Әлем

Үйлену тойының алдында жігіті тастап кеткен қыз дүйім жұртты таңғалдырды

CC0 / / Қыз қайыққа қарап тұр, иллюстративті фото
Қыз қайыққа қарап тұр, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Француз қызы жігітіне қатты қапаланып, айырылысудың себебін түсінбей дал болды

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Жігіті тастап кеткен француз қызы үйлену тойын өзі ұйымдастырды. 

Әйелдің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Тойға шақырылған қонақтардан ақша талап еткен қалыңдық күйеусіз қалды

Реймс қаласының тұрғыны Летисия Нгуен (Laëtitia Nguyen) сүйіктісімен үш жылдай уақыт кездесіп жүрген. 38 жастағы қалыңдық пен оның серігі үйлену тойынан кейін сәби сүюді жоспарлап, мерекені ұйымдастыруға бел шеше кірісіпті. Алайда бір күні Нгуеннің жігіті одан қашқақтай бастайды, ал тойға үш ай қалғанда екеуі айырылысып тынады.   

Қыз қатты қапаланып, айырылысудың себебін түсінбей дал болған. Өзіне деген сенімділікті қайтару үшін, ол үйлену тойын күйеусіз болса да өткізуге шешім қабылдайды. Нгуен Грекияның Санторини аралында 18 мың фунт (шамамен 8,5 миллион теңге) шығындап, салтанатты кеш өткізді, деп жазды Greek City Times басылымы.  

"Тойда ата-анам, әпкем күйеуімен және жақын достарым – барлығы сегіз адам болды. Неке жүзігін ортаңғы саусағыма кидім. Күйеусіз өтті демесеңіз, бәрі керемет болды. Өзіме деген сенімділік қайта оралды, мен өзімді таптым. Бұл менің қайта туған күнім. Маған бірде-бір жігіт үйленгісі келмеді, алайда мен өзіме үйленгім келді, өйткені мен керемет жанмын, оны жақсы білемін", — дейді Нгуен.   

Қыздың айналасындағы адамдар оның бұл әрекетін әр түрлі қабылдады: бірі ақылға қонымсыз десе, енді бірі қолдау білдіріп, батылдығына тәнті болып жатыр. 

 

 


Жаңалықтар
0