АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. АҚШ-тың Техас штатында жас жұбайлар неке қию рәсімінен соң бір сағаттан кейін тікұшақ апатынан көз жұмды. Бұл туралы жергілікті ABC13 телеарнасы хабарлады.
Әуе апаты техастың оңтүстігінде болды, күйеу мен қалыңдық отбасылық фермада үйлену тойын тойлаған. Салтанатты рәсімнен кейін олар ұшаққа отырып, Ювальда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 мил қашықтықта апатқа ұшырады. Жастар мен ұшқыш көз жұмды.
Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес тікұшақтың апатқа ұшырау себебін анықтап жатыр, деп жазды korrespondent.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын АҚШ-та тіркемелер тұрағына тікұшақ құлаған болатын. Екі адам көз жұмып, біреуі зардап шекті.
Ресейде 18 адам мінген тікұшақ құлады: жолушылардың бәрі қаза болды
Бұған дейін Ауғанстан әуе күштерінің тікұшағы елдің батысындағы Фарах провинциясында құлады. Бортта әскери шенеуніктер мен провинция кеңесінің мүшелерін қосқанда, кем дегенде 20 адам болған.
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. АҚШ Ресей шекарасына жақын орналасқан Норвегияда әскерін күшейтіп жатыр. Мұнда қаңтарда мыңға жуық теңіз жаяу әскері қоныстанды. Ал америкалық саясаткерлер мен генералдар Арктикадағы шиеленістің күшеюін жиі сөз етіп жатыр. Бірақ, сарапшылардың пікірінше, бұл шиеленісті тудырып жатқан да өздері, деп жазды РИА Новости.
Теңіз жаяу әскерлері ротация аясында Солтүстік Каролинадан Норвегияға қоныс аударды. Америкалықтар бірнеше жылдан бері осындай қулыққа барып жатыр: бір бөлімшені басқа бөлімшемен ауыстырып, АҚШ-тың әскери контингенті елден кеткен емес.
Теңіз жаяу әскерлерінің міндеті – Норвегия нұсқаушыларының жетекшілігімен Арктиканың қатал жағдайында ұрыс қимылдарын жүргізуді үйрену және НАТО-дағы әріптестерімен тығыз іс-әрекетті пысықтау.
Ақпан айында америкалықтар, норвегиялықтар, сондай-ақ голландиялықтар мен британдықтар – барлығы он мыңға жуық жауынгер Joint Viking 2021 ауқымды маневрлеріне қатысады. Натолықтар әскердің үлкен қашықтықтарда жылдам орын ауыстыруын пысықтап, барлық деңгейде ақпарат алмасу әдістерін игереді және бірнеше бірлескен операция жүргізеді.JointViking оқу-жаттығулары жыл сайын өтеді. Броньды техника, артиллерия, авиация, кемелер және суасты қайықтары орманды немесе таулы алқапта бірнеше жүздеген шаршы километр аумақта жоғары қарқынды соғыс жағдайын қалыптастырады.
Әскери сарапшы Александр Жилин РИА Новостиге берген сұхбатында АҚШ-тың әскери доктринасына сәйкес, олардың армиясы ең алдымен шетелде соғысуға дағдыланатанын айтты.
"Сондықтан, мемлекеттің саясаты америкалық әскери күш басқа елдерде үнемі жауынгерлік операциялар, барлау, аэродромдарды айнала ұшу, теңіз жолдарын айналып өтуді пысықтау мүмкін болатындай етіп құрылды", - деп түсіндірді ол.
Сарапшының айтуынша, Пентагон жағдайды әдейі шиеленістіріп отыр. Себебі, АҚШ пен НАТО Арктикадан дәмелі.
"Теңіз жаяу әскерінің оқу-жаттығулары қорғану емес, шабуылдау сипатында өтеді, - деп сенім білдірді Жилин. – Соның ішінде, Ресейге қарсы әрекеттер пысықталады. НАТО-ның Еуропадағы маневрлеріне тұтастай сипаттама берер болсақ, онда олар Мәскеу үшін шиеленіс аймақтарын құру бойынша ұйымдастырылатыны анық. Біздің әскер алаңсыз отыра бермейді, әрине. Әсіресе, Норвегияда болып жатқан оқиғаларға қатысты әрекет ету керек. Ешқандай дегбірсіздік жоқ, бірақ біз кез келген арандатушылыққа жол бермей, жағдайды толығымен бақылауды ұстау керекпіз".
"Валдай" аналитикалық клубының сарапшысы Артем Куреев америкалықтардың Аляскада Арктикадағы әскери әрекеттерді пысықтауға арналған инфрақұрылымы бар екенін айтты. Бірақ АҚШ сонда да оқу-жаттығуда Норвегияда өткізуді ұйғарып отыр.
Вашингтонның Арктикаға берік орын теуіп, ол жақтан басқа мемлекеттерді ығыстырғысы келген ниетіне Әскери-теңіз күші мен Теңіз жаяу әскері корпусының жаңа Арктикалық стратегиясы дәлел. Бұл құжатта "арктикалық өңірге америкалықтардың әскери-теңіз араласуы болмаса, әлемге төнген Ресей мен Қытай қаупі азаймайды" деп жазылған.
АҚШ Әскери-теңіз күштерінің хатшысы Кеннет Брейтуэйт атап өткендей, Ресей жағалауына жақын акваторияны патрульдеу және "Мәскеудің Қиыр Солтүстікке шабуыл жасауына" жол бермеу мақсатында Пентагон тұрақты түрде Арктикада әскери кемелер мен сүңгуір қайықтарды орналастырады.
Мойындау керек, АҚШ Солтүстікке нық орналасып алды. Норвегия бұл мәселеде басты рөл ойнап отыр. Қыркүйек айында норвегиялық Тромсе портына Seawolf субмариналары қоныс тебетіні туралы хабарланды. Бұл сүңгуір қайықтар ресейлік суасты қайықтарының бағыттарын бақылауда ұстауға негізделген.
Пентагон Арктикадағы әуе күштерін нығайтуға шындап кірісті. Өткен жылы америкалық және норвегиялық әскери-әуе күштерінің ауқымды оқу-жаттығулары өтті. Алты B-52 Stratofortress стратегиялық бомбалаушылары Солтүстік полюстің үстімен ұшып өтіп, Норвегия әскери-әуе күштерінің жойғыштарымен бірге жаттығу жасады.
НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин оппозиционер Алексей Навальный өз зерттеуінде айтқан "Геленджиктегі сарай" туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.
Сұрақ Ресей студенттері күніне орай ұйымдастырылған университеттегі кездесу кезінде қойылды.
"Сіздің сұрағыңызға бірден жауап бергім келіп тұр. Ол жерде менің меншігім ретінде көрсетілгеннің ешқайсысы маған да, менің жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болмаған. Ешқашан", - деп жауап берді Путин.
Ол сондай-ақ, бұл көптен бері көпірте айтылып келе жатқанын, "азаматтардың санасын шаю" үшін толықтырылып отырғанын мәлімдеді.
"Бұл ақпарат он жылдан астам уақыттан бері көпірте айтылып келе жатыр. Қалай болғанда да, қазір өте ыңғайлы уақыт, бәрін жинап, осы материалдармен біздің азаматтарымыздың санасын шайып тастауға шешім қабылдады. Оны интернетте жариялаған – онда қандай да бір фильмдер, видео бағдарламалар бар", - деді президент.
Төрт мыңға жуық адам жиналған: Мәскеу алаңында не болып жатыр
Сондай-ақ, Ресей басшысы фильмді құрастыру кезінде халықты адастыру мақсатында монтаж қолданылғанын мәлімдеді.
"Олар менің баттерфляй стилінде жүзіп жүрген суретімді жариялады. Кейде осылай жүзгенді ұнатамын. Бірақ ол бассейнде ешқашан болмағанмын. Неғылған бассейн екенін білмеймін. Бірақ осылай жүздім. Қашан және қайда? 2016 жылы Енисейде. Сондықтан бұл компиляция, монтаж", - деп түйіндеді Путин.