Әлем

Жас ана селфиге түсемін деп баласын өлтіріп алды – видео

CC0 / Michal Jarmoluk / Сауда үйіндегі эскалатор
Сауда үйіндегі эскалатор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайғылы оқиға Үндістандағы сауда үйінде болды

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Үндістанда әйел сауда үйіндегі эскалатордан 10 айлық қызын құлатып алды. Салдарынан сәби сол жерде көз жұмған, деп хабарлады РЕН ТВ.

Видеожазбадан баласын иығына алған әйел күйеуімен бірге эскалаторға мінген сәті көрінеді. 

Куәгерлердің айтуынша, күйеуі оған селфиге түсуін өтінген – әйел қас-қағым сәтте тепе-теңдікті жоғалтып, баласын құлатып алған.   

Супермаркетке келушілер мен ата-анасы жанұшыра көмекке жүгіреді, алайда бәрі кеш еді, сәби алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.


Жаңалықтар
0