АСТАНА, 20 тамыз — Sputnik. Мерекеге арнап жайылан дастарханның көлемі 1х1,5 метрден аспауы тиіс. Сондай-ақ, дастарханға жеміс-жидек, бірнеше мерекелік тағам және кептірілген жемістер қойылса жеткілікті. Бұл ережені бұзғандар 5 000 сом (535 доллар) көлемінде айыппұл төлейтін болады, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.
"Рейд барысында жайылған дастарханның халық қалтасына ауыр болмауы қадағаланады", — дейді комитет баспасөз қызметінің өкілі Афшин Муким.
Құрбан айт — әлемдегі мұсылман қауымының ең қасиетті де, айтулы мерекесі. Құрбан айт күндері мүмкіндігі бар мұсылман құрбан шалып, сауап істер арқылы Аллаға жақындайды
Дәстүрге сай, мерекеде ер азаматтар мешітке барып намаз оқиды, кейін құрбандық шалады. Салт-жоралғының басты мақсаты қатыгездік емес, қайырымдылық. Адам өзіне құрбандық малының етін қалдырмай, оның бәрін көршілеріне таратады.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Жақында 90-ға толған кеңестік және ресейлік актер Иван Краско алтыншы рет әке атанды. Бұл туралы "Первый каналдың" "На самом деле" ток-шоуына сілтеме жасай отырып, lenta.ru хабарлады.
Краско бағдарлама эфирінде өзінің қызы бар екенін айтты. Сәби 2020 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.
"Егер сүйіспеншілік болса, онда баланың тууына ешқандай кедергі болмайды", – деді актер.
Бағдарламада халық әртісінің зайыбы әрі баланың анасы ретінде Юлия Кичемасованың есімі аталды. Сонымен қатар, әйелдің жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болғаны белгілі болды.
Алдағы уақытта ерлі-зайыптылар некені ресми тіркеуге ниетті. Бір қызығы, Краско 30 жастағы Наталья Шевельге үйленгеніне қарамай, Юлиямен бірнеше жыл бұрын кездесе бастаған.
Кичемасова некеге тұрғаннан кейін Красконың бесінші әйелі болады. Ал одан туған бала актердің алтыншы мұрагері атанды.
Оқи отырыңыз: Фотодерек: 81 жастағы Асанәлі Әшімов Алматыда Наурыз мейрамын тойлап жүр
Айта кетейік, бұған дейін 90 жастағы актер Иван Красконың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны хабарланған. Оған ауруханаға жатуға кеңес берілген. Алайда, өкпесінің 45 пайызы зақымданғанына қарамастан ол ауруханаға жатудан бас тартты.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы премьер-министр Мұхаммедқалы Абылғазиев қамауға алынды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан ішкі істер министрлігінің ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Абылғазиев үлкен дау-жанжалдан кейін қызметінен кеткен болатын. Енді ұлттық қауіпсіздік комитетінің нұсқауымен ол қамауға алынды. Бұған дейін қаржы полициясы оның елден шығуына тыйым салған.
Ал егер бұрынғы премьер республикадан тыс жерге шығуға әрекет жасаса, бірден қамауға алынатыны ескертілген. Артынан жауап алу үшін шақырды. Бірақ ол кезде нақты қай іс бойынша жауап алынатыны туралы айтылмаған.
Сейсенбі, 26 қаңтарда Абылғазиевті тағы жауап алу үшін шақырды. Содан соң қамап тастады.
Былтыр күзде Қырғызстанның бас прокуратурасы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Олар пандемия кезінде заңсыз әрекет жасағаны үшін айыпталды. Оған экс-премьердің қатысы бар болып шықса, оны да жазалайды деген ақпарат тараған. Абылғазиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталып, алайда нақты қандай айыптың тағылғаны жарияланған жоқ.
Абылғазиев радиожиіліктерге қатысты дау-жанжалдан кейін отставкаға кетуге өтініш жазды.
Былтыр мамыр айында мемлекеттік байланыс агенттігінің экс-басшысы Наталья Черногубова ұсталған болатын. Ол мемлекеттік ақпараттық технологиялар комитеті мен ұялы операторлардың бірімен сөз байласқаны үшін айыпталды. Артынан сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тағы бес адамның ұсталғаны белгілі болды. Олардың ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің бес қызметкері де бар.
Сол кезде Жогорку кенештің депутаты Жанар Ақаев үкіметтің екі радиожиілікті арзан бағаға сатып жібергенін мәлімдеді. Оның ойынша, премьер-министр Мұхаммедқалы Абылғазиевтің рұқсаты болмаса, ондай келісімді рәсімдеу мүмкін емес. Ақаев мемлекетке келген шығында 5 миллиард сомға (58,9 миллион доллар) бағалады. Абылғазиев көп ұзамай, тергеуге қысым жасады деген айыптар болмасын деп, қысқа мерзімді демалысқа шығып кетті.
Оқи отырыңыз: Қырғызстанның жаңа президенті алғашқы сапарын қай елден бастайтыны белгілі болды
Ал маусым айында осы іске қатысы бар деген күдікпен "Ала-ТВ" компаниясының құрылтайшысы ұсталды деген ақпарат шыққан. Дәл осы компанияның радиожиіліктері ұялы байланыс операторына сатылды.
15 маусыда Мұхаммедқалы Абылғазиев осы іске қатысым жоқ деп, отставкаға кетуге өтініш жазды. Осылайша, ол 19 күнге созылған демалыстан кейін бірден жұмыстан кеткен болатын.
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Өткір респираторлық вирустық инфекция, коронавирус оң тесті, постковидтік жағдай, IgM антиденелері бар болғанда және ауыр сырқат кезінде вакцина салдыртуға болмайды. АҚШ-тың Джордж Мэйсон университеті жүйелі биология мектебінің мамандары осы бес жағдайда вакцина алуға болмайды деп отыр.