Велосипедші ауада тұр

Велосипедші 10 секунд ішінде үш рет өлімнен аман қалды - жантүршігерлік видео

553
(Жаңартылды 10:40 24.09.2018)
Жасөспірім қыз ата-анасының рұқсатынсыз көлік алып, жол апатына ұшырады

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Бразилияда велосипедшіні автомобиль қағып кетті. Алайда ол таңғажайыптың күшімен аман қалды. Видеоны The Daily Mail басылымы жариялады.

Кадрлардан көліктің велосипедшіні қалай қаққанын көруге болады. Көлікті бұрған кезде жасөспірім қыз рөлге ие бола алмай қалса керек. Бұдан кейін көлік велосипедшімен бірге ағашты сындырып өтіп, дүкеннің қабырғасына соғылады.

Бірнеше секундтен кейін көліктен жасөспірім қыз шығып жерге есінен танып құлайды. Ал велосипедші көліктің астынан өзі шығады.

Кейін рөлге отырған қыздың 13 жаста екені және оның бұл көлікті ата-анасының рұқсатынсыз алғаны белгілі болады. Оған жүргізуші куәлігінсіз көлік айдағаны және адамның денсаулығына қауіп төндіргені үшін айып тағылып отыр.

 

 

553
Кілт сөздер:
ата-ана, жасөспірім, жігіт, жүргізуші, велосипед, Бразилия
Тақырып бойынша
Жүргізуші өртке оранған көліктен шығып үлгермеді - видео
Жылқы өзіне маза бермеген питбульді нокаутқа жіберді - видео
Джошуа өзі нокаутқа жіберген боксшы алдында бас иді - видео
Димаш Қытайда жанкүйерлерін тағы бір талантымен таңғалдырды – видео
Оралда ер адам тыр жалаңаш серуендеді – видео
Несиеге бола сәбиін сатқысы келетін әйел халықты ашуландырды - видео
Қазақшаға судай америкалық желі қолданушыларын таңғалдырды - видео
Ресей ТЖМ ұшағы гуманитарлық көмек жеткізді

Ресейде "Гуманитарлық карта" жобасы таныстырылды

9
Ресейде елдің пандемия кезінде басқа мемлекеттерге қандай көмек көрсеткені туралы ақпарат беретін портал таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Ресейдің гуманитарлық көмегі және халықаралық дамуға көмектесетін жобалар туралы деректерді жинаған алғашқы онлайн платформа – "Гуманитарлық карта" порталын таныстырды.

Ресейдің гуманитарлық көмегі туралы толық ақпаратты russianassistance.ru сайтынан алуға болады.

"Ресейдің жаһандық гуманитарлық саясатқа салған қаржысы қайырымдылық емес. Бұл инвестиция, ол Ресейдің пайдасына жұмыс істейді, ресейлік компаниялар шетелде жақсы қызмет атқарды, шекаралар қауіпсіз болды", - деді Евгений Примаков таныстырылым кезінде.   

Картада көрсетілгендер – ресейлік еріктілер көмектесіп үлгерген елдер. Елдердің кез келгенін таңдай отырып, оған 2020 жылдың басынан бері қанша көмек көрсетілгенін көре аласыз.

Россотрудничество басшысы бұл идеяны сыртқы және ішкі аудитория үшін пайдалы деп санайды, олар өздері қызығушылық тудыратын салалар бойынша жан-жақты ақпаратқа қол жеткізеді.

Оқи отырыңыз: Атырауға гуманитарлық көмек келді 

"Гуманитарлық картаның" негізін қалаушылардың бірі Михаил Петросянның айтуынша, жоба 2020 жылдың сәуірінде пайда болып, "сараптау-гуманитарлық стартап" деп аталған.

Петросян атап өткендей, жоба авторлары бұл жұмыс қалай үйлестірілетіні туралы ақпаратты жинап, талдаудан бастаған.

Сайттың ағылшынша нұсқасы да қолжетімді.

Қазақстанға көмек

Осы жылдың ақпан айында – Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталғанға дейін Роспотребнадзор Қазақстанға, сондай-ақ Беларуське, Армения мен Өзбекстанға коронавирустың жаңа түрін анықтайтын тест жіберді. Зертханалық диагностикалық құралдар "Вектор" мемлекеттік вирусология және биотехнология ғылыми орталығында жасалды.

Сәуір айында Ресей Қазақстанға коронавирустың зертханалық диагностикасын жасауға арналған 40 тест жинағын, сондай-ақ зерттеу жүргізуге арналған 100 жиынтықты берді.   

9
Қырғызстан туы

Қырғызстанда ел атауын өзгерту ұсынылды

1999
Конституциялық кеңес мүшелерінің бірі мемлекетте халық билігі енгізілетіндіктен, ел атауында "халық" сөзі болуы тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қырғызстанда Конституциялық кеңестің отырысында ел атауын өзгерту ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Кыргыз жолу" қоғамының басшысы Қадыр Қошалиев ел атауын "Кыргыз Эл Республикасы" (Қырғыз Халық Республикасы) деп өзгертуді ұсынды.

"Бізде халық билігі енгізілетіндіктен, мемлекеттің атауында Қытайдағы сияқты (Қытай Халық Республикасы) халық сөзі болуы тиіс", - деді Қошалиев Конституциялық кеңестің отырысында.

Сондай-ақ, бұрынғы әділет министрі Марат Қайыпов ел атауының орыс тілінде жазылуына қатысты ойын айтты.

"Орыс тілінде "Республика Кыргыз" деп дұрыс жазу қажет, сонда басқа ұлттар өкпелемейді. "Кыргызская Республика" дегенде тек қырғыздардың елі деп ойлап қалуы мүмкін. Ал "Республика Кыргыз" атауынан барлық ұлтты бір шаңырақ астына ұйыстырған ел екенін түсінуге болады", - деді экс-министр.

Еске салсақ, 20 қарашада Ата заңның жобасын талқылау үшін Конституциялық кеңес құрылды. Оның құрамына 89 адам кірді.

Бұған дейін Жогорку Кенештің 80 депутаты Конституцияның жаңа жобасы мен референдум өткізу туралы заң қабылдау бастамасын көтерген еді. Референдумды президент сайлауымен бір күнде – 10 қаңтарда өткізу жоспарланып отыр.

1999
Кілт сөздер:
атаулар, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Қырғызстан басшысы Тоқаевқа алғыс білдірді
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Жапаров отставкаға кететін болды
Алматы, архивтегі фото

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

0
Тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Қазақстан аумағында осы жылдың 23 қарашасында басталған "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс-шарасы 30 қараша айына дейін жалғасады. Осыған байланысты Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. 

Қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Манап Саттаровтың айтуынша, аталған іс-шараға полиция қызметкерлерімен қоса Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылады.

"Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін полицияның жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қала бойынша полиция жасақтары көбейтіліп, "Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік" қағидасы бойынша тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді", - дейді ол.

Сондай-ақ көші-қон заңдарын бұзатын келімсектерді анықтау үшін құрылыс алаңдары мен тамақтану орындары тексеріледі. Арнайы есепте тұратын адамдар мен азаматтық қару иелері де полицияның назарынан тыс қалмайды.

"Ал жедел басқарма қызметкерлері пәтер тонау, көлік ұрлығы сияқты қылмыстарды жасайтын қылмыстық топтар мен із-түзсіз жоғалған адамдарды және бұрын қылмыс жасап іздеу жарияланған адамдарды анықтауға бағытталған жұмыстарды атқарады", – деп түйіндеді Саттаров.

Алматыда 10 адамды өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Айта кетейік, кең көлемде ұйымдастырылып отырған аталған іс-шара қылмыстық ахуалды тұрақтандыруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

0
Кілт сөздер:
полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Жалған 900 мың долларды сатпақ болған Алматы тұрғыны ұсталды
Алматылық ағайындылар қылмысы әшкере болды
Дәретханада қыздарға порно көрсеткен ер адам 10 жылға сотталды
Нұр-Сұлтанда әйелдерге шабуыл жасаған шетелдік ұсталды