Әлем

БАҚ: Алжирде екі жүз адам мінген әскери ұшақ құлады

© AFP 2024 / LIU JIN Ұшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, ұшақ Буфарик әскери аэродромына жақын жерде құлаған

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Алжирде әскери ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

РИА Новости "Аль-Хадас" телеарнасына сілтеме жасап хабарлағандай, апат салдарынан 200 жолаушы қаза табуы мүмкін.

Ұшақ Блида профинциясындағы "Буфарик" аэродромына жақын жерге құлаған.

​ Alg24 деректеріне сүйенсек, Ил-78 ұшағы апатқа ұшырапты.

Қайғылы оқиға орнына 14 жедел жәрдем көлігі аттанды. Жақын жолдарда қозғалыс шектелген.

Жаңалықтар
0