Шұжық

Ғалымдар шұжық пен сосискадан қатерлі ісік пайда болатынын анықтады

661
(Жаңартылды 20:42 04.01.2018)
Глазго университетінің мамандары жүргізген зерттеуге орта жастағы 260 мың әйел қатысты

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Ғалымдар өңделген етті тұтыну қатерлі ісіктің пайда болу қаупін арттыратынын анықтады, деп хабарлайды РИА Новости.

 Глазго университетінің мамандары жүргізген зерттеуге орта жастағы 260 мың әйел қатысты.

 Зерттеу барысында тіпті күніне тоғыз грамм ет өнімдерін тұтыну сүт безі қатерлі ісігінің даму ықтималдылығын 15 процентке арттыратыны белгілі болды. Яғни аптасына үш тілім бекон немесе екі сосиска жегеннің өзі осындай ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Қауіп өңделген өнімдерден болатыны анықталып отыр.  

Тиісті мәліметтер European Journal of Cancer журналында жарияланды. 

Бұдан бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары күніне 50 грамм өңделген ет жеу колоректальды (тоқ және тік ішек жолдары) қатерлі ісігінің пайда болу ықтималдылығын 18 процентке арттыратынын анықтаған болатын.      


661
Сәби

Танымал актер 90 жасында алтыншы рет әке атанды

5447
(Жаңартылды 11:21 27.01.2021)
Кичемасова ресми түрде некеге тұрған соң Красконың бесінші әйелі болады. Ал одан туған бала актердің алтыншы мұрагері атанды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Жақында 90-ға толған кеңестік және ресейлік актер Иван Краско алтыншы рет әке атанды. Бұл туралы "Первый каналдың" "На самом деле" ток-шоуына сілтеме жасай отырып, lenta.ru хабарлады.

Краско бағдарлама эфирінде өзінің қызы бар екенін айтты. Сәби 2020 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.

"Егер сүйіспеншілік болса, онда баланың тууына ешқандай кедергі болмайды", – деді актер.

Бағдарламада халық әртісінің зайыбы әрі баланың анасы ретінде Юлия Кичемасованың есімі аталды. Сонымен қатар, әйелдің жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болғаны белгілі болды.

Алдағы уақытта ерлі-зайыптылар некені ресми тіркеуге ниетті. Бір қызығы, Краско 30 жастағы Наталья Шевельге үйленгеніне қарамай, Юлиямен бірнеше жыл бұрын кездесе бастаған.

Кичемасова некеге тұрғаннан кейін Красконың бесінші әйелі болады. Ал одан туған бала актердің алтыншы мұрагері атанды.

Оқи отырыңыз: Фотодерек: 81 жастағы Асанәлі Әшімов Алматыда Наурыз мейрамын тойлап жүр

Айта кетейік, бұған дейін 90 жастағы актер Иван Красконың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны хабарланған. Оған ауруханаға жатуға кеңес берілген. Алайда, өкпесінің 45 пайызы зақымданғанына қарамастан ол ауруханаға жатудан бас тартты.

5447
Кілт сөздер:
мұрагер, актер
Тақырып бойынша
Асанәлі Әшімов: Қалекең құжатқа қол қоя білмейтін, тек бармағын басатын
"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Байжанов әке атанды
Белгілі тележүргізуші жаңа туған ұлының фотосын жариялаймын деп жаман әке атанды
Тәуекел Мүсілім тұңғыш рет әке атанды
Геннадий Головкин екінші рет әке атанды
Мұхамедқалы Абылғазиев

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі ұсталды

722
(Жаңартылды 10:08 27.01.2021)
Бұған дейін Абылғазиевке елден шығуға тыйым салынып, егер ол республикадан тыс жерге шығуға әрекет жасаса, дереу қамауға алынатыны ескертілген

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы премьер-министр Мұхаммедқалы Абылғазиев қамауға алынды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан ішкі істер министрлігінің ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Абылғазиев үлкен дау-жанжалдан кейін қызметінен кеткен болатын. Енді ұлттық қауіпсіздік комитетінің нұсқауымен ол қамауға алынды. Бұған дейін қаржы полициясы оның елден шығуына тыйым салған.

Ал егер бұрынғы премьер республикадан тыс жерге шығуға әрекет жасаса, бірден қамауға алынатыны ескертілген. Артынан жауап алу үшін шақырды. Бірақ ол кезде нақты қай іс бойынша жауап алынатыны туралы айтылмаған.

Сейсенбі, 26 қаңтарда Абылғазиевті тағы жауап алу үшін шақырды. Содан соң қамап тастады.

Былтыр күзде Қырғызстанның бас прокуратурасы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Олар пандемия кезінде заңсыз әрекет жасағаны үшін айыпталды. Оған экс-премьердің қатысы бар болып шықса, оны да жазалайды деген ақпарат тараған. Абылғазиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталып, алайда нақты қандай айыптың тағылғаны жарияланған жоқ.

Радиожиіліктерге қатысты дау

Абылғазиев радиожиіліктерге қатысты дау-жанжалдан кейін отставкаға кетуге өтініш жазды.

Былтыр мамыр айында мемлекеттік байланыс агенттігінің экс-басшысы Наталья Черногубова ұсталған болатын. Ол мемлекеттік ақпараттық технологиялар комитеті мен ұялы операторлардың бірімен сөз байласқаны үшін айыпталды. Артынан сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тағы бес адамның ұсталғаны белгілі болды. Олардың ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің бес қызметкері де бар.

Сол кезде Жогорку кенештің депутаты Жанар Ақаев үкіметтің екі радиожиілікті арзан бағаға сатып жібергенін мәлімдеді. Оның ойынша, премьер-министр Мұхаммедқалы Абылғазиевтің рұқсаты болмаса, ондай келісімді рәсімдеу мүмкін емес. Ақаев мемлекетке келген шығында 5 миллиард сомға (58,9 миллион доллар) бағалады. Абылғазиев көп ұзамай, тергеуге қысым жасады деген айыптар болмасын деп, қысқа мерзімді демалысқа шығып кетті.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанның жаңа президенті алғашқы сапарын қай елден бастайтыны белгілі болды

Ал маусым айында осы іске қатысы бар деген күдікпен "Ала-ТВ" компаниясының құрылтайшысы ұсталды деген ақпарат шыққан. Дәл осы компанияның радиожиіліктері ұялы байланыс операторына сатылды. 

15 маусыда Мұхаммедқалы Абылғазиев осы іске қатысым жоқ деп, отставкаға кетуге өтініш жазды. Осылайша, ол 19 күнге созылған демалыстан кейін бірден жұмыстан кеткен болатын.

722
Кілт сөздер:
ұстау, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Павлодар облысында Қырғызстанның екі азаматы үсіп қала жаздады
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Тоқаевқа алғыс білдірді
Қырғыз елінің жаңадан сайланған президенті Қазақстан халқына алғыс айтты
Қырғызстан барлық шетелдікке елге кіруге рұқсат етті
Қырғызстан президентінің инаугурациясына қарапайым азаматтар қатысады

Қытай пандемияға қатысты жасырын ақпарат жариялады

53
(Жаңартылды 16:15 27.01.2021)
Сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласына барған халықаралық сарапшылар ғылыми зерттеу кезінде кінәлі адамдарды табуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлады NBC News арнасы.

Сюжет жасаған тілшілер өткен жылы көктемде Ухань қаласындағы вирусология институтының ғылыми базасын жойып тастағанын анықтады. Ол жерде 20 мың жазба болған. Ал осы материалдардың негізінде қытайлық мамандардың пандемияға дейін немен айналысқанын білуге болатын еді. Зертхананың лауазымды тұлғаларының біреуі ондай шешім "қауіпсіздік мақсатында" қабылданғанын айтты.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан барған сарапшылардың біреуі қытайлықтар бұған дейін жарияланбаған ақпарат ұсынғанын мәлімдеді. Бірақ сарапшылар тобы оны алдымен жан-жақты зерделеп шығуы тиіс.

"Бұл, шынымен де, саяси астары бар ғылыми сапар және ол кінәлі адамдарды табуды көздейді. Әйтсе де, ғылымға басымдық беріледі. Себебі нақты мәліметтер алдамайды", - дейді сарапшы Питер Дасцак.

Дегенмен, танымал қытайлық вирусологтар инфекцияның өз жерінде шыққанымен келіспейді. Олардың ішінде Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас эпидемиологы У Цзунью да бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның сарапшылары ондай қорытынды жасау әлі ерте екенін айтып отыр. Себебі зерттеу жұмыстары аяқталған жоқ. Алайда кейбір ғалымдар жаңа вирустың Қытайдан шыққанына сенімді.

"Біз пандемияның Уханьдағы аурудың өршуінен басталғанын сеніммен айта аламыз", - дейді биолог-эволюционист Трэвор Бедфорд.

Осы орайда сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды. Соған қарамастан, ДДҰ-ның сарапшылар тобы вирустың шығу жерін әлі де зерттеу керек дейді.

53
Кілт сөздер:
коронавирус, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берілді
"Бұл біздің уәдеміз": Қытай елшісі COVID-19-ға қарсы вакцина туралы айтты
Қытай азаматтары COVID таратты деген ақпарат жарияланды – министрлік не дейді   
Қытай мен Қазақстан азаматтарынан құралған қылмыстық топ сотталды – видео
Twitter ұйғырлар туралы жазбадан кейін Қытай елшілігі парақшасын бұғаттады