Мысық

"Вампир" тісі бар қара мысық желі жұлдызына айналды - фото

239
Нью-Йорк қаласында тұратын әйелдің мысығы тарихтағы атақты вампир Дракуладан аумайды

АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Instagram желісінде Монк есімді қара мысықтың танымалдығы барған сайын артып келеді. Үй жануарының алдыңғы екі тісі вампирдікіндей екен.

Нью-Йорк қаласында тұратын әйел қара мысығына тарихтағы әйгілі вампир Дракуланың костюмін сатып әперіпті. Бейіт басында ұйымдастырылған фотосессия кезінде марғау шын образға беріліп кеткендей болды.

Қазір Монк пен оның бауыры Биннің парақшасына 88 мыңнан астам қолданушы тіркелген.

2016 жылы төрт жасар Рори есімді мысық туралы хабар тараған болатын, дәрігерлер науқасына байланысты оның барлық тістерін алып тастап, алдыңғы екі тісін ғана қалдырған еді. Соның арқасында қысқа жүнді мысық готикалық кейіпке енген.

239
Кілт сөздер:
инстаграм жұлдызы, фото, мысық
Тақырып бойынша
Иесінің қазасына қайғырып жүрген мысық жұрттың көңілін босатты - видео
Адам кейіпті мысық Желіні шулатты - видео
Мысық қалыңдықтың етегіне "мініп" алды - видео
Сұхбат кезінде "әдепсіз" мысық иесінің басына шығып алды
Мысық сілеусіннің баласын бауырына басты
Мынау тұрған мысық, екі көзін қысып...
Мейірімді мысық үш жаңа туған жанатты бауырына басты
Алматыда мысық жаңа туған тиінді бауырына басты - видео
Архивтегі фото

АҚШ әскери-теңіз күштерінің онжылдыққа құрылған жоспары нені көздейді?

22
АҚШ әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы барлық жоспарды жүзеге асыру үшін флотты нығайту және кеңейту керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. АҚШ әскери-теңіз күштері штабының басшысы адмирал Майкл Гилдей алдағы онжылдыққа арналған "Навигациялық жоспарды" ұсынды. Құжаттағы басты мәселе – америкалық флот Дүниежүзілік мұхитта үстемдік етуі керек. Жаһандық бақылаудың мақсаты – америкалықтардың тыныш өмірі. Алайда мәтінде басқа елдерге бағытталған ашық агрессия айқын көрінеді. Вашингтон адмиралдары не ойластырып жатқаны туралы төмендегі материалда.

Әлемдік бәсекелестер

Құжат авторлары Америка флоты АҚШ азаматтарының қауіпсіздігі мен өмір салтына қауіп төндіретін ұзақ мерзімді бәсекелестікке жұмылдырылғанын атап өтіп, әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы бір минутты да босқа өткізе алмайтынын баса айтқан: алдағы онжылдықта ғана емес, бүкіл ХХІ ғасыр бойы күштер тепе-теңдігін сақтау үшін белсенді әрекет ету керек.

Жаһандық тыныштықты "бұзғандар" мен басты бәсекелестер – Ресей мен Қытай. Америкалық адмиралдардың пікірінше, бұл қос мемлекет бүкіл әлемге ұзақ уақыт бойы пайда әкелген теңіздегі бостандыққа кедергі келтіріп отыр.

Мәскеу мен Бейжің аймақтық сулардан тыс аудандарда да теңіздегі бағалы ресурстарға заңсыз бақылау жүргізбекші, "көрші елдерді қорқытып", "оларды өз талаптарын орындауға күштеп мәжбүрлеуде" және "маңызды су жолдарын алыс қашықтықтан әрекет ететін зымырандармен бақылауда ұстап отыр".

Ресейдің заманауи зымыран кемелері мен сүңгуір қайықтары, гипердыбысты зымырандар және тактикалық ядролық қару жасау саласындағы жаңа әзірлемелері америкалықтарға еш ұнамайды. Пентагонның пікірінше, Ресей флоты бүкіл әлем бойынша белсенділікті күшейтіп, АҚШ жағалауларына әскери күштерін жақындата түсуде. Сондықтан, "Ресейді сенімді түрде бақылауда ұстау керек".

Америкалық сарапшылардың айтуынша, қарқынды дамып келе жатқан Қытай флоты әлемдегі ең ірі флот және ол үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Бейжің Вашингтон мен оның одақтастарына қарсы әрекет жасап, ең өзекті және ұзақ мерзімді қауіпке айналуда.

Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттарын теңіз державасы деп атап көрсетіп, оның өркендеуі мен қауіпсіздігі теңіздегі басымдылықты сақтау мүмкіндігіне байланысты екені құжатта жазылған. Ол үшін "Дүниежүзілік мұхиттың әр бұрышында" өзінің әскери-теңіз күшін кеңейту қажет. Америкалықтар халықаралық құқық рұқсат еткен барлық жерде жүзуді және ұшуды жалғастырады, сондай-ақ бәсекелестердің "теңіздегі амбицияларына" тоқтау салып, олардың әскери мүмкіндіктерін ыдырату мақсатында әлемнің түрлі аймақтарына өз әскери күштерін орналастырады.

Флотты күшейту

Осылайша, баллистикалық зымырандары бар атомдық сүңгуір қайықтар "АҚШ-ты ядролық шабуылдан қорғайды", ал арнайы операция күштері" ең мықты жауды да тосыннан тоқтатуға дайын". Адмиралдар әскери-теңіз күштері құрлық әскерлерін кез келген жағалауға түсіруге қабілетті деп сендіреді.

Әскери-теңіз күштерінде "агрессияны тоқтату үшін барлық құрал бар". Атап айтқанда, теңізден, су астынан және әуеден шабуыл жасауға мүмкіндік беретін ақпараттық, кибернетикалық технологиялар мен басқа да қару түрлерін меңзеп тұрса керек.

АҚШ таяу жылдардағы теңіздегі соғыста жасанды интеллектке басымдық беріп отыр. Олардың айтуынша, мұндай жүйелер соғыс кезінде өз тиімділігі мен артықшылығын дәлелдеді. Сондықтан флот оларды жаппай қолдану арқылы жаңартылады.

Ұшқышсыз ұшатын теңіз платформалары да "өмірлік маңызы бар" аппараттар қатарына жатқызылған. Олар барлау, қадағалау кезінде артықшылықты қамтамасыз етеді және флоттың шабуыл жасау қабілетін арттырады. Онжылдықтың соңына қарай Әскери-теңіз күштері роботтандырылған аппараттармен тығыз байланыс орнатып, сенімді және үйлесімді жұмыс істей алатын болуы керек.

АҚШ әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы барлық жоспарды жүзеге асыру үшін флотты нығайту және кеңейту керек деп санайды. Жоғары шабуыл қабілеттілігі бар атомдық сүңгуір қайықтар мен жер үсті кемелері қажет. Сонымен қатар, жаңа кемелер "Созвездие" тобына жататын фрегаттар секілді ықшам болуы керек.

Пентагон әуе кемелерін де есептен шығарған жоқ. Олар әскери теңіз күштерінің мақтанышы және күш көрсетудің басты құралы ретінде қалып отыр. Флоттың суасты күштерінің ерекше маңыздылығын атап өткен. Мұндағы "Колумбия" дәрежесіндегі атомдық стратегиялық субмариналар мен көп нысанды "Вирджиния" әлеуетті саналып отыр.

"Цифра" мен лазерлер

Әскери-теңіз күштерінің қолбасшылығы бір ғана техникаға сенім  артуға болмайтынын түсініп отыр. Сондықтан, жеке құрамның оқу-жаттығуларына жіті көңіл бөліп, жаудың мінез-құлқының бүге-шігесін жақсы тануға үйрету керек. Адмиралдардың пікірінше, "теңізшілер қауіп-қатерді бақылап, тез әрекет етіп қана қоймай, белгілі бір елдің азаматтарының менталитетіне қатысты ерекшеліктерін терең тану арқылы қарсылас тараптың әрекеттерін инстинктивті түрде алдын ала біліп отыруы керек".

"Алдағы қақтығыстардың" сценарийлері бүкіл әлем бойынша - Қиыр Солтүстіктен Тынық мұхитының батыс бөлігіне дейінгі аумақтағы оқу-жаттығуларда пысықталады. Мысалы, биыл АҚШ-тың әскери-теңіз күштері десанттық операциялармен бірнеше авиатасымалдаушы топтардың ауқымды маневрлерін өткізеді.

Онда алғаш рет шабуылдауға арналған жаңа қару-жарақ пен ақпараттық ресурстарды қолданатын шағын тактикалық кибер-топтар жұмылдырылады. Адмирал Гилдей бұған дейін бұл маневрлердің ауқымы "бұрын-соңды тарихта болмағанын" айтқан болатын.

АҚШ әскери-теңіз күштерінің стратегиясында ақпараттық және цифрлық технологиялар маңызды орын алады. Оларсыз әскери операцияларды орындау мүмкін емес. "Цифр" бәрін шешеді, теңіз және құрлықтағы шайқастарды жылдам әрі тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

22
Үндістан, аррхивтегі фото

Жүк көлігі жол жиегінде ұйықтап жатқан 15 адамды басып өлтірді

5802
(Жаңартылды 13:09 19.01.2021)
Болжам бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі қант қамысы тиелген арбаға соқтығысқаннан кейін көлікті басқара алмай қалған

АЛМАТЫ, 19 қаңтар — Sputnik. Үндістанның Гуджарат штатында он бес адам жүк көлігінің астында қалып, көз жұмды. Жұмысшылар жол жиегінде ұйықтап жатқан. Болжам бойынша, жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай қалған.

Полицияның мәліметінше, 12 адам оқиға орнында, қалған үш азамат медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қайтыс болды. Тағы сегіз адам ауруханаға жеткізілген. Оқыс оқиға сейсенбі, 19 қаңтарда болған.

Түркістан облысында жол жиегінде көлігін жөндеп жатқан ер адам көз жұмды

Жергілікті NDTV телеарнасы қайтыс болған жұмысшылардың барлығы Раджастан штатынан келгенін хабарлады.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Twitter арқылы қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

"Сурат қаласында болған жол апаты – үлкен қайғылы оқиға. Қаза болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне дұға етіп жатырмын", - деп жазды ол.  

Болжам бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі қант қамысы тиелген арбаға соқтығысқаннан кейін көлікті басқара алмай қалған. Арба қарама-қарсы бетте келе жатқан.  

Соқтығысу салдарынан жүк көлігінің алдыңғы терезесі шытынып, жүргізуші жолды көрмей қалған. Қазір ол қамауға алынды.

5802
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео
Алматыда жүйткіген көлік бес жасар баланы қағып кетті – видео
Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі әп-сәтте темір үйіндісіне айналды – фото
Жамбыл облысында жол жиегінде тұрған үш адамды "Камаз" қағып өлтірді
Жұмыс, қызмет

Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқартуға қатысты тапсырма берді

54
Өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.

Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.

Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

54
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметші, президент
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
2021 жылы мемлекеттік қызметшілер қандай декларация тапсырады
Президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтеді
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады