Әлем

Англияның Лестер қаласындағы жарылыстан алты адам зардап шекті

© REUTERS / Darren StaplesЖарылыс
Жарылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала полициясы оқиғаның теракт емес екенін айтты

АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Англияның Лестер қаласындағы жарылыстан алты адам зардап шегіп, ауруханаға түсті, екеуі ауыр хәлде жатыр, қалғандары жеңіл-желпі жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости қала ауруханасының өкілдеріне сілтеме жасап.

Жақында БАҚ және әлеуметтік желі қолданушылары Лестердегі жарылыс туралы мәліметті тарата бастаған: жарияланған сурет пен видеода лаулап жанған үй мен қалың түтін көрінеді. Кейінірек төрт адамның зардап шегіп, ауруханада әл үстінде жатқаны хабарланды.

​Лестер полициясы оқиғаның теракт емес екенін айтады.


Жаңалықтар
0