Өзен жағасында отырған қыздың бейнесі

Бұрынғы үкімет басшысы тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді

719
(Жаңартылды 08:52 23.02.2018)
Италиялық саясаткер, миллиардер Сильвио Берлусконидің қалжыңы дүниежүзіне таралып кетті

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Италия үкіметінің бұрынғы басшысы Сильвио Берлускони британиялық тережүргізушіге қалай тұрмысқа шығуға болатынын айтып берді, деп жазды РИА Новости. 

81 жастағы саясаткер қыздардың тұрмысқа шыға алмауын олардың қолды қатты қысатынымен байланыстырады.  

"Қолды қатты қыспа! Әйтпесе "мына қыз мені ұрып жығады" деп ойлап қалып, ешкім сені әйел етіп алмайды", — деді ол журналиске.  

"Тұрмысқа шыққансың ба? Жоқ? Көрдің бе, енді білетін болдың. Демек, бұл сенің өміріңдегі ең маңызды кездесу болды", — деп түйіндеді Берлускони.

Сильвио Берлускони күлкілі әңгіме айтудан алдына жан салмайды. Мысалы, 2008 жылы ол Барак Обаманы "жас, әдемі және күнге жақсы күйген президент" деп атаған.   


719
Кілт сөздер:
үйлену тойы, қыздар, Сильвио Берлускони
Көксеңгір аспанда ұшып бара жатқан ұшақ

АҚШ Ашық аспан келісіміне қайта орала ма

20
АҚШ "Ашық аспан" келісімінен (ААК) шығу туралы хабарланған күннен бері алты айлық мерзім аяқталды. Вашингтон енді "Ресей жылдар бойы ашық түрде қағидаларын бұзып келген" келісімге қатыспайды

Трамп әкімшілігі "қарсыластарға ұлттық қауіпсіздік құнымен басымдық беріп келген" ескірген келісімдерден елді шығарып отыр деп санайды. Енді Мәскеу келісімге мүше басқа мемлекеттерден міндеттемелерді орындау кепілдігін талап етуге бекініп отыр. Байденнің командасы Америка аспанын қайта ашады деген үміттің жүзеге асуы қаншалықты ақиқатқа айналатынына қатысты РИА Новости арнайы мақала жариялады.

Ақ үйдің Мәскеуге айтқан басты наразылықтарының бірі Оңтүстік Осетия, Абхазия, Шешенстан және Калининград секілді аудандарда инспекциялық ұшуларды орындауға тыйым салуына қатысты болды. Америкалықтар бұған жауап ретінде Аляска мен Тынық ауданындағы аралдардың аспанын жауып тастады.

2002 жылғы келісімшартқа сәйкес, 35 ел бір-бірінің аумағында барлау мақсатындағы ұшуларды орындай алады. Алынған мәліметтер барлығы үшін қолжетімді. Бұл ұшуларды орындау кезінде ұшақтарда қару болмайды, видео түсіретін аппарат алдын ала тексеріледі, ал әуе кемесінің бортында инспекция жүргізілетін елдің өкілі болады.

2019 жылы ААК аясында 1,5 мыңнан астам осындай ұшулар орындалды. Бірақ бақылау мен елдер арасындағы сенімді нығайту жалғыз мақсат емес. Мұнда саяси нышан да бар. Мысалы, Донбастағы қақтығыстан кейін АҚШ Украинаның шығыс бөлігінде ұшулар орындап, Киевке қолдау білдірді.

Кремль бұл келісімді өзара сенім мен қару-жарақты бақылаудың өте маңызды факторы деп санайды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ-тың келісімнен шығуы оны "өмір сүруге қабілетсіз" еткенімен, Мәскеу бірнеше талаптар бойынша құжат ережелерін сақтайтынын мәлімдеді.

Біріншісі – Еуропа елдері өз ұшуларының мәліметтерін АҚШ-қа жолдамайтынына кепілдік береді. Екіншісі – ресейлік ұшақтар Еуропадағы америкалық нысандарға инспекция жүргізе алады. Әзірше ешбір мемлекет кепілдік ұсынған жоқ. Бұл Мәскеудің титығына тиіп жатқаны анық.

АҚШ-тың ААК-тан шығуы Вашингтонның Еуропадағы одақтастарына соққы болып жатыр. Америкалық ұшақтар жинақтаған мәлімет олар үшін маңызды. Еуропа елдерінің бірқатары Вашингтонның бұл шешіміне қатысты өкініш білдірді.

"Ресей тарапынан ережелерді сақтау бойынша бірқатар қиындықтар туындағанын түсінеміз. Бірақ бұл келісімнен шығуға себеп емес секілді", – деді Германия СІМ басшысы Хайко Маас.

Францияның сыртқы саяси ведомствосында АҚШ Мәскеудің келісімді бұзғаны туралы дәлелдер келтірмегеніне назар аударды. Испания, Бельгия, Финляндия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Чехия және Швецияның бірлескен мәлімдемесінде ААК "жұмыс жасайтын және пайдалы" құжат түрінде қалатынын атап өтті.

Штаттард бұл мәселеде бірауызды пікір жоқ. Мысалы, сенаттың халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің мүшесі Роберт Менендес Ақ үйдің іс-әрекетін былай бағалайды: "Президент Трамп заңды ашықтан-ашық елеместен, президенттік сайлауда жеңіліп қалғаннан кейін де саяси себептермен біржақты тәртіпте келісімге мүшеліктен шығып кетті".

Дональд Трамп президент болған төрт жыл ішінде бүкіл әлем оның қару-жарақты бақылауға еш құлқы жоқ екенін түсінді. 2018 жылы Америка көшбасшысы 2015 жылғы Бірлескен жалпыға ортақ іс-қимыл жоспары – Иранның ядролық келісімінен шығатынын мәлімдеді. Бұл жолы Тегеран келісім қағидаларын сақтамайды деген себепті желеу етті.

Бір жылдан кейін Рональд Рейган мен Михаил Горбачев қол қойған орташа және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандар туралы келісімшарт та дәл осындай күй кешті.

2020 жылы әкімшіліктегі ақпарат көздері ядролық сынақтар мәселесі Ақ үйде 1992 жылдан бері алғаш рет талқыланғанын хабарлады. Мұнымен АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Францияға қатысты мораторийді бұзған болар еді.

2010 жылғы Шабуылдық стратегиялық қаруландыру (ШСҚ-3) туралы келісімшарт тағдыры да белгісіз. Келіссөздердің екінші кезеңі қыркүйекте аяқталды. АҚШ Ресейге бірқатар талап қойды. Оның ішінде келісімге Қытайды қосу бар. Ақпан айында аяқталатын ШСҚ-3 құжатын әрі қарай созу екіталай көрінеді.

Кейбір сарапшылар Байденнің Ашық аспан жөніндегі келісімге қайта оралғаны дұрыс деп санайды. Бірақ ЖЭМ ҰЗУ Еуропалық және халықаралық кешенді зерттеулер орталығы директорының орынбасары Дмитрий Суслов мұның орындалуының ықтималдылығы төмен екенін айтады.

"АҚШ соңғы онжылдықта қару-жараққа бақылау жүргізу жөніндегі өзі шыққан келісімге қайтадан мүше болмайды. Бұл бір дәстүр секілді қалыптасып үлгерді, – деді Дмитрий Суслов. – Оның үстіне, ААК бойынша Ресейге наразылықтар көп жыл бұрын, Обама президент болған кезде туындаған еді. Ақ үй, Пентагон және барлау қауымдастығы арасында Мәскеу құжат талаптарын бұзып жатқаны және оны сақтамайтыны туралы консенсус бар".

Сарапшының айтуынша, келісімге қайта оралу конгрестің жоғарғы палатасымен шешімді ратификациялауды талап етеді. Ол республикашылдардың бақылауында қалуы ықтималдығы жаңа проблемалар туындатуы мүмкін.

Байден алдыңғы президенттің шешімін өзгерткісі келсе де. Бұл уақытты қажет етеді.

"Оның үстіне қазір Трамп қосымша кедергілер туындатып жатыр. Көп уақыт бойы конгресс республикашылдардың әрекетіне байланысты ұшақтарды модернизациялауға қаражат бөлген жоқ. Бұл ААК-ты құлдыратуға бағытталған болатын. Бақылауға қабілетті ұшақтар болмаса, құжатқа қайта оралу мүмкін емес", – дейді басымдықтарды басқару шешімдері орталығының бас сарапшысы Олег Шакиров.  

Шакировтың пікірінше, Байденнің креслосына кім отыратынын да ескеру керек. Себебі, сыртқы саясат бойынша бұрынғы кеңесші Майкл Карпентер АҚШ-тың ашық аспан келісіміне мүше болуына қарсылық білдірген. Еуропамен сенімді қарым-қатынасты қалпына келтіру Байденнің басты ұстанымы болғандықтан, АҚШ ААК-ке бірден болмаса да, одақтастары үшін біршама уақыттан кейін қайта оралуы да әбден мүмкін.

20
Кілт сөздер:
Ресей, АҚШ
Ат, архивтегі сурет

Мейрамханаға атпен кірді: жас жұбайлардың видеосы қызу талқыланып жатыр

539
Бұған дейін қазан айында жас жұбайлардың достары мен туыстары көшеде би билеу үшін жолдарды жапқан

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша - Sputnik. Өзбекстанда жас жұбайлар тойды ерекше өткізу үшін мейрамханаға атпен кірді.

Желіде осы тойдың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Кейбір желі қолданушылары той Самарқанд ауданында болғанын жазып жатыр. 

Бұған дейін қазан айында үйлену тойын өткізу үшін Самарқандта жолдарды жапқан. Олардың достары мен туыстары көшеде би биледі.

Оқиғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Эпидемиямен күрес ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлейді.

539
Кілт сөздер:
видео, үйлену тойы, ат, Өзбекстан
Тақырып бойынша
"Мамамды шақырыңдар": Орал тұрғыны үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды
"Ойлаған жоқпын": Қазақстандағы үйлену тойы желіде қызу талқыланып жатыр – видео
Үйлену тойының фотосессиясы кезінде бірнеше адам көз жұмды: арасында қалыңдық та бар
Қалыңдықтың үйлену тойында жасаған әрекеті қайғылы жағдайға әкеп соқты
Үйлену тойына дайындалып жатқан отбасы қара жамылды: ауыл тұрғындары не дейді
Зертхана, архивтегі фото

Қанша облыс коронавирустың "қызыл" аймағында тұр

13
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары  "қызыл" аймақта қалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республикада вирус жұқтырғандар саны 3,7 есеге өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қатаң шектеу шаралары енгізіліп жатқан "қызыл" аймақта 5 өңір қалып отыр. Олар Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары. Өткен аптамен салыстырғанда үш өңір – Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары "сары" аймақтан "қызылға" өтті", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, "сары" аймақта – Алматы қаласы, ал қалған өңірлер "жасыл" зонада тұр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады – министр 

Министр қарашада қазан айымен салыстырғанда республикада вирус жұқтыру 3,7 есеге өскенін атап өтті. Бұл "қызыл" аймаққа енген 5 облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауымен байланысты.

Цойдың айтуынша, карантиндік шараларды күшейткеннің арқасында Шығыс Қазақстан облысында қарашаның екінші онкүндігінен індетке шалдығу деңгейі төмендеп келеді.

13
Кілт сөздер:
карантин, коронавирус
Тақырып бойынша
Алматыда оқушылардың коронавирусты қалай жұқтырып жатқаны белгілі болды
Пандемия басталғалы Атырау облысында бас санитар дәрігер 7 рет ауысты
Павлодар ауруханасына ескі аппарат сатқан компанияны полиция тексеріп жатыр
Облыс әкімі Тоқаевтың сынына жауап берді