Қыз

Үндіге еліктеймін деп күлкіге қалды: тойда болған ерекше оқиға видео

14165
(Жаңартылды 19:52 15.10.2018)
Үйлену тойында бидегі серігін үндіше жақсы көргісі келген әйелдің әрекеті жиналған жұрттың көңілін көтерді

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Арменияда той кезінде билеп жүрген толық әйел серігін бар салмағымен басып қалып, жиналған жұртты күлкіге қарық қылды. 

 Sputnik Арменияның мәліметінше, оқиға үйлену тойында болған. Ер мен әйел үндінің әйгілі "Джими" әнін естігенде, сабыр сақтап тұра алмай, билей жөнелген. Бір кезде әйел серігінің құшағына секіремін деп, оны бар салмағымен басып қалады.

80-ші жылдардағы атақты үнді киносы кейіпкерлерінің өнерін қайталағысы келген "бишілердің" әрекеті тойға жиналған жұрттың көңілін көтеріп тастады.    


14165
Кілт сөздер:
би билеу, үйлену тойы, видео, Армения
Тақырып бойынша
Қалыңдық тойда билеп жүріп аяғын сындырып алды
Шымкенттегі тойда 4,2 метрлік торт қонақтарды таңғалдырды
Үйлену тойында қалыңдықтың көйлегі өртке оранды
Мейрамханадағы үйлену тойында уланғандар саны 151 адамға жетті
"Басқа проблема жоқ па?" Тоқаевтың тойға қатысты ұсынысы кімге жақпай қалды?
Таулы Қарабақ

Таулы Қарабақтағы жағдайды реттеу неге Батыстың көңілінен шықпады?

8
Францияның сыртқы істер министрі өз елі Таулы Қарабақ тұрғындарына көмек ретінде ұйымдастырған гуманитарлық миссияның жай-жапсарымен бөлісті. Бұл жерде өңірге хирургтер мен медициналық-хирургиялық жабдықтарды жөнелту миссиясы туралы сөз болып отыр

АҚШ өз кезегінде Халықаралық Қызыл Крест комитетіне және қақтығыстың өршуінен зардап шеккен адамдарға көмек көрсететін басқа да үкіметтік емес ұйымдарға бес миллион доллар бөлумен ғана шектелді, деп жазады РИА Новости.

Қарабақтағы жағдайды реттеуге Париж бен Вашингтонның аса ықыласы жоқ екені қос мемлекеттің "қорланған намыс" бейнесіне енгені туралы айтқан Сергей Лавровтың сөзін растап отыр.

Бұл жөнінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те мәлімдеп, АҚШ пен Франция қол жеткен келісімге қатысты оң көзқарасын кеш те болса білдірді деген атап өткен болатын.

Ал Анкара өз ойын күмілжімей ашық білдірді. Түркия президентінің баспасөз хатшысы Батыс мүддесін білдіретін НАТО мен ЕО отыз жылдың ішінде қарабақтық қақтығыс бойынша нақты әрі шынайы шешімдер ұсына алмағанын бетке айтып, Ресей мен Түркия бұл мәселеде "өзара түсіністікке қол жеткізгенін" мәлімдеді.

Таулы Қарабақ бойынша келісімдер Батыстың, әсіресе, ЕҚЫҰ Минск тобының Ресеймен бірге тең төраға болып табылатын АҚШ пен Франция үшін аса ауыр жеңіліс болғаны жайлы БАҚ жарыса жазды.

The National Interest журналистерінің сөзіне сенсек, осы жолы Батыс қалың ұйқыға кеткен секілді. Ол соғыс әрекеттерінің қайта өршуіне таң-тамаша қалса, ресейлік бітімгерлерді ел аумағына енгзуге рұқсат еткен келісімге қол қойылуын да жіберіп алған сияқты. Басылым орын алған оқиғаға Путин мен Эрдоғанның әңгімесі туралы ақпаратты қолына түсіре алмаған америкалық барлау қызметін айыптап отыр. Соның салдарынан өңірдегі АҚШ позициясы әлсіреп қалды.

Алайда, шын мәнінде, жағдай одан да нашар. Себебі, "барлау қызметі жұмыс істемеді" деген ұстаным осы оқиға барысында АҚШ сәтсіздігінің әлдеқайда ауқымды сипатын жасыруға мүмкіндік береді.

Қақтығыстың салыстырмалы түрде жергілікті сипатына қарамастан Қарабақтағы реттеу жаһандық саяси жүйе басынан өткеріп жатқан өзгерістердің түбегейлі жаңа кезеңін айқындап тұр. Бұл Құрама Штаттары мен Еуропа барлық қатысушы тарап үшін бірден қажетсіз серіктес болып табылған кезде алғаш рет болды.

Соңғы үш онжылдықта Батыс гегемониясының басты белгісі олардың барлық жерде болуы және жаппай қажеттілігінде болды. Қандай жағдай болсын, қандай дау-дамай болсын, тіпті, түрлі елдердегі ішкі саяси келіспеушіліктер бойынша да Батысқа жүгінетін, одан қолдау мен көмек күтетіндер барлық кезде табылып жатты. 

2014 жылдың көктемінде украиналық әскерилер ресейлік әскери нысанды "Америка бізбен бірге!" деген ұранмен басып алмақшы болуын осы әдістің айқын үлгісі ретінде қарастыруға болады. Бұл күлкілі болғанымен, бірқатар адамдардың, соның ішінде, Беларусьтен Венесуэлаға дейін, Сириядан Гонконгқа дейінгі азаматтардың ойлау үлгісін дәлме-дәл айқындап отыр.

Бірден қатысушы тараптармен Қарабақтағы қазіргі реттеулерден Батыстың шеттетілгені мұны ерекшелендіріп отыр. Бұл келіссөздер жүргізу процесі күрделі болғанын білдіреді.

Қалыптасып кеткен әлемдік дәстүрге сай әрекет етіп, өз позициясын күшейту үшін Штаттар мен Еуропаны қатыстырудың орнына барлық мемлекет "өзара шешеміз" дегенді ұстанды. Расымен шешті.

Сонымен бірге, әледік жүйеде ерекше мәртебедегі АҚШ-тың ықпалы мен наразылығы деген мәселеге тағы бір соққы жасалды. Тәжірибе көрсеткендей, бірінші талпыныстың артынан кезекті талпыныстар ере береді.

Америкалықтар кез-келген түйіткілді мәселеде өз барлау қызметін айыптауды әдеттеніп алды. Бұл қолайлы әдіс. Себебі, өз барлау қызметін айыптау арқылы Құрама Штаттары мен Батыстың ұйымдағы эксклюзивті мәртебеден айырып жатқанын жасыруға мүмкіндік береді.

8
Диего Марадона

Аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона неден көз жұмғаны айтылды

423
(Жаңартылды 08:39 26.11.2020)
Әйгілі спортшы небәрі алпыс жаста еді. Қазан айының соңында оның миына ота жасалғаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша - Sputnik. Футболдан әлем чемпионы аргентиналық Диего Марадона қайтыс болды, деп хабарлайды TN телеарнасы.

Ол небәрі 60 жаста еді. 

Әйгілі спортшы 30 қазан күні медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген. Миына ота жасалды. Марадона 12 қарашада ауруханадан шықты.

30 қазанда Марадонаның 60 жасқа толуына орай Аргентина чемпионатының 1-турында оның командасы "Химнасия и Эсгрима" "Патронато" (3:0) матчы өтті. Сол күні әйгілі спортшы көпшілік алдына соңғы рет шықты. Матч басталмас бұрын оған естелік тақта сыйға тартылды. Марадонаның емделіп кетуіне алкогольдік және есірткі тәуелділігінің салдары кедергі болғаны айтылып отыр.

2018 жылы ФИФА сайтындағы дауыс беруге сәйкес, Марадона ХХ ғасырдың үздік футболшысы атанды. Ол "Архентинос Хуниорс", "Бока Хуниорс", "Барселона", "Наполи", "Севилья" және "Ньюэллс Олд Бойз" клубтарында ойнады. 91 матч өткізіп Аргентина құрамасы сапында 34 гол соқты. Диего Марадона 1986 жылы футболдан әлем чемпионы атанды.

Марадона Аргентина құрамасы, аргентиналық "Расинг" және "Химнастия" клубтарының бапкері болды. Бұдан бөлек, "Аль-Васл" және "Аль-Фуджайра" араб клубтарын жаттықтырып үлгерген. Аз уақыт Беларусьтің "Динамо Брест" клубының президенті болды.

423
Кілт сөздер:
футбол, Диего Марадона
Тақырып бойынша
Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады
Әлемге әйгілі футболшы қамауға алынды
Қазақстандық футболшы 25 жасында көз жұмды
Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшы кім
Белгілі қазақстандық футболшы әрі бапкер қайтыс болды
Өзен, су

Қазақстанда тасқын судың есебінен электр энергиясы арзандауы мүмкін

5
(Жаңартылды 12:17 26.11.2020)
Қазір гидроэлектр станциялар табиғатты қорғау үшін су жіберу кезеңінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан парламенті жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері туралы заңды қабылдады. Оған сәйкес, елде су тасқыны кезінде өндірілетін электр энергиясының есебінен тариф төмендетілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісовтің айтуынша, қазір гидроэлектр станциялар табиғатты қорғау үшін су жіберу кезеңінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатады. Ал оны трейдерлер сатып алады. Осылайша, мемлекет тасқын судан өндірілген электр энергиясының бағасына араласа алмайды. 

"Жүйелік оператордың деректері бойынша көктемгі су тасқыны кезінде жыл сайын орта есеппен 300 миллион кВтс электр энергиясы өндіріледі. Орталықтандырылған сауда-саттықта трейдерлер электр энергиясын 1 кВтсағ үшін 2-3 теңгеге сатып алып, оны екі-үш есе қымбатқа сатады. Осыған байланысты, гидроэлектрстанциялардың су тасқыны электр энергиясын "КЕГОК" АҚ-ға қарайтын қаржы-есеп орталығына сату міндетін заңнамалық түрде бекіту ұсынылады", - деді мәжілісмен. 

Айтуынша, бұл арзан электр энергиясы елдің барлық тұтынушылары арасында бөлінеді. 

Сонымен қатар, заң жобасы Қазақстанның электр энергетикасы жүйесінің сыртқы көздерге тәуелділігін төмендетпек. Атап айтқанда, қазір Ресейге кетіп жатқан ақша өз елімізде қалады. Ал бұл жыл сайын шамамен 10-12 миллиард теңге.

Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға "өтпелі тариф" белгіленіп отыр. Заң жобасында "жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы" ұғымы көзделген, ол шекті тарифтен тыс ескеріледі.

Жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын сатып алуға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайту ұсынылды. Ол инвесторға аукциондық сауда-саттықта неғұрлым төмен тарифтерді ұсынуға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сенат заңды бірауыздан қабылдады.

5
Кілт сөздер:
электр энергиясы, су, Қазақстан
Тақырып бойынша
Сарапшы елордадағы экомешіттің не себепті электр қуатын тарата алмағанын айтты
Елордалық жылу электр орталықтары ішінара газбен жұмыс істей бастады
Петропавлда жол апатының алдын алған автобус электр бағанын құлатты – видео
Алматының жылу электр орталықтары түгел газға көшіріледі
Вице-министр атом электр станциясы қандай жағдайда салынуы мүмкін екенін айтты