Әлем

АҚШ тілшілері Думадағы химиялық шабуылды растайтын еш айғақ таппады

© AFP 2024 / Abdulmonam EassaСирия
Сирия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық телеарналардың бірінің тілшісі химиялық шабуыл болған жерге барып, зардап шегушілер жеткізілген ауруханаға кіріп шықты

АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. One America News Network телеарнасының тілшілері Сириядағы Дума қаласына барып, химиялық қарумен жасалған шабуылға еш айғақ таппады.

Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сирияға жасалған шабуыл: Путин мәлімдеме жасады

Бұдан бұрын, 7 сәуірде химиялық қарумен шабуыл жасалғанын бірқатар қоғамдық ұйым хабарлап, шабуылдарға Сирия билігі жауапты дегенді алға тартқан болатын. Бұл айыптаулардың салдарынан АҚШ, Ұлыбритания және Франция химиялық қару қолданылды деген сириялық нысандарға соққы жасады. РФ қорғаныс министрлігі мәлімдегендей, Думада ешқандай шабуыл іздері анықталмаған, ал видеолар қолдан жасалған болып шықты.

Телеарнаның тілшісі Писрон Шарп тікелей эфирде айтқандай, ол химиялық шабуыл жасалды деген жерге барып, жергілікті тұрғындармен сөйлескен, алайда ешқайсысы оқиғаның шын мәнісінде болғанын растамапты.

"Шабуыл болды деген ауданда тұратын он шақты тұрғынмен сөйлестім. Адамдардың ешқайсысы химиялық қарумен шабуыл жасалғанын көрген де, естіген де жоқ екен. Олардың айтуынша, сол күні ауданда ешқандай оқиға болмаған", — дейді Шарп. 

Ол тағы 40-50 адамнан сұрастырып көргенімен, қалада химиялық шабуыл жасағанын ешкім де растамапты.

Сирия - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сирияға тағы да зымыран шабуылы жасалды

"Олардан бұл қандай шабуыл болды екен деп сұрағанымда, сол кезде қалада болған содырлардың ойлап тапқаны деп жауап берді… Неге десем, содырлар әбден тығырыққа тіреліп, сириялық әскерден құтылу үшін осындай қулыққа баруға мәжбүр болған дейді", — деп атап өтті тілші.

Сондай-ақ, тілші содырлардың бақылауында болған, видеода зардап шеккендер жеткізілген ауруханаға кіріп шыққан.

Сұхбат барысында дәрігерлердің бірі айтқандай, сол күні бөлмеге белгісіз біреулер басып кіріп, химиялық шабуыл болды деп айғайлаған. Олар зардап шеккендерді алып келіп, үстілеріне су шаша бастапты… Дәрігерлер адамдарға көмек көрсетіп жатқандай, әлгілер болған жайттың бәрін видеоға түсіріп тұрған.

Куәгерлерге сілтеме жасай отырып, тілшінің хабарлауынша, белгісіз адамдар видеоны түсіріп алған соң, "жиналып, кетіп қалған".

Жаңалықтар
0