Әлем

Вьетнам президенті дүниеден озды

© Sputnik / Сергей ГунеевВьетнам президенті Чан Дай Куанг
Вьетнам президенті Чан Дай Куанг - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Чан Дай Куанг елді 2016 жылдан бері басқарып келді, ол ауруханада қайтыс болды

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек — Sputnik. Вьетнам бұқаралық ақпарат құралдары 21 қыркүйек күні таңертең ел президенті Чан Дай Куанг дүние салғанын хабарлады.

Кофи Аннан - рекадр - Sputnik Қазақстан
Әлем
БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Кофи Аннан көз жұмды

Вьетнам президенті ауруханада таңғы онның кезінде қайтыс болды, деп хабарлады РИА Новости VNA агенттігіне сілтеме жасап.

Медициналық мекеме Чан Дай Куангке қандай диагноз қойылғанын және неден көз жұмғанын әзірге БАҚ-қа мәлімдеген жоқ.     

Чан Дай Куанг 1956 жылы 12 қазанда Вьетнамның солтүстігіндегі Ниньбинь провинциясында дүниеге келген. Қызметтік карьерасын  Ішкі істер министрлігінде бастады, кейіннен Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіне ауысты. 2016 жылы ел президенті болды. 


Жаңалықтар
0