МРТ

Ғалымдар адам бойының өмірге қауіпті аурумен қандай байланысы барын айтты

193
(Жаңартылды 19:40 16.02.2018)
Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, адам бойының өмірге қауіпті аурумен қандай байланысы барын анықтады

АСТАНА, 16 ақпан — Sputnik. Бала кезінде бойы кішкентай болған адамның ересек кезінде инсультқа шалдығу қаупі зор. Копенгаген университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келген, деп жазады РИА Новости Science daily басылымына сілтеме жасап. 

Генетиктер 1930-1989 жылдар арасында туған 300 мың адамның 7-13 жас бала кезіндегі денсаулығына қатысты деректерді зерттеген. Зерттеу кезінде анықталғандай, орташа көрсеткіштен 5-7 сантиметрге бойы кішкентай болған адамдар есейген кезде 11 пайызға ишемиялық инсультпен жиірек ауырған. 

Ғалымдардың айтуынша, адамның бойына генетика, сондай-ақ ана мен баланың тамақтануы, инфекциялар мен стресс секілді факторлар әсер етеді. Осы факторлардың кейбіреуінің инсульттің пайда болу қаупіне ықпалы бар, деп есептейді зерттеушілер. 

"Біздің зерттеу көрсеткендей, баланың аласа бойы инсульттің жоғары қаупінің маркері болуы мүмкін, сондықтан бұл балалар алдағы өмірінде инсульттің пайда болуына әсер ететін факторларға қосымша көңіл аударуы қажет", — дейді зерттеу авторларының бірі доктор Дженнифер Бейкер.

 

193
Кілт сөздер:
адамның бойы, қауіпті ауру, ғалымдар
Вакцина, архивтегі фото

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпеден кейін 60-қа тарта адам көз жұмды

6
(Жаңартылды 10:33 29.10.2020)
Бірақ елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өліміне вакцинаның қатысы жоқ екенін мәлімдеп,  процедураны жалғастыруға бел буды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы вакцинациядан кейін 60-қа жуық адам қайтыс болды.

Бірақ үкімет осы процедураны жалғастыруға бел буып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінде науқастардың өлімін вакцинамен байланыстырмайды, деп хабарлады "Хабар 24".

Дәрігерлердің айтуынша, вакцинациядан кейін қайтыс болғандардың барлығы, 17 жастағы пациенттен басқа, егде жастағы адамдар.

Денсаулық сақтау министрі оңтүстікореялықтарды екпеден қорықпауға шақырды және өзі осындай процедурадан өтті. Ол тек Кореяда жыл сайын үш мыңға жуық адам маусымдық тұмаудан қайтыс болатынын еске салды. Халық арасында вакцинацияға деген сенімсіздік осы айда тұмауға қарсы вакцинаның 1 миллионнан астам дозасы дұрыс сақталмау және пайдаланбау себептерін алып тастағаннан кейін туындады.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды 

Ел үкіметі ақысыз вакцинация бағдарламасы жыл соңына дейін жалғасатынын айтты. Себебі маусымдық тұмау эпидемиясы COVID-19 бен күресті қиындатуы мүмкін. Вакцинаны тегін ала алатын 19 миллион Корея Республикасы азаматтарының 56%-іне екпе жасалды.

"Денсаулығы жақсы адамдарға ғана тұмауға қарсы екпе алуды ұсынамыз. Вакцинациядан кейін ауруханада 30 минут болу керек, адам өзін жақсы сезінген жағдайда кетуіне болады. Тұмау мен СOVID-19 эпидемиясының бірлесіп таралуы твиндемия деп аталады, сондықтан вакцинациялауды ұсынамыз. 70 жастан асқан және жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар қауіпті топта. Вакцина алудан гөрі маска кию маңызды екенін баса айтқым келеді. Қолды мұқият жуып, дезинфекциялау керек. Жөтелген кезде аузыңызды қолмен жабыңыз", - дейді Тэгу қаласы алдын алу шаралары басқармасының басшысы Мин Пок Ки.

6
Кілт сөздер:
Оңтүстік Корея, вакцина
Тақырып бойынша
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында карантин күшейтіледі
Министр жазда коронавируспен ауырып шыққандарға сақ болуға кеңес берді
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды

Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды

939
(Жаңартылды 08:45 29.10.2020)
Франциядағы карантин 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Билік азаматтардан үйде болуға және өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауға шақырды, елде жүріп-тұруға шектеу енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Францияда өзін-өзі оқшаулау режимі коронавирус эпидемиясының екінші толқыны аясында 30 қазаннан бастап енгізіледі, деп мәлімдеді ел президенті Эммануэль Макрон халыққа телеүндеуінде.

Оның айтуынша, өзін-өзі оқшаулау режимін қайта енгізу вирустың таралуын тоқтатуға мүмкіндік береді. Карантин бүкіл Франция аумағында енгізіліп, 1 желтоқсанға дейін жалғасады, деп жазды РИА Новости.

Мектептер жабылмайды, жұмыс жалғасуы мүмкін және қарттар үйіне баруға рұқсат етіледі. Алайда азаматтар үйден аса қажетті заттарды сатып алуға, жұмысқа және жақын адамдарына баруға ғана шыға алады. Үйден шығу үшін көктемдегідей жазбаша куәлік қажет.

​Маңызды қажеттіліктер тізіміне енбеген мейрамханалар мен барлар, сауда орындары жабылады. Президент сонымен бірге көпшілік жиналысқа тыйым салынатынын баса айтты.

"Бір өңірден екінші өңірге бара алмайсыздар", - деп жалғастырды ол.

Бейсенбіде үкімет өзін-өзі оқшаулау режимінің жоспарын егжей-тегжейлі баяндайды.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында карантин күшейтілді 

Сондай-ақ, Франция басшысының айтуынша, Шенген аймағының сыртқы шекаралары жабық болады.

Айта кетейік, Францияда алғаш рет карантин наурыз айында енгізіліп, екі айға созылды.

Франциядағы коронавирус

Францияда COVID-19 эпидемиясы басталғаннан бері вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 1,2 миллион адамға жуықтады, 35 мыңнан астамы қайтыс болды. 25 қазанда тағы бір антирекорд тіркелді – бір тәулікте 52 мың адамнан коронавирус табылды.

939
Кілт сөздер:
карантин, Франция
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады
Қазақстанда бір қала мен екі өңірде карантин күшейтілді – не өзгерді
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады