АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Оқыс оқиға таңғы сағат 05:00 шамасында (Астана уақытымен түнгі сағат 02:00) болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Ататүрік желекжолымен келе жатқан ақ көлікте отырғандар елшілікке 4-5 рет оқ атқан. Оқтар полиция дүңгіршегіне тиген.
Зиян шеккендер жоқ. Дәл қазір оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
2016 жылы түрік билігі америкалық пастор Эндрю Брансонды тұтқындағаннан кейін Вашингтон мен Анкара арасындағы байланыс шиеленісіп кеткен еді. Бұған өзге де әсер етуші факторлар жетерлік. АҚШ қаржы министрлігі Түркия Әділет министрлігі басшысы Абдулахмит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлеймен Сойлуға қарсы санкциялар салып, оларды "адам құқықтарын бұзды" деп айыптады.
Трамптың денсаулығы туралы анықтаманы өзі айтып жаздырғаны рас па?
Кейін Дональд Трамп Түркия үшін алюминий мен болатқа баж салығын 20% және 50%-ке дейін қымбаттатты. Бұл түрік лирінің тарихта болмаған деңгейге дейін құлдырауына алып келді. Анкара өз кезегінде жауап ретінде Америкадан келетін 22 тауарға баж салығын өсірді.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттары Дастан Бекешев пен Бақтыбек Райымқұлов парламент отырысында бірін-бірі балағаттады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Отырыс кезінде Райымқұлов Бекешевтің қасына жақындайды. Алдымен депутаттар жай сөйлесіп тұрған, кейін қатты айғайлап, бірін-бірі балағаттай бастады.
Содан соң Райымқұлов микрофонға шығып, спикерден оның заң жобасын тезірек қарауды сұрады.
Дау-жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Бұған дейін отырыста Бекешев "кейбір депутаттар жемқорларды қолдап митингке шығатынын, ал мына жерде халық алдында басқаша сөйлеп, билікке жағуға тырысатынын" мәлімдеген еді.
Айта кетсек, Бақтыбек Райымқұлов 28 ақпанда Ошта өткен митингте бұрынғы кеден төрағасының орынбасары Райым Матраимовты қолдап сөз сөйледі.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Өскемен тумасы, танымал Stand-up сықақшы Евгений Чебатков ресейлік видеоблогер Юрий Дудьке сұқбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Чебатков бірнеше тілде еркін сөйлейді. Ол тіпті сахнада ағылшын тілінде әзіл айтып, видеолар түсіреді. Сықақшы меңгерген тілдердің қатарында қазақ тілі де бар.
"Қазақ тілінің қуаты мен энергетикасы мықты. Осы үшін қазақ тілін жақсы көремін. Ол эмоцияға толы, мықты тіл. Бұл тілдегі балағат сөздердің өзі басқаша естіледі", - деді Чебатков.
Сықақшы "Борат" және "Борат 2" фильмдеріне қатысты көзқарасымен бөлісті.
"Мен алғаш рет Канадада, колледжде сахнаға шықтым. Сол кезде мен Қазақстан – Борат деген теңеумен келіспейтінімді жеткіздім. Саша Барон Коэн актер ретінде маған ұнайды. Қазір "Борат 2" фильмі жарық көрді. Оны жақсы көңіл-күймен көріп шықтым. Фильм мен Қазақстан арасында ешқандай ұқсастық жоқ. Біз, Қазақстанды жақсы көретін қазақстандықтар, бұл жағдайға күле қарау керекпіз. Фильмде еліміздің атауы мен туы қолдаанылғаны менің намысыма тигені рас", – деді ол.
Дудь сықақшыдан қазір Қазақстандағы болып жатқан шығармашылық жағымды өзгерістер жайлы сұрады.
"Елде таңғаларлық мультимәдени микс пайда болды. Жалпы қазақтар өмірге құштарлығымен ерекшеленеді. Оларды аңыз-тарихтарды әңгімелеуі, өмір сүру салты ерекше" – деп бөлісті Чебатков.
Евгений Чебатков 1990 жылы Өскеменде туған. Ол біраз уақыт АҚШ пен Канада тұрған. Stand-up жанрындағы әзілдерінің арқасында танымал болды.
АЛМАТЫ, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанда биыл алғаш рет қиын сәтте батыл қадам жасаған азаматтар марапатталды. Әлия Назарбаеваның бастамасымен ADAM BOL сыйлығы табысталды. Халықтың дауыс беруі арқылы лауреат атанған 12 азаматқа 1 миллион теңгеден берілді. Әр батырдың оқиғасы әртүрлі. Бірі өрттен бір топ адамды аман алып қалса, енді бірі зорлық әрекеттің алдын алып, балаларға көмектескен. Соның бірі – ақтөбелік кәсіпкер Ақбота Аманғалиева. Ол 8 жыл бұрын үй ішінде әйел босандырып, жыламай туған нәрестенің бетін бері қаратқан.
Қазір сол баланың денсаулығы жақсы, екінші сыныпта оқып жүр.
Sputnik Қазақстан тілшісі Ақбота Аманғалиевамен және 2013 жылы үй ішінде босанған әйелмен әңгімелесті.
Ақбота Аманғалиеваның бір ұл, бір қызы бар. Кенжесі мектеп жасына жеткен жылы отбасымен бірге Ақтөбеден 25 шақырым жерге көшкен. Қаладағы үйін бос қалдырып, жанындағы уақытша тұруға арналған үйді жалға берген.
2013 жылдың 3 наурызында әйел бос тұрған үйін жинау үшін қалаға келеді. Сол сәтте үйін жалдап тұрып жатқан Гүлбаршын Оразғалиеваның толғағы қысқан.
"2013 жылы 3 наурызда боран соғып, қар жауып тұрды. Үйде қызымыз екеуміз ғана едік. 43 жаста болған соң дәрігерге баруға ұялдым. Ауруханаға бармай, үйде босанып қалдым. Ақбота көршім ғой, бір аулада тұрдық. Үйін жалдап тұрдым. Кешкі сағат 7-8 шамасында толғағым келді. Жедел жәрдем жоқ. Күн суық. Хабарластық, келмей жатыр. Қызым жалаңаяқ жүгіріп барып, Ақботаны шақырды", – дейді Гүлбаршын Оразғалиева.
Бұл күнді Ақбота Аманғалиева да ұмытпаған. Оқиға күні кеше болғандай, бәрі де көз алдында.
"Ол күн әлі есімде. Бала жыламай туды. Сол оқиға болардан бір ай бұрын келінім босанған кезде жанына серіктес болып кірдім... Менің сол жерге барғаным да, көршілердің дәл біздің үйге көмек сұрап келгені – бәрі-бәрі баланың көрейін деп тұрған жарығы болар... Бала көкпеңбек болып туған соң перзентханада көргенімді істеп, екі аяғынан ұстап, табанынан шапалақпен ұрдым", – дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алайда ол кездегі жағдай оңай болмаған. Ақботаның айтуынша, келіншек қатты толғатып жатқанда қорыққан. Жедел жәрдем келгенше шыдайды деп үміттенген.
"Әйелдің ыңғайланып жатқанын байқаған соң босануға көмектесуден басқа амал жоқ екенін түсіндім. Өзімді қолға алдым. Оған оның алдында серіктес болып кіргенімнің көмегі тиді", – дейді Ақбота Аманғалиева.
"Баланың жыламағанын көріп, қатты уайымдадым. Қызым ол кезде кішкентай еді, ол да өліп қалған екен деп қорқып кетті. Ақбота сәбидің аузы-мұрнын сүртіп, екі аяғын аспанға көтерді де, табанынан ұрып, баланы жылатты. Сол сәтте "уф" дедім", – дейді келіншек.
Үйде босанған әйел бала дүниеге келген соң әлсірей бастаған. Ұйқы қысып, демалғысы келген. Алайда Ақбота Аманғалиева дәрігерлер келгенше ояу болуын қадағалаған.
"Менің ұйықтап қалмасын деп шапалақпен ұрып отырды. Содан жарты сағат өткен соң жедел жәрдем келіп, мені мен баламды алып кетті. Оны осы күндері "борандатып туған балам" деп айтамын", – дейді Гүлбаршын.
Бала қазір 8 жаста. Ақтөбеде екінші сыныпта оқып жатыр. Аты – Ербол. Бір кездері пәтер жалдап тұрған отбасы 2 қабатты үй салып, көшіп кеткен. Алайда баласының өмірін сақтап қалған әйелмен байланыс үзілмеген.
"Анда-санда Наурыз секілді мейрамдарда рақмет айтып, хабарласып тұрамыз. Әр туған күн сайын Ерболдың фотосын жібереміз. Көшеде көріп қалса, "менің балам қалай?" деп сұрайды. Ақботаның үйінде 2016 жылға дейін тұрдық", – дейді ақтөбелік әйел.
Ақботаның айтуынша, екі отбасы телефон арқылы сөйлескенімен, бір-бірінің үйіне бармаған. Алайда кәсіпкер жақында баланы көріп қайтатынын айтты.
"Біз ол жерден көшіп кеттік. Олар да басқа жерде тұрады. Қаланың екі жағында тұрамыз, бірақ әлі күнге дейін хабарламыз. Басында 2-3 жыл баланың туған күніне шақырып, келіншегі хабарласып жүрді. Баруға бір реті келмепті", – дейді Ақбота Аманғалиева.
Ол баланы әлі көрмесе де, жыл сайын туған күнімен құттықтап тұрады.
Айта кетейік, бірінші наурызда Алматыда ADAM BOL жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды. Сыйлық ерлік жасаған, басқа адамдардың өмірін құтқарған адамдарға берілді.
ADAM BOL AWARDS жүлдесінің құрылтайшысы – Қоғамдық маңызды бастамалар қорының жетекшісі, әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлия Назарбаева.
Жеңімпаздар тізімін мына сілтемеден оқуға болады.