Қалыңдық

Қалыңдық үйлену тойы күні күйеу жігіттің қабіріне келді

7562
(Жаңартылды 17:51 10.10.2018)
Қос ғашық Джессика мен Кендалл Джеймс той күнін белгілеп қойған. Алайда күйеу жігіт өзгенің өмірін құтқарамын деп өзі ажал құшады

АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. АҚШ-та қалыңдық тұрмысқа шыққалы жүрген жігітінен қапыда көз жазып қалды. Қыз олардың үйлену тойы өтуі тиіс болған күні некеқияр көйлегін киіп, күйеу жігіттің қабіріне келді.

Джессика Пэджетт (Jessica Padgett) сүйіктісі Кендалл Джеймс Мерфидің (Kendall James Murphy) құлпытасының жанында фотосессияға қатысты. Ол той көйлегімен қабірдің басында тұрып, күйеу жігіттің үлкен суреті мен өрт сөндіру киімін ұстап суретке түсті. Оған туыстары мен достары қолдау көрсетті. Бұл идеяны марқұмның анасы ұсынған екен. Ол фототүсірілімді қалыңдықтың қайғысын аздап жеңілдетін болар деген үмітпен ұйымдастырған, деп жазды The Sun басылымы. 

Фотограф суреттерді Facebook-те жариялады, оны 21 мыңнан астам қолданушы бөлісіпті.

Еріктілердің өрт сөндіру жасағында болған Мерфи 2017 жылдың қарашасында көз жұмды. Ол апат кезінде көлікте қысылып қалған адамға көмек көрсетуге аттанған. Ерікті автокөліктен шыққан кезде, оны өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Колби Блейк (Colby Blake) қағып кеткен. Кейінірек жүргізушінің қанындағы алкоголь деңгейі нормадан екі есе жоғары екені анықталды. Блейк әлі күнге дейін сот алдында жауап берген жоқ.

Өрт сөндірушілердің ұлттық қауымдастығы (The National Fallen Firefighters Association) Мерфиге "отбасымен және достарымен бірге уақыт өткізгенді ұнататын жанқияр әрі жақсы адам" деген мінездеме берген.  


7562
Кілт сөздер:
трагедия, үйлену тойы, АҚШ
Тақырып бойынша
Шың басында үйленуге ұсыныс жасаған жігіт сүйіктісімен бірге ажал құша жаздады
Тойға шақырылған қонақтардан ақша талап еткен қалыңдық күйеусіз қалды
Қалыңдық тойда билеп жүріп аяғын сындырып алды
Қалыңдық жігітін бұрынғы қызын тойына шақырғаны үшін айуандықпен өлтірді
Газ құбыры

"Солтүстік ағын - 2" жобасы құрылысының кестесі нақтыланды

169
"Солтүстік ағын – 2" жобасына қатысқан даниялық Ramboll компаниясы Вашингтонның санкцияларынан сескенді, деп хабарлады БАҚ. Расында да, 1 қаңтардан бастап Америка құрама штаттары жобамен байланыстыларға қарсы шараларды күшейтті

Еуропада шиеленіс артып жатыр: немістер санкциялардан қорғайтын қор дайындап жатса, ағылшындар америкалықтардан үлгі алып жатыр, ал шведтер "газ соғысы" басталады деп секемденіп отыр. Газ құбырының тағдыры не болмақ?

"Солтүстік ағын -2" құбырының шетелдегі құрлықтағы бөлігінің құрылысы сәтті аяқталды. Қазір Германия суларында құбырлар төселуде. Одан кейін Даниядағы суларда салынады. Жоба аяқталуға бет бұрды. 1 қаңтардан бастап қорғаныс бюджеті туралы жаңа заң күшіне енді. Ол құжатта Ресейдің газ құбырына қарсы қосымша санкциялар қарастырылған.

Негізінен, мұнда мәселе тестілеу, инспекция немесе сертификаттау қызметтерін ұсынатын ұйымдарға қатысты болып отыр. Норвегиялық DNV GL компаниясы қазірдің өзінде газ құбырын тексеру бойынша барлық әрекеттерді тоқтататынын және оны сертификаттай алмайтынын мәлімдеді.

АҚШ Сенатындағы республикашылардың көшбасшысы Митч Макконнелл бұған дейін қорғаныс бюджеті туралы заң мемлекет қауіпсіздігінде және "Қытай мен Ресей сияқты қарсылас державалардың жолын кесуде" шешуші мәнге ие екенін мәлімдеді. Бұл құжат АҚШ-тың "теңіздегі, құрлықтағы, әуедегі, киберкеңістіктегі және ғарыштағы басымдылығын" бекітеді. 

"Газпром" енді шамамен 150 километр құбыр салуы керек (120 – Данияда және 30-дан астам Германияда). Газ құбыры 94%-ке дайын. 

11 қаңтарда Германияның аймақтық суларындағы жұмыс бір жылдық үзілістен кейін қайта жанданды. 15 қаңтардан бастап Дания жағалауында құбыр тқсеу басталады. 

"Фортуна" құбыр төсейтін кемеге "Мурман" және Ресейдің теңіздегі құтқару қызметінің "Балтийский исследователь" кемелері және тағы басқа қамсыздандыру кемелері көмектеседі. Теңізде құбыр төселетін аймақтың екі жағынан ені 200 метр уақытша шектеу орны құрылады. 

"Газпром экспорт" бас директоры Елена Бурмистрова теңіздегі учаскенің құрылысын аяқтау көпи жағдайға, соның ішінде, ауа райына байланысты болатынын мәлімдеді. 

Ал АҚШ СА-2 құрылысына қол ұшын беріп жатқан компанияларды қорытып-үркітуін тоқтатар емес. 

"Біз тәуекелдер жайлы хабардар етіп, кеш болмай тұрғанда серіктестіктен бас тартуға шақырып отырмыз", - деді Мемлекеттік департаменттегілер. Reuters агенттігінің ақапараты бойынша, алдағы күндері Ақ үй "тиімсіз компаниялар" тізімін жариялайды. 

Ресей СІМ "газпромның" шет елдердегі серіктестеріне АҚШ қанша қысым көрсетсе де, бұл жоба сәтті аяқталатынына Ресей еш күмән келтірмейтінін айтты. Германия "Солтүстік ағын -2" жобасын экономикалық жоба ретінде қарастыруды жалғастыруда және АҚШ-тың экстерриториялық санкцияларына қарсы. Германия парламенті " MV климатын және қоршаған ортасын қорғау" атты экологиялық қор құру туралы шешім қабылдады. 

Бұл қор америкалық санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік береді. Мекеме жоба аясындағы қажетті жабдықтарды сатып алуға құқылы және ол ең алдымен газ құбырын экология үшін маңызды деп шешім шығарады. Санкциялар қупі төнген компаниялар осы кәсіпорын ұсынатын экономикалық құралдар арқылы ресейлік тараппен өзара әрекеттесе алады. 

Айта кету керек, немістер санкциялардан қорғанып үлгеретіні жөнінде сарапшылар екіұдай пікір білдіруде. Себебі, бір жағынан, қор Вашингтонның барлық күш салуын жоққа шығаруға жеткілікті инвестициялар мен құзыретке ие болды. Ал, екінші жағынан бұл қорды құру идеясы "жасыл экономиканы" жақтаушылардың наразылығын тудырды. Соондықтан, СА-2 жақтаушылары қоршаған орта үшін қауіпті жобаны "жасыл" деп жіктеуге қарсылық білдіргендермен келісімге келуі керек. 

Өнеркәсіптік сарапшы Леонид Хазанов қалай болғанда да Германия Вашингтонның жетегінде кетпейді. 

"Әрине, қор санкцияларға ұшырайды, бірақ олардың әсері болмайды. Оның мердігерлеріне қарсы олар жаңа заң жобасын дайындап, оны Конгресс арқылы қабылдауы және президенттің қол қоюын күтуі керек болады. Бұл процесс алты айға дейін созылуы мүмкін. Осы уақыт ішінде "Солтүстік ағын – 2" жобасының құрылысы аяқталып үлгереді", - деп санайды сарапшы. 

Британдық парламентші консерватор Дэниел Кочинскидің айтуынша, британдықтар Еуроодаққа мүше болмағандықтан, "америкалық достарының ізінен еріп, "Солтүстік ағын – 2" жобасына тартылған барлық компанияларға қарсы санкциялар енгізу керек". 

Ал, Швециядағылар Джо Байденнің президент болуы газ құбыры үшін елге жақын маңда "газ соғысының" басталуына ықпал етеді ме деп қорқуда. Жергілікті басылым, америкалық демократтың Дональд Трампқа қарағанда әлдеқайда қатал екенін атап көрсетті.

169
Көлік, жол

Көлік дәмхана ішіне кіріп кетті оқиғаның видеосы тарады

678
Көлік жүргізушісі жол қиылысында рөлге ие бола алмай, дәмхана есігіне соғылды.  Дәл осы сәтте жаяу жүргіншілер жолдан өтпек болған

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында көлік дәмхананың шыны есігін бұзып, ішіне кіріп кетті.

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Видеоны LIFE SHOT Telegram-каналы жариялады.

Ақпаратқа сәйкес, жағдай Петроград ауданының Большая Монетная көшесінде болған. Көлік жүргізушісі жол қиылысында рөлге ие бола алмай, дәмхана есігіне соғылды. Дәл осы сәтте жаяу жүргіншілер жолдан өтті. 

Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

678
Тақырып бойынша
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Нұр-Сұлтан автобусындағы жанжал: жүргізуші жұмыстан шеттетілді
Автокөлік орындығын қыздыру неге қауіпті - видео
Алматыда BMW бетон қабырғаға соғылды – көліктің сау-тамтығы қалмаған
Алматы орталығында жүргізуші танысына оқ атты