Әлем

Трамп өзінің туған күнінде демалыс алды

© REUTERS / Carlos BarriaДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дональд Трамп АҚШ президенті ретінде туған күнін екінші рет тойлап жатыр

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің туған күнінде демалыс алды. Бұл туралы Ақ үйдің кестесінен білуге болады.

"Президенттің жоспарланған іс-шаралары жоқ", — делінген кестеде. Сәрсенбі күні таңертең ерте Сингапурдан ұшып келген соң Трамп демалған болатын. Онда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездескен еді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бейсенбі күні Трамп 72-ге толады. Ол АҚШ президенті болып сайланған ең қарт адам. 

Трамп 1946 жылы 14 маусымда Нью-Йорктің Куинс округінде дүниеге келген.

Жаңалықтар
0