Әлем

Жыныс мүшесіне қызық үшін сым тығып көрген жасөспірім масқара болды

© Sputnik / Болат ШайхиновТелефон қуаттағыш құрылғы
Телефон қуаттағыш құрылғы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыныс мүшесіне 20 сантиметр сым тыққан жасөспірімге операция жасалды

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. "Қызықұмар" жасөспірім смартфонның қуаттағыш сымын жыныс мүшесіне тығып көріп, операциямен алдыртуға мәжбүр болды деп хабарлайды Sputnik Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.

қолымен бетін жапқан кішкентай қыз - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жоғалып кеткен 7 жасар қыз тоңазытқыштың ішінен өлі табылды

Осы жайтқа тап болған 13 жасар жасөспірімнің есімі жарияланған жоқ. Ер бала өзгелердің сөзіне еріп, 20 сантиметр USB кабелін жыныс мүшесіне тығып көреді. Бірақ, өкінішке қарай, қайта ала алмаған. 

Ата-анасы баланы Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясындағы жергілікті ауруханаға алып барады.  Дәрігерлер сымды алып шығу үшін май жаққан көрінеді.

Соған қарамастан, сымды шығару мүмкін болмай, жасөспірімнің жанына батып ауырған соң, келесі күні Харбин балалар ауруханасына ауыстырылыпты. 

Дәрігерлер мән-жайды түсіндіргендей, ер бала сымның бір ұшын кесіп, жыныс мүшесіне тығыпты. 

Жезөкше бойдақ жігіттерге қасақана ВИЧ жұқтырғаны анықталды

"Сым қуығына жеткенде, байланып қалған. Сөйтіп, ол кері тартып шығармақ болғанда, тіреліп алынбай қойыпты", — дейді дәрігерлер.

Жасөспірімге операция жасаудан басқа амал болмапты. 

Баланың өзі бұл қылығын "қызық болған соң" істеп көрдім деп түсіндіреді. Ол операциядан кейін екі апта өткен соң 3 шілдеде ауруханадан шықты.

Астанада жағажайда қыздырынып жатқан қыздың суреті жұрттың ашуына тиді

Ақтөбеде "Алтын белгі" иегері мектеп оқушысын пышақтап өлтірді

Жаңалықтар
0