Әлем

Ғалымдар салмақ тастау үшін сағат қаншада тамақтану керек екенін анықтады

Жазылу
Таңғы асты әдеттегіден бір жарым сағат кешіктіріп, кешкі асты бір жарым сағат ерте ішу арқылы артық салмақтан арылуға болады

АСТАНА, 1 қыркүйек — Sputnik. Таңғы асты кештеу және кешкі асты ерте ішу салмақ тастауға көмектеседі. Бұл туралы Британиядағы Суррей университетінің ғалымдары жүргізген тәжірибе кезінде анықталды. Зерттеуді Nutritional Sciences журналы жариялады.

кәуап - Sputnik Қазақстан
Әлем
Кәуаптың ешкім күтпеген қаупі анықталды

Тәжірибеге 29-дан 57 жасқа дейінгі 16 адам қатысты. Олар тамақтану рационына қатаң шектеу енгізген жоқ, бірақ олардың тоғызы таңғы асты әдеттегіден бір жарым сағат кешіктіріп, кешкі асты бір жарым сағат ерте ішті. Нәтижесінде тамақтану уақытын өзгерткен адамдар бұрынғы кестемен тамақтанатындарға қарағанда екі есе азып кетті. Сондай-ақ, бірінші топтағылар тәбеті төмендеп, күні бойы тұтынатын тамағының көлемі азайғанын мәлімдеді. 

"Біз зерттеу барысында мұндай тамақтану кестесін сақтау отбасымен және қоғамдық өмірмен үйлесім таба бермейтінін байқадық. Дегенмен оны сақтауға әрекет етуіміз керек, өйткені  бұл диета пайдалы екені сөзсіз", — дейді Суррей университетінің докторы Джонатан Джонстон. 


Жаңалықтар
0