Әлем

Фотофакт: Испанияда Трамптан аумайтын әйел табылды

© AP Photo / Manuel Balce CenetaДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық президентке қатты ұқсайтын әйелдің суретін тілші жариялаған

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Испаниялық әйел Долорес Лейс АҚШ президенті Дональд Трамптан айнымайтындығының арқасында Желіде танымал болды.

Әйелдің суретін La Voz de Galicia басылымы тілшісі Паула Васкес жариялапты.

​64 жастағы әйел Нантон аймағында тұрады екен, деп жазады Sputnik International. Паула Васкес америкалық президенттің "егізі" Лейске арнайы бармаған, сол аймақтың тұрмыс-тіршілігі туралы материал жасамақ болыпты.

"Шашымның түсі ұқсайтын сияқты", — деп пікір білдірді аяқ асты танымалдыққа ие болған Лейс.

Долорес Лейс интернет жұлдызы атанғанын немерелерінің арқасында біліпті. Әйтпесе, ұялы телефоны жоқ, әлеуметтік желілерді де пайдаланбайтын көрінеді.

Жаңалықтар
0