Әлем

Компьютерлік ойыннан жеңіліп ашуланған жас жігіт атыс шығарды - видео

© AFP 2024 / KAREN BLEIERТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы деректер бойынша, атыс салдарынан екі адам қаза тауып, оннан астам адам жарақат алған

АСТАНА, 27 тамыз — Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатындағы Джексонвилл қаласында компьютерлік ойыннан жарысқа қатысушы адамдарға оқ жаудыра бастады, деп хабарлады РИА Новости.

Чемпионатқа қатысу үшін Балтимордан келген 24 жастағы Дэвид Кац адамдарға оқ атты деген күдікке ілінді.

Қайғылы оқиға компьютерлік ойындардан жарыс өтіп жатқан барда болған. Кей деректер бойынша, ойыннан жеңіліп қалған геймер ашуға беріліп, тапаншасын алып шыққан. Адамдарға оқ жаудырғаннан кейін, Кац өз-өзіне қол жұмсады.

Полиция оқиға орнынан атыс шығарған жігітті қосқанда үш адамның денесін тапты, тағы 11 адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға түскен.

пистолет, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Сарыағашта тағы да атыс: полиция көрші ауылдың тұрғынын өлтірген адамды іздеп жатыр

Бұл Флорида да болған бір ғана жаппай кісі өлтіру оқиғасы емес. 2018 жылы ақпанда 19 жасар түлек мектепке келіп 17 оқушы мен мұғалімді өлтірген. Ал 2016 жылы маусымда Омар Матин Орландодағы гей-клубқа келушілерді атып тастайды: салдарынан 49 адам қаза тауып, 53 адам жарақат алды. Ол өз-өзін өлтірді. 

-тағы ең жойқын атыс Лас-Вегаста болды. 2017 жылы қазан айында 64 жастағы Стивен Пэддок музыкалық фестивальге келушілерді ата бастаған. 59 адам құрбан болды, 851 адам зардап шекті. Бұл атқыш та өз-өзіне қол салды.

Қаланың қақ ортасында ер адам полиция қызметкерлеріне оқ атты — видео

Маңғыстау облысындағы қанды оқиғадан кейін 11 адам қамауға алынды


Жаңалықтар
0