Ер адам басын ұстап отыр

"Күт мені, анашым". Жас футболшы фейсбукте жазба қалдырып, өзіне қол жұмсады

910
(Жаңартылды 17:30 10.08.2018)
Спортшының денесі өз үйінен табылды

АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Уэльстің Пембрук қаласында 24 жастағы футболшы Брендон Холдер анасының өлімінен кейін өзіне қол салды.

Спортшының денесі өз үйінен табылды. "Кармартен Старз" клубының ойыншысы өлерінің алдында фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырған. Хатта Брендон туысқандары мен достарынан кешірім сұрап, анасымен тезірек кездескісі келетінін айтқан. Сондай-ақ, анасымен бала кезінде бірге түскен суретін де жариялапты, деп жазады Mirror.

"Біреуді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Мені өзімшіл адам деп ойламаңыздар, өтінемін. Мен ең жақсы дос, ең жақсы ұл бола алмадым. Өте өкінішті, жақында бәріміз кездесеміз… Сенімен кездесуді тағатсыздана күтемін, анашым. Қош болыңдар, достар", — деп жазды футболшы. 

Брендонның ағасы Джейми оның өте адал әрі қамқор іні болғанын айттты. Спортшының таныстары Брендонның көз жұмғанына әлі де сене алар емес. 

Құдалыққа бара жатқан 4 адам жол апатынан қаза тапты 

Суыт хабардан кейін "Кармартен Старз" клубы алдағы екі матчын кейінге қалдырды. 

"Брендонның өлімі баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Біз сондай керемет жігіт және талантты ойыншыдан айырылып қалдық", — деп жазды команда футболшылары әлеуметтік желідегі парақшасында.


910
Кілт сөздер:
күйзеліс, суицид, футболшы
Тақырып бойынша
Ақтөбеде балаға жәбір көрсеткен ерлі-зайыптылар өз-өздеріне қол жұмсады
Бакуде Түркия елшілігі кеңесшісінің қызы өзіне қол жұмсады
Ер адам төрт баланы атып өлтіріп, өз-өзіне қол салды
Оралда қатаң режимдегі колонияда сотталушы өзіне қол салды
АҚШ-та 123 жылға сотталған адам өз-өзіне қол салды
Зертхана қызметкері

Әлем елдерінде ПТР-тест қанша тұрады?

306
Қазіргі кезде ПТР-тесттің ең қымбаты Ұлыбритания астанасында –140 мың теңге болса, ең арзаны Бішкекте – 9 мың теңге

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Қазан айында Қазақстанда ПТР-тест бағасы 8 мың теңгеге дейін арзандады. 1,5 есеге төмендеген тесттің бағасы наурыз айында 20 мың теңге болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі көктем айларында тест бағасының жоғары болуын шығын материалдарының құнымен және сұраныстың артуы жағдайындағы тапшылықпен байланысты деп түсіндірді. Күзге қарай, дүрлігу саябырсып, қажетті көлемде тестілеу мүмкіндіктері реттелген соң, мемлекеттік сатып алу қызметіндегі бағалар төмендеді.

26 қазаннан бері Қазақстанға халықаралық рейстермен келген жолаушылар қолында індет жұқтырмағаны жөнінде ПТР сынағының қорытындысы болса ғана, елге кіруге рұқсат етіледі. Ал ондай анықтаманың жарамдылық мерзімі Қазақстан шекарасынан өткенге дейінгі үш күн (72 сағат) деп саналады.

Анықтама болмаған жағдайда жолаушылар әуежайдың ұшу алаңынан, ұшаққа отырғызылмайды.

Sputnik Қазақстан әлем елдерінде тестілеу бағасы қанша тұратынын назарларыңызға ұсынады.

Туристер ПТР-ді қайда тапсыра алады

Қазақстанда әлемнің 11 еліне халықаралық рейстер ашылды. Олардың әрқайсысында шетелдіктердің ақылы ПТР тестілеуден өтуі қол жетімді. Кейбір жағдайларда туристердің қолында әуебилеттері болса, оларға жеңілдік беріледі. Ал зертханалық мекен жайлардың толық тізімі Air Astana сайтында жарияланған.

Ресей

Мәскеуде ПТР бағасы – 2 300 рубль немесе 12 913 теңгені құрайды.

Нәтижесі 24-тен 72 сағатқа дейінгі аралықта дайын болады.

Орыс және ағылшын тіліндегі анықтамалар поштаға электронды түрде жіберіледі. Ал түпнұсқа қағаз түрінде беріледі.

Қырғызстан

Бішкекте ПТР бағасы – 1 700-2 390 сом немесе 9 022-12 684 теңгені құрайды.

Нәтиже 24-48 сағатта шығады.

Орыс, ағылшын, қырғыз тіліндегі анықтаманы арнайы сайттан жүктеуге немесе қағаз үлгісіндегі түпнұсқасын алуға болады.

Өзбекстан

Ташкентте ПТР құны – 22-30 доллар. Бұл 250 000-300 000 сум немесе 9 414-12 838 теңгеге тең деген сөз.

Нәтижелер 24 сағатта дайын болады.

Ал анықтама орыс, ағылшын және өзбек тілінде беріледі.

Украина

Киевте ПТР бағасы – 950 гривен тұрады немесе 14 366 теңге.

Нәтиженің дайын болу мерзімі 12-24 сағат.

Ал әуежайдағы тест 45 евро немесе 22 844 теңгені құрайды. Оның нәтижесі 8 сағатта шығады.

Анықтама орыс, украин және ағылшын тілінде беріледі.

Түркия

Стамбулда ПТР бағасы – 250-ден 400 лира тұрады. Бұл 13 432 – 21 491 теңгені құрайды деген сөз.

Нәтижені күту уақыты 24 сағатқа дейін.

Стамбул әуежайында – 250 лира, күту уақыты – 4 сағат.

Ал Анталияда – 180 лира немесе 9 671 теңге.

Нәтижесі 24 сағатта дайын болады.

Анықтама тек ағылшын тілінде беріледі.

Оңтүстік Корея

Сеул қаласында немесе әуежайда да ПТР сынағы – 100-200 доллар тұрады. Яғни, 42 792 – 85 585 теңгені құрайды.

Нәтижені күту уақыты 12-48 сағат.

Анықтама тек ағылшын тілінде беріледі.

Египет

Шарм-әл-Шейхте ПТР құны – 180 египет фунты немесе 45 768 теңге тұрады.

Ал нәтижені күту уақыты 48 сағат.

Анықтама ағылшын тілінде, тек қағаз үлгіде беріледі.

БАӘ

Тестілеу Дубай, Шарджа, Абу-Даби, Әл-Айн, Ажман, Рас-әл-Хайма қалаларында қол жетімді.

ПТР құны – 150 дирхам немесе 17 475 теңгені құрайды.

Нәтижелерді күту уақыты 24-48 сағат.

Анықтамалар ағылшын тілінде беріледі.

Ұлыбритания

Лондон мен Манчестерде ПТР құны – 250 фунт немесе 139 567 теңгені құрайды (ең қымбат ПТР).

Нәтижелерді күту уақыты 48 сағат.

Анықтама ағылшын тілінде беріледі.

Германия

Франкфурт, Дюссельдорф және Мюнхен әуежайында да тест тапсыру мүмкіндіктері ұйымдастырылған.

Нәтижесі 12-24 сағатта дайын болатын ПТР құны – 59 еуро. Ал 6 сағатта ұсынылатын тест бағасы – 139 еуро. Мұны теңгеге шаққанда 29 951 немесе 70 562 теңге болады.

Бұл жерде өтініш берушілердің көптігіне байланысты интернет арқылы алдын-ала жазылу қажет.

Анықтама ағылшын тілінде беріледі.

Нидерланды

Алдын ала жазылу арқылы Амстердам әуежайында тест тапсыруға болады. Бағасы – 145 еуро немесе 73 608 теңге.

Нәтижені күту уақыты 24-32 сағат.

Анықтама ағылшын тілінде беріледі.

306
Кілт сөздер:
жолаушылар, коронавирус, тест
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстанда Қарулы күштердің алғашқы ПТР-зертханасы іске қосылады
Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ақылы ПТР-тест жасауды тоқтатты
"Қашып кетпек болды": Шетелден оралған 22 жолаушы ПТР тест тапсырудан бас тартты
COVID-ке тексеретін ПТР-тестің қаншаға арзандайтыны қазанның соңында белгілі болады
Қазақстанда ПТР тестің бағасы арзандады
Таразы, архивтегі сурет

134 кг болған: жас жігіт 60 келі артық салмақтан арылды видео

737
Бір жыл бұрын бұл жігіттің салмағы 134 келі болған. Алайда ол бар болғаны бір жыл ішінде алпыс келіге арықтады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қырғызстандық Орозбек Мейманбек уулуның салмағы бір жыл бұрын 134 келі болған. Ол өзі артық салмақтан арылып, өзгелерге үлгі болып жүр.

Жігіт жас кезінде арық болған, алайда 5-сыныпта салмақ қоса бастады. 16 жасында 93 келі, бірер жылдан соң салмағы 134 келіге жетті, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Орозбектің айтуынша, артық салмақ салдарынан тыныс алу қиындаған. Қозғалып, дұрыс ұйықтаудың өзі арманға айналған. Сол кезде жігіт спортзалға барамын деп шешті. 

"Бәрі дұрыс тамақтанбау салдарынан туындады деп ойлаймын. Мен фастфудты көп жедім... Бастапқыда жаттығу қиын болды, сүйектерім ауырды. Кейін дәрумендер іше бастадым. Алғашқы айда 13 келіге арықтадым, бірден өзіме деген сенім пайда болды", - дейді Орозбек.

Жігітке пауэрлифтингтен Қырғызстанның абсолютті чемпионы - кәсіби бапкер, бодибилдингтен Азия чемпионы Келдибек Атайбек уулу көмектесіп жүр.

Чемпион жаттықтырған адамдар ішінде арықтау көрсеткіші бойынша Орозбек рекорд орнатты. Жаттықтырушының айтуынша, жігіт өзі ғана артық салмақтан арылып қана қоймай, өзгелерге үлгі болып жүр.

"Мен арықтаған кезде анам қатты қуанды. Туыстарым мен достарым өте таңғалды. Жастардың көп уақыты телефон мен компьютерге кетеді. Күніне бір сағатты жаттығуға арнасаңыз тиімділігі мен пайдасы көп болады", -  деді Орозбек.

Енді ол тағы біршама арықтап, әскерге бармақ. Бұдан соң Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің академиясына оқуға түсуді жоспарлап отыр.

737
Кілт сөздер:
жас жігіт, видео, артық салмақ
Тақырып бойынша
"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді
"Өзімді басқаша сезінемін": жігіт 3 жылда адам танымастай өзгеріп кетті - фото
Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты
Ғалымдар артық салмақ пен коронавирус арасында қандай байланыс барын айтты
110 келіге арықтады: белгілі дәрігер салмақтан арылудың бірегей тәсілі туралы айтты
Торт

Батыс Қазақстанда әкім ұлына ұлан-асыр той жасаған видео

0
(Жаңартылды 18:22 26.10.2020)
Салтанатты шарада түсірілген видео әлеуметтік желілер арқылы тарап кетті. Аудан әкімдігі осы мәселе жөнінде түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Ақжайық ауданына қарасты Ақжол ауылдық округінің әкімі Татжан Өтемісов карантиндік шектеулерге қарамастан ұлының үйлену тойын жасап берген, деп хабарлайды "Мой город" сайты.

Той Орал қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Сол жерде түсірілген видео Instagram-да жарияланды. Артынан оны алып тастаған. Алайда адамдар әлеуметтік желідегі видеоны ұялы телефонға жазып алып, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберді.

Басылымның мәліметінше, ауылдық округ әкімінің өзімен сөйлесуге мүмкіндік болмаған. Алайда аудан әкімдігі осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ердос Үмітовтың айтуынша, ауыл әкімі еңбек демалысында жүр.

Оқи отырыңыз: Тойға полицей болып кіріп келген асаба жауапқа тартылады – видео 

"Бұл ыңғайсыз жағдай болды. Татжан Өтемісов еңбек демалысына шыққан. Жалпы, ауданның барлық әкімі карантин шараларын сақтау қажеттігін біледі. Арнайы бақылау топтары да бар. Олар шектеу шараларын сақтау жағын қадағалайды. Әкім демалыстан оралғаннан кейін мәселені заң аясында қараймыз", - дейді Үмітов.

Оның сөзіне қарағанда, 30 қазанда Ақжол ауылдық округінде әкім сайланады. Қазіргі әкім Татжан Өтемісов өз кандидатурасын ұсынбаған.

0
Кілт сөздер:
видео, той
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты
Құдалық пен қыз ұзату тойын өткізген алматылықтарға ірі көлемде айыппұл салынды
Қазақстандықтар карантинге қарамастан 600 той мен ас берген
Маңғыстауда туған күнін тойлаған шенеунік айыппұл төледі