АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне пародия жасайтын актер Алек Болдуинге сәттілік тіледі.
Голливуд жұлдызы жұма күні Нью-Йоркте ұсталған. Болдуин Манхэттен аудандарының бірінде бір адамға жұдырық ала жүгіргенге ұқсайды. Құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сенсек, төбелес автотұрақта болған, деп хабарлайды РИА Новости."Мен оған сәттілік тілеймін", - деді шуға қатысты журналистерге түсініктеме берген Трамп.
Алек Болдуин – америкалық актер, кинорежиссер, "Алтын глобус" және "Эмми" жүлделерінің иегері. Демократиялық көзқарастарымен танымал Болдуин бұған дейін америкалық телеарналардан берілетін әзіл-сықақ бағдарламасында Трампқа пародия жасаған.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттары Дастан Бекешев пен Бақтыбек Райымқұлов парламент отырысында бірін-бірі балағаттады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Отырыс кезінде Райымқұлов Бекешевтің қасына жақындайды. Алдымен депутаттар жай сөйлесіп тұрған, кейін қатты айғайлап, бірін-бірі балағаттай бастады.
Содан соң Райымқұлов микрофонға шығып, спикерден оның заң жобасын тезірек қарауды сұрады.
Дау-жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Бұған дейін отырыста Бекешев "кейбір депутаттар жемқорларды қолдап митингке шығатынын, ал мына жерде халық алдында басқаша сөйлеп, билікке жағуға тырысатынын" мәлімдеген еді.
Айта кетсек, Бақтыбек Райымқұлов 28 ақпанда Ошта өткен митингте бұрынғы кеден төрағасының орынбасары Райым Матраимовты қолдап сөз сөйледі.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Өскемен тумасы, танымал Stand-up сықақшы Евгений Чебатков ресейлік видеоблогер Юрий Дудьке сұқбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Чебатков бірнеше тілде еркін сөйлейді. Ол тіпті сахнада ағылшын тілінде әзіл айтып, видеолар түсіреді. Сықақшы меңгерген тілдердің қатарында қазақ тілі де бар.
"Қазақ тілінің қуаты мен энергетикасы мықты. Осы үшін қазақ тілін жақсы көремін. Ол эмоцияға толы, мықты тіл. Бұл тілдегі балағат сөздердің өзі басқаша естіледі", - деді Чебатков.
Сықақшы "Борат" және "Борат 2" фильмдеріне қатысты көзқарасымен бөлісті.
"Мен алғаш рет Канадада, колледжде сахнаға шықтым. Сол кезде мен Қазақстан – Борат деген теңеумен келіспейтінімді жеткіздім. Саша Барон Коэн актер ретінде маған ұнайды. Қазір "Борат 2" фильмі жарық көрді. Оны жақсы көңіл-күймен көріп шықтым. Фильм мен Қазақстан арасында ешқандай ұқсастық жоқ. Біз, Қазақстанды жақсы көретін қазақстандықтар, бұл жағдайға күле қарау керекпіз. Фильмде еліміздің атауы мен туы қолдаанылғаны менің намысыма тигені рас", – деді ол.
Дудь сықақшыдан қазір Қазақстандағы болып жатқан шығармашылық жағымды өзгерістер жайлы сұрады.
"Елде таңғаларлық мультимәдени микс пайда болды. Жалпы қазақтар өмірге құштарлығымен ерекшеленеді. Оларды аңыз-тарихтарды әңгімелеуі, өмір сүру салты ерекше" – деп бөлісті Чебатков.
Евгений Чебатков 1990 жылы Өскеменде туған. Ол біраз уақыт АҚШ пен Канада тұрған. Stand-up жанрындағы әзілдерінің арқасында танымал болды.
НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз — Sputnik. Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің біріндегі кіреберістен күйік шалған мысық табылды.
Жартылай жанып кеткен мысықтың суреті әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін zverohelp_astana волонтері Вероника Бродецкая көмек көрсету үшін оны алып кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Кеше түнгі 11 шамасында "Сырдария" тұрғын үй кешенінде жанып кеткен мысық табылғаны туралы ақпарат алдық. Адамдар 109 желісіне хабарласып, мысыққа көмек көрсеткісі келген. Бірақ біз тез арада пост авторымен байланысып, мекенжайға жеттік. Мысық 11-ші қабатта болған. Оның үсті-басының бәрі жанып кеткен, табанының барлығы күлге айналған", - деді Вероника Бродецкая.
Хэлл Бой деген есім қойылған мысықтың денесінің 70%-ін күйік шалған. Ветеринарлық клиникада оған жедел көмек көрсетілді. Ол жазылу үшін бірнеше ай ем қабылдауы керек. Қазір марғау ветеринарлардың бақылауында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Оның тіндерінде некроз пайда болып, интоксикация туындау қаупі бар. Қазір дәрігерлер қолдан келгеннің барлығын жасады. Ашық отқа жанып кететіндей бұл мысық қайда кіріп кеткенін түсінбеймін. Оның үстіне ол әдейі отқа түспейді. Түсініксіз жағдай", - дейді астана тұрғыны.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Волонтер Вероника Бродецкая мысық аман қалса, оған жаңа үй табатынына сенімді.