АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Солтүстік Рейн – Вестфалия өңіріндегі Мербуш елді мекенінде екі пойыз соқтығысып, 50 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.
"Пойызда барлығы 155 адам болған. 41 адам жеңіл-желпі жарақат алған, үшеуі орташа ауыр хәлде, тағы үшеуі ауыр зардап шегіп, жәрдем алуда", — делінген Twitter желісіндегі хабарламада.
Бастапқыда құтқарушылар 41 адамның зардап шеккенін айтқан.