пайдалануға міндеттейді. Біздің ортақ мақсатымыз – вакциналық препараттар портфелін құрып, бүкіл ғаламшар тұрғындарын сенімді қорғаныспен қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз, құрметті әріптестер, барлығымызға жеткілікті жұмыс бар және бәсекелестік болғанымен, біз ең алдымен гуманитарлық ойларды басшылыққа алып, осыны алдыңғы қатарға қоюға тиіспіз".

Декларациялық деңгейде барлығы дұрыс болғанымен, "Жиырмалық" әлдеқайда қолжетімді және тиімді вакциналарды қолдану арқылы кедей мемлекеттердің халқын вакциналауды ортақ қаржыландыру қорын құруға келісім бермейді. Себебі, бұл америкалық және еуропалық препаратқа қарағанда арзан ресейлік "Sputnik V" вакцинасын қолдануды білдіреді.

Владимир Путин бәсекелестікті бір шетке ысырып қойып, гуманизм көзқарасымен адамгершілік танытуға шақырды. Бірақ, оның бұл үндеуіне құлақ асатындар кемде-кем. Оның үстіне, батыстық БАҚ ресейлік және қытайлық вакциналарды қаралау бағытындағы ақпараттық-насихаттау жұмыстарын бәсеңдете қойған жоқ.

G20 саммитінде субстанциялық диалог орнатылмаған мәселелер тақырыбын ұзақ жаза беруге болады. Оның қатарында ДСҰ реформасы, дамушы елдердің валюталық қарыздары, протекционизмге бағытталған жаһандық тренд те бар. Батыс көшбасшылары нақты позицияны ұстанатын секілді: біз көп сөйлейміз, біз ешкімді тыңдамаймыз және барлығы біздің айтқанымызды бұлжытпай орындап, шешімдерімізбен келісуі керек. Ел президенті ауысқаннан кейін де Вашингтонның бұл позициясы өзгере қоюы екіталай.

G20 саммитіндегі субстанциялықтың жоқтығы әлем "геосаяси блоктар" бәсекелестігі мен "америкалық әлемді" қалпына келтіруге қарай дамып келе жатпағанын айқын көрсетті. Олардың бағыты мүлде бөлек. Әлем елдері тек екіжатқы келіссөздер жұргізу арқылы ғана күрделі мәселелердің де шешімі табуға болатынын түсініп, осы бағытты бетке алды.

3
Терезе алдында тұрған бала, архивтегі сурет

Балтасы бар: Ресейде ер адам алты баланы кепілге алды

190
Полицияға ер адамның әйелі хабар берген, қаскөйдің мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Санкт-Петербург түбіндегі Колпино қаласында балтамен қаруланған ер адам алты баланы кепілге алды.

"Колпинодағы пәтерде ер адам алты баланы кепілге алды", - деді РИА Новости-ге куәгер.

Оның айтуынша, қаскөй мас және балтамен қаруланған. Төтенше жағдай орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді.

Сондай-ақ, бірқатар БАҚ-тың ақпаратынша, ер адам балаларды өлтіремін деп қорқытқан. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны және қандай талап қойып отырғаны әзірге белгісіз.

Полицияға ер адамның әйелі қоңырау шалып, көмек сұраған. Ол балалары жылап жатқан пәтерге кіре алмағанын айтты.

190
Кілт сөздер:
балалар, ер адам, балта, Ресей
Швейный цех

Неліктен әскери киім киюге тыйым салынды?

0
Sputnik Қазақстан тілшісі азаматтық тұлғаларға аяқ астынан әскери киім киюге тыйым салынуына не себеп болғанын анықтауға тырысып көрді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Өткен демалыста қазақстандық аңшылар, балықшылар, туристер мен шаруа басында жүрген азаматтар тосын жаңалыққа таң-тамаша болды. Атырау облысының әскери полицейлері оларға бұдан былай әскери киім киюге тыйым салынатынын мәлімдеді. Полицейлердің айтуынша, әскери форманы масқаралауға енді жол берілмейді.  

Ал бұл ескертуді елемегендерге жақын уақытта айыппұл салынады. Бұл талап қазақстандықтарды таңғалдырғаны рас. Себебі, олардың арасында ыңғайлы бұл киімді талай жылдан бері тастамай киіп жүргендер бар. Аң мен балық аулау, туристік саяхат, тіпті, бақшадағы жұмыстар үшін де әскери киімнен артық қолайлы киім жоқ. Алайда атыраулық гарнизонның әскери полицейлері қатаң түрде талап қойды: "Әзірге ескертіп жатырмыз. Бірақ алдағы уақытта аяусыз айыппұл саламыз!".

Мұндай шешімге не ықпал еткенін әскерилер түсіндіріп жатпады.

"Әскери киім қарапайым халық арасында үлкен сұранысқа ие. Олар бұл киімді көбіне жұмысқа, үй шаруасын атқарғанда киеді. Ал әскери киім киген азамат қылмыс жасаса, қоғам оны әскери қызметшінің қылмысы ретінде қабылдайды. Бұл қарулы күштер мен әскери қызметшілердің беделіне нұқсан келтіріп жатыр", - деді Атырау әскери полициясының қызметкері Бақтияр Дәуренқұлов "Хабар 24" телеарнасының тілшілеріне.

Әскери киімді құрметтеп, әскери қызметшілердің беделін көтеру дұрыс іс. Бұған ешкім дау келтірмейді. Әскери адам төзімділіктің, батылдықтың және патриотизмнің үлгісі болуы керек. Бірақ Атырау облысының әскери полициясы еш шені жоқ, әскери салаға қатысы жоқ қарапайым азаматтың әскери киіммен жүруіне қандай заңдар мен ережелер негізінде тыйым салынатынын түсіндірмеді.

Бұл мәселе өте маңызды. Өйткені, біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз. Сондықтан, кез келген рұқсат немесе тыйымдар заң саласында нақты реттеліп, түсіндірілуі керек. Әйтпесе, ертең спортшылар трико мен олимпийка киюге тыйым салуды талап етсе ше? Спорт киімін киген адамның қылмыс жасамауына кепіл жоқ. Спортшылар бұл беделімізге кері ықпал етеді деп қабылдайды. Сол сияқты саусағынан бал тамған аспаздар үй шаруасындағы қыз-келіншектерге алжапқыш киюге тыйым салуы да ғажап емес.

Атырау облысы әскери полициясының бұл бастамасына қазақстандық танымал заңгер Жангелді Сүлейменов те таңғалды. Оның айтуынша, Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес, арнайы киімде азаматтың қандай да бір әскер түріне қатысты екенін анықтайтын погондар мен шеврондар болса ғана ол әскери киім болып есептеледі.

"Погоны жоқ камуфляжды киім – бұл әскери киім емес. Оны киюге рұқсат, ешқандай айыппұл салынбайды", - деді Жангелді Сүлейменов өзінің фейсбук парақшасында.

Заңгердің пікірінше, әскери полицейлердің қағидасына сүйенсек, мұндай тыйым салынатын киімдер қарасы көбейіп кетеді. Себебі, олардың қатарында қара және ақ түсті қолғаптар, қара бәтіңкелер, шәркей мен белдіктер бар.

Қарапайым халықтың әскери киім киюге құқығы бар ма, жоқ па, анықтау үшін интернеттен "Қазақстан Республикасының Қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №144 жарлығын тауып алып, екінші азат жолдағы мәтінге назар аударса жеткілікті. Мұнда "әскери киім нысаны – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген погондары бар нысанды киім (киім-кешек)" деп жазылған.

Сондықтан, атыраулық әскери полицейлердің жоғарыда көрсетілген талаптары қаншалықты заңды деген сұрақ туындайды. Оған заң тұрғысында былай жауап беруге болады: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 675-бабында айырым белгілері және (немесе) әскери форманың нышаны бар киімді заңсыз киіп жүру (пайдалану) жеке тұлғалар үшін бес АЕК – 13 890 теңге (шамамен 32 доллар) мөлшерінде айыппұл салуға, айырым белгілері және (немесе) әскери форманың нышаны бар әскери киімді тәркілеуге әкеп соқтыратыны айтылған.

Sputnik Қазақстан редакциясы Қазақстан қорғаныс министрлігінен Атырау облысы әскери полицейлерінің әрекетіне қатысты және олардың бұл талабы қаншалықты заңды екені жөнінде пікір білдіруді сұрады. Ресми жауап алған бойда оны жариялаймыз.   

0