Әлем

Ким Чен Ын әйелін суретке түсіргісі келген журналисті итеріп жіберді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуКХДР лидері Ким Чен Ын
КХДР лидері Ким Чен Ын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік пен Солтүстік Корея басшылары алғаш рет келіссөз үстеліне отырып, бейбітшілікті сақтау мәселелерін талқылады

АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. КХДР лидері Ким Чен Ын әйелі Ли Соль Чуді суретке түсірмек болған фотографты итеріп жіберді. Ролик Youtube-те жарияланған. 

Ким Чен Ын - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қос Корея басшылары шекара сызығында кездесті

Fox News атап өткендей, оқиға 27 сәуір күні қос Кореяның шекарасындағы "Бейбітшілік үйінде" өткен қабылдау салтанатында болды. Видеодан байқағанымыздай, фоторепортер әйелдердің жолын кес-кестеп, оларды суретке түсіріп алмақшы болған. Дәл сол сәтте Солтүстік Корея лидері журналисті шетте тұрған әріптестеріне қарай итеріп жіберді, деп жазады РИА Новости. 

Айта кетсек, Ким Чен Ын соңғы 65 жылда Оңтүстік Корея жеріне аяқ басқан КХДР-дың алғашқы басшысы болып отыр. Солтүстік Корея лидері Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездесіп, корейаралық саммитке қатысты. Солтүстік Корея басшысы келіссөздер тарихында алғаш рет шараға әйелімен бірге келді. 

Кездесу қорытындысы бойынша бейбітшілікті сақтау, ядролық қарусыздануға қол жеткізу және Корея түбегінде ынтымақтастықты дамыту жолдары туралы бірлескен декларация қабылданды.

Жаңалықтар
0