Мексикада ұшақ апатынан 100-ге жуық адам зардап шекті

Ұшақ апатқа ұшырады: 100-ге жуық жолаушы зардап шеккен

318
(Жаңартылды 13:58 02.08.2018)
Ұшақ апатынан зардап шеккендер әртүрлі дәрежеде күйік, жарақат алып, есеңгіреп қалған

АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Мексикада Мехикоға бара жатқан Embraer 190 ұшағы Дуранго қаласы әуежайында апатқа ұшырады.

Ауа райы қолайсыздығы ұшақтың ұшуына кедергі жасаған – қатты дауыл соғып тұрыпты. Ұшқыштар сапарды тоқтатуға шешім қабылдап, жерге қонған кезде, ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен, РИА Новости.

Төтенше оқиға салдарынан өрт басталып, жолаушылар мен экипаждың басым бөлігі ұшақтан өздері шығып үлгеріпті.

Тағы оқыңыз: Алматы әуежайында төтенше жағдай болды

Ұшақ он жылдан бері пайдаланылып келе жатыр екен.

Кейінірек билік өкілдері хабарлағандай, Aeromexico ұшағынан зардап шеккен 98 жолаушы ауруханада жатыр.

"Ұшақта болған барлығы 103 жолаушының 101-і қайда екені анықталды, 98-іне ауруханада медициналық жәрдем көрсетіліп жатыр. Әуежай жұмысын қайта бастады", — деп жазды Мексиканың байланыс және көлік министрі Херардо Руис Эспарса Twitter парақшасында.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен жолаушылар әртүрлі дәрежеде күйік, жарақат алып, есеңгіреп қалған.

318
Кілт сөздер:
ұшақ апаты, жолаушылар, зардап шеккендер, Мексика
Тақырып бойынша
Стамбул әуежайында екі ұшақ соқтығысты – видео
АҚШ-та әскери ұшақ көліктер жүріп жатқан жол үстіне құлады - видео
Сирияда ресейлік әскери ұшақ апатқа ұшырады
Алжирде ұшақ апатқа ұшыраған жерде 247 адамның денесі табылды
Мұнай өндірісі

Сарапшылар мұнайды қайта өңдеуге қатысты ой бөлісті

22
(Жаңартылды 11:35 05.12.2020)
Пекин бензин мен дизель отынына басымдық беріп, мұнайды өңдеу қуатын арттыруда. Келесі жылы-ақ аспанасты елі бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-ты басып озады

Америкалықтар ЖІӨ бойынша да кейіндеп қалады деген болжам бар. Алайда, аналитиктердің айтуынша, пандемияның екінші толқыны қытайлықтарға кедергі келтіруі мүмкін.

ҚХР Мемлекеттік статистика бюросының мәліметтері бойынша, қазан айында елде мұнай өңдеу екі жарым процентке артып, тәулігіне 14,09 миллион баррельді құрайтын тарихи рекордқа қол жеткізген. АҚШ-та қыркүйекте бұл көрсеткіш небәрі 13,5 миллионды құрады.

Қытайлықтар мұнымен тоқтамақ емес. Халықаралық энергетикалық агенттіктің қараша айындағы баяндамасында келесі жылдың соңында екі жаңа мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) іске қосылатыны айтылған. Бұл жоспар 2023 жылға қарай орындалады деген болжам бар болатын.

Жалпы қуаты тәулігіне 1,2 млн баррельді құрайтын тағы төрт кәсіпорын салынып жатыр. Мәселен, бүкіл Ұлыбританияда осы көлемде мұнай өңделеді.

Қытай бірнеше ондаған жылдар бойы бензин мен дизель отынына тұрақты өсіп жатқан сұранысты қанағаттандыруға тырысып келеді.

"2000 жылдан бастап мемлекет мұнай өнімін өндіруді үш есеге арттырды. 2025 жылға қарай мұнай өңдеу тәулігіне 20 миллион баррельге жетеді", - дейді Теле Трейд ақпараттық-талдау орталығының бас экономисі Марк Гойхман.

Ол АҚШ өткен ғасырдан бері ұстап келген көшбасшылық тізгінінен 2021 жылы-ақ айырылады деген пікір білдірді.

Мұнай бағасынан кейін құлдыраған төменгі шекте болу салдарынан америкалықтар мұнай өңдеу зауыттарын жабуда. Биыл қара алтын төменгі баға деңгейлерін бірнеше рет жаңартты. Мысалы, 18 наурызда Brent маркасы 15 процентке арзандап, 2003 жылдан бері алғаш рет бір баррелі 24,52 доллардан сатылды.

Жанармайға деген әлемдік сұраныс та төмендеді. Сондықтан, мұнай өңдеу рекордтық 1,7 миллион баррельге дейін төмендеді. Мұндағы басым бөлігі америкалық зауыттарға тиесілі.

"Кейбір зауыттар жабылып жатыр. Ал басқалары жаңарту мен қалпына келтіру үшін инвестицияларды талап етіп отыр. Себебі, АҚШ-тың мұнай өңдеу қуаттылығының едәуір бөлігі орналасқан Мексика шығанағында жыл сайын дауыл соғады", - дейді Марк Гойхман.

"Алор Брокердің" бас аналитигі Алексей Антонов Қытай жетістігінің тағы бір себебі - коронавируспен тиімді күресу деп санайды. ҚХР экономикасы қалпына келіп, қазір тұрақтылық танытуда. Ал Еуропа мен АҚШ-та құлдырауы жалғасып жатыр.

Қытайлықтардың мұнай өңдеумен қатар металлургия саласында да көш бастап тұрғаны кездейсоқ емес.

Экономист дәл осы қарқын Үндістанда, Таяу Шығыста да байқалатынын айтады. Бұл азиялық өңірдегі батыс компанияларының ескірген бірқатар қуаттылықтарын жабуға алып келуде. Мысалы, Сингапурде осындай жағдай болды.

Сонымен қатар, АҚШ пен Ескі Әлем энергияның балама көздері үшін көмірсутектерінен біртіндеп бас тартып келеді. Ал, Қытай қатаң экологиялық міндеттемелермен еш байланысты емес.

"Штаттар жасыл энергетикаға басымдық беріп, ҚХР-ды лас өндірістік алаң ретінде танытуда. Экономикалық дамыған елдер басқа мемлекеттердің есебінен қайта қалпына келетін ресурстарға көшуді қаржыландырады да, "экологиялық салық" төлеуге міндеттейді", - дейді Hamilton инвестициялық компаниясының сарапшысы Антон Гринштейн.

Мұнайға тәуелді Ресей үшін жасыл энергетикаға компания шығынының өсуіне және бюджет кірісінің төмендеуіне алып келеді.

"Шикізаттық құрылымды сақтау кезінде ресейлік экономика үшін АҚШ-тың мұнай өңдеуде бірінші орында болуы тиімдірек", - дейді ол.

Марк Гойхманның айтуынша, 15-20 жылдан кейін мұнайдан болатын бюджет кірісінің орнын басуға лайықты қазынаны толтырудың басқа да көздеріне зер салуы керек.

Жақын келешкте Қытайдағы мұнай өнімдерін тұтыну көлемінің артуына байланысты осы бағыттағы шикізат экспортына қайта бейімделу керек.

Бірақ, кез-келген дүние таусылады. 2025 жылға қарай ҚХР-дағы өндірістік қуаттың өсуі сұраныстан асып түседі. Қытайлық CNPC мұнай-газ корпорациясының мәліметі бойынша, бес жылдан кейін елдегі мұнай өнімдерінің тым көптігі тәулігіне 1,4 миллион баррельді құрайтын болады.

Сондықтан, алдағы үш-бес жылдағы жақын келешекке көз жүгіртсек, онда мұнай өңдеуші саладағы ғана емес, басты экономикалық көрсеткіш болып табылатын ЖІӨ бойынша да көшбасшы ауысатын болады.

"Пандемияға дейін америкалық экономиканы қуып жету үшін Қытайға бес жыл қажет болды. Коронавирусты инфекциямен тиімді күресудің арқасында қытайлықтар ерте-ақ озып шыға алады", - дейді Антон Гринштейн.

Сарапшылардың айтуынша, америкалық биліктегілер проблеманы экономикалық және дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Бірақ, іс жүзеге аспады. Енді бизнесмен-президенттің орнына саясаткер-президент келді.

Оның үстіне, ҚХР-да мұнай өңдеу өнімдеріне деген сұраныстың күрт өсуі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруымен байланысты. Алайда, пандемияның екінші толқынын Азия да жоққа шығармай отыр. Ауруды жұқтырғандар санының күрт өсуі Индонезияда, Жапонияда және Оңтүстік Кореяда тіркелген. Бұл АҚШ пен Қытай арасындағы мүмкіндіктер мәселесін түбегейлі өзгертуі мүмкін.

22
Пресс-конференция К. Вышинского

Санкцияларды кеңейте түсіндіру заңсыз әрекет Киселев

27
(Жаңартылды 20:23 04.12.2020)
Sputnik Латвиямен бірге қызмет істейтін жеті журналист ұсталып, бірнеше сағат бойы жауап алынғаннан кейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды  

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. "Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселев Sputnik және Baltnews үшін жазатын латвиялық журналистердің ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Дмитрий Киселев "Еуроодақ санкцияларын кеңейте түсіндіру заңсыз әрекет" деп атап өтті.  

Журналистерге Еуроодақтың санкциялар режимін сақтамады деген айып тағылды. Латвияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Еуроодақ халықаралық ақпарат агенттігінің басшысы Дмитрий Киселевке қарсы санкция енгізгенін алға тартып отыр. Алайда медиа топтың өзі ешқандай санкциялар тізімінде жоқ.   

Латвияда ЕО санкцияларының сақталмауы туралы бап бойынша айыппұл салудан бастап бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.

"Россия сегодня" және RT ХАА бас редакторы Маргарита Симоньян Ресей орыс тілді журналистерге қарсы қозғалған қылмыстық іске жауап береді деген үмітте.

Ресей сыртқы істер министрлігінің реакциясы

Ресей сыртқы істер министрлігі Латвия билігінің орыс тілді журналистерге қарсы әрекетін демократиялық қоғамның негізі – БАҚ бостандығы мен пікір білдіруге қарсылық деп бағалады.

Оқи отырыңыз: Ресей СІМ Латвияда Sputnik және Baltnews тілшілерінің ұсталуын сынға алды 

Министрлік бұл шектеулер жеке сипатқа ие," Россия сегодня" ХАА бас директоры Дмитрий Киселевке ғана қатысты және медиа холдингпен серіктестердің барлығына қатысы жоқ  деп атап өтті.

"Мұның барлығы ресейліктерді жақтырмаудан туындайтын жазалаушы акция болып саналады. Мәселе ЕҚЫҰ СІМК алаңында көтеріледі", - делінген хабарламада. 

27
Илья Ильин Sputnik студиясында өткен баспасөз мәслихатында

Илья Ильин сүйінші жаңалығын бөлісті

0
Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазды

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық спортшы Илья Ильин Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері болып тағайындалды.

Ауыр атлет сүйінші жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Тағайындау! Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Биыл 10 қыркүйекте Ильин Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратынын мәлімдеген еді. Танымал спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін жеткізді.

Ал 8 қазанда ауыр атлет "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

0
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, спортшы, Илья Ильин
Тақырып бойынша
Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
Илья Ильин алтын медаль ұтып алды - видео
Илья Ильин "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды