Әлем

Мас ер адам өзіне қарамай қойған қолтырауынды тепкіледі

Жазылу
Қытай қолтырауындары әдетте адамға қорғану мақсатында ғана шабуыл жасайды

АСТАНА, 12 қыркүйек — Sputnik. Қытайда қолтырауын өзін тепкен мас ер адамға қарамай, суға кіріп кетті. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды.

аурухана - Sputnik Қазақстан
Әлем
Кенгуру 19 жастағы жігіттің жағын сындырды

Жағдай Сюаньчэн қаласының Аньхой аймағындағы қорықта болды. Бастапқыда ер адам көпірдің үстінен қолтырауынға қол созып тұрады, кейін оны тепкілей жөнеледі. Бұдан кейін қолтырауын оған еш мән бермей, суға кіріп кетеді.

Саябақ өкілдері қолтырауынға еш зиян келмегенін хабарлады. Ал мас ер адамды бірден саябақ территориясынан қуып жіберген екен. Ғимарат әкімшілігі қолтырауындарын келушілерден қорғау үшін қорғанысты күшейтетінін жеткізді.

Саябақта жоғалудың алдында тұрған 8 мың қолтырауын бар. Қытай жыртқыш жануарларды сақтау қоғамдастығының мәліметінше, жабайы табиғатта мұндай қолтырауынның 120-сы ғана қалған.

Қытай қолтырауындары әдетте адамға қорғану мақсатында ғана шабуыл жасайды.

Ер адам қызына шабуыл жасамақ болған жыланмен айқасты

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың сәуір айында қытайлықтар ояту мақсатында кенгуруге тас лақтырып, оны өлтіріп алған еді.

Жаңалықтар
0