Әлем

Күйеу де, ақша да жоқ. Қалыңдық тұрмысқа шығамын деп барынан айырылды

CC0 / trysh / Қалыңдық, той
Қалыңдық, той - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалыңдық 3 мың долларға бал айын ұйымдастырып қойған

АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. АҚШ тұрғыны барлық шығынды өзі өтесе де, күйеу жігітінің тойға келмей қойғаны туралы айтты, деп хабарлайды New York Post сайты.

қалыңдық, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Бойжеткен күйеу жігітінің мәйітіне тұрмысқа шықты
Өзін Саша (Sasha K.) деп атаған бойжеткен он жыл бойы кездесіп жүрген сүйіктісінің тойға келмей қойғаны туралы айтты. Мұнымен қатар, күйеу жігітінің мейрамхана жалдап қойғаны және алдын ала оған 500 доллар төлегені туралы өтірік айтқаны белгілі болды. Шын мәнінде күйеу жігіт той залын жалдамаған. Осының салдарынан алыстан ұшып келген қонақтар да ғимаратқа кіре алмады.

Саша өзі үш мың доллар төлеп қойған Грециядағы бал айының болмайтыны, жүрегінін қатты жараланғаны туралы айтты. Сақтандыру компаниясы оған шығынды өтеуден бас тартқан.
Қалыңдық той көйлегіне үш мың доллар, диджей қызметіне 2,4 мың доллар, төрт мың съемкі үшін және екі мың доллар өзге керектілерге жұмсаған. Оның айтуынша, күйеу жігіт шаш үлгісі мен маникюріне 300 доллар ғана берген.

Саша сүйіктісінің бұл әрекеті туралы қонақ үйде құрбыларымен тойға дайындалып жатып білген.

"Он жылға ұласқан қарым-қатынасымызға 10 минут ішінде нүкте қойылды. Құдды ұйықтап, қорқынышты түс көріп жатқандай күйдемін", — деді ол.

Желі қолданушылары өз кезектерінде оған қолдау білдіріп, мұндай адаммен ертелі-кеш әйтеуір ажырасып кететінін айтып жұбатты.

"Тойға сен көп ақша жұмсадың. Мұның өзі ер адамның саған үйленгісі келмегенін көрсетеді", — деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Арасында Сашаға Грецияға жалғыз барып демалып келуге кеңес бергендер де болды.

Жаңалықтар
0