Парижде Femen әйелдер қозғалысының белсендісі жалаңаштанған төсімен АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежіне тап берді

Төсін жалаңаштаған әйел президенттің кортежіне тап берді

2228
Парижде 11 қарашада Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына орай ауқымды шара өтіп жатыр

АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Парижде Femen әйелдер қозғалысының белсендісі жалаңаштанған төсімен АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежіне тап берді. 

Оқиға кезінде Трамптың кортежі Салтанат қақпасына қарай бара жатқан. Бүгін Францияның астанасында Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының жүз жылдығын тойлауға ондаған әлем көшбасшысы жиналды. 

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, жартылай жалаңаш қыз жандармдардың қатарын бұзып өтіп, америкалық президенттің көлігіне қарай "Жалған бітімгерлер" деп айғайлап жүгірген. 

Француз полициясы бірден әйелді ұстап әкетті. 

Femen – тіркелмеген украиналық қозғалыс. Әйелдер акциялар ұйымдастырып, назар аударту үшін төсін жалаңаштап алады. 

2228
Кілт сөздер:
Дональд Трамп, кортеж, әйел, femen
Тақырып бойынша
Трамп Назарбаевтан не сұрады: Елбасы АҚШ президентімен арада болған әңгіме туралы айтты
Ақтауда жас жұбайлар той үстінде кортеж көлігін айырбастауға мәжбүр болды
Трамп Ким Чен Ынмен кездесуі туралы: бір-бірімізге ғашық болдық
Трамп: парик киетіндер сайлауға түспей-ақ қойсын
Трамп Франция президентінің қайызғағын қағып берді
Ухань, архивтегі фото

Уханьда қайтадан коронавирус анықталды 11 миллион адам тексерістен өтеді

590
(Жаңартылды 17:55 03.08.2021)
2020 жылы Ухань қаласында вирус жұқтыру көрсеткіші төмендеп, артынша науқастар қайта тіркеле бастағаннан кейін халықты бір рет тексерген

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласында коронавирус жұқтырған адамдардың саны көбейе бастады. Осыған байланысты жергілікті билік барлық қала тұрғынын – 11 миллион адамды қайта тексеріп шығуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Global Times.

Бұған дейін қалада COVID-19 жұқтырған адам болмаған. Былтырдан бері бірлі-жарым жағдай ғана тіркелген. Ал дүйсенбі, 2 тамызда жергілікті билік 7 адамның вирус жұқтырғанын мәлімдеді. Ауру қайта тарап кетпес үшін қала тұрғындарының бәрін тестілеуден өткізуге шешім қабылданды.   

Ресми мәліметке сәйкес, инфекцияны алдымен Чжуанькоу ауданының тұрғыны жұқтырған. Одан кейін онымен жақын араласқан алты адам ауырып қалыпты. Қазіргі кезде науқастың тұратын және жұмыс істейтін жері, тұтас аудан оқшауланды.   

Қала метросында карантин шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, адамдардың бәрі міндетті түрде бетперде киюге тиіс. Дене қызуы да тексеріледі. Ал Чжуанькоу орамында бірнеше станция уақытша жабылды. Билік халықты вакциналауға белсенді түрде қатысуға үндеді.     

Жергілікті халық қолға алынған шараларды қолдап отыр. Барлығы қатты қажеттілік болмаса, далаға шықпауға тырысады.

2020 жылдың мамырында, Ухань ауруханасынан соңғы науқас жазылып шыққаннан кейін араға бір ай салып, қалада вирус жұқтыру жағдайлары қайта тіркеле бастады. Содан шұғыл штаб барлық адамды тестілеуден өткізуге тапсырма берген.

590
Анталья

Антальяда ресейлік туристер мінген автобус аударылды видео  

71
(Жаңартылды 11:00 03.08.2021)
Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, аударылып қалды. Қоғамдық көлікте болған туристердің барлығы – Самара тұрғындары

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Түркияның Анталья провинциясында болған жол апатынан үш Ресей азаматы қайтыс болды. Бес адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Туристік автобуста Ресейдің 22 азаматы болған. Барлығы "НТК Интурист" туристік операторы арқылы демалуға келген. Полиция таратқан мәліметке сәйкес, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып аударылып кеткен.

Жол апатынан үш адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, бес адам ауыр жарақат алды. Екеуі жансақтау бөліміне түсті. Зардап шеккендердің бәрі жақын орналасқан ауруханаларға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

Туроператордың мәліметі бойынша зардап шеккендердің жанында орыс тілін білетін гидтер жүр. Туристердің барлығы сақтандыру жүйесімен қамтылған.

71
Кілт сөздер:
видео
Автомат в руках афганского ополченца в Мазари-Шарифе

ҰҚШҰ тәлібтердің шабуылына төтеп беруге дайындалып жатыр

0
Орталық Азия елдері мен Ресей Ауғанстанмен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуды көздегенімен ауған жеріндегі ондаған террористік топ бар екенін ұмытып отырған жоқ

Ресей мен Өзбекстан әскерінің бірлескен оқу-жаттығулары 2 тамызда өзбектердің Ауғанстанмен шекаралас Термез тау полигонында басталды. Әскери топтар Өзбекстанның аймақтық бүтіндігін қамтамасыз ету және қорғау бойынша әрекеттерді пысықтап жатыр. Оқу-жаттығу барысында құрлықтағы күш, соққы жасау авиациясы, заманауи барлау және нысанды анықтау жүйелері қолданылды.

Маневрлерге 1500 сарбаз бен офицер, 200 әскери техника, ресейлік Кант авиабазасындағы Су-25СМ шабуылдаушылар тобы тартылды. Ұшқыштар әуеден жасалған соққы арқылы бірлескен әскердің әрекеттеріне қолдау көрсетеді.

ҰҚШҰ күштері де тыс қалған жоқ. Ресейдің Кант біріккен әскери авиабазасы – жедел әрекет ету бойынша ұжымдық күштердің авиациялық компоненті. Кант авиабазасы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің территориясы мен әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

1 тамызда 200-ге жуық өзбек әскери қызметкері Ауғанстанмен шекаралас Харб-Майдон тәжік полигонына келді. Мұнда 5-10 тамыз аралығында Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстан әскерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтеді. Ол әрекеттер осы үш мемлекеттің бірлескен әскери топтарының соғыс кезіндегі үйлесімділігінен басталады. Жалпы Термез бен Харб*-Майдон полигондарындағы шекаралық оқу-жаттығулар Ресей, Өзбекстан мен Тәжікстанның бірлескен операциясына айналғаны байқалады. Бір ескеретін жайт, Өзбекстан ҰҚШҰ құрамына кірмейді. Алайда ол өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп әрекет ету қажеттілігін түсініп отыр.

Азаматтық соғыспен әуре болып жатқан тәлібтер Орталық Азия елдеріне басып кіруді жоспарлап отырған жоқ. Әйтсе де ҰҚШҰ шекарасындағы жағдай алаңдауға тұрарлықтай. Шілденің басында "Талибан"* Ауғанстанның бес ел – Иран, Түрікменстарн, Тәжікстан, Қытай және Пәкістанмен және Кашмир аумағымен шекарасын бақылауға алды. Мәскеу Ауғанстандағы биліктің тәлібтердің қолына өтуіне және түрлі сценарийге дайын. Бұл туралы күні кеше президенттің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, Азия СІМ екінші департамент директоры Замир Кабулов мәлімдеді.

Ауғанстанмен 1344 километрге созылып жатқан ортақ шекарасы бар Тәжікстанның жайы қатты алаңдатып отыр. Ресей "Талибан"* мен басқа да террористік ұйымдарға өз одақтастарын қорғауға дайын екені туралы ескертті. Қажет болған жағдайда ресейлік 201-ші әскери база Тәжікстанға жедел көмек көрсетеді. Осы тұста Орталық әскери округтің жауынгерлік әлеуетінің нығаю мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Ауғанстандағы жағдай шиеленіскен соң 201-ші база айтарлықтай нығайтылып, бирагадалықтан дивизиялық штатқа ауыстырылды және жаңа соғыс техникасымен қамтамасыз етілді.

Ресей шекарашылары тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатыспайды. Бірақ Тәжікстанға Ресей федералды қауіпсіздік қызметіне қарасты шекара кеңесшілер тобы көмектеседі. Мемлекеттік шекараның беріктігінде соғыс авиациясының рөлі маңызды. Сондықтан Пянж өзеніне жақын жерде, Гиссар аэродромына ресейлік Су-25 шабуылдаушы ұшақтары орналастырылды.

Ауғанстанның түрлі провинциясында қақтығыстар жалғасып жатыр. Нангархар, Пактия, Пактика, Логар, Кандагар, Герат, Фарьяб, Джаузджан, Балх, Саманган, Гильменд, Тахар, Кундуз, Баглан және Каписа провинцияларында соғыс белең алды.

1 тамызға қараған түні тәлібтер Кандагар әуежайына зымыранмен шабуыл жасап, осыдан кейін барлық рейс тоқтатылды. Гератта содырлар БҰҰ кеңсесіне шабуыл жасады. Яғни кешенге кіреберіске гранатомет пен пулеметтен оқ атылып, адамдар мерт болды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани бүгін парламенттің төтенше отырысын жариялап, үкімет ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың алты айлық жоспарын іске асыруға кіріскенін мәлімдеді.

Біраз бұрын "Талибанның"* баспасөз хатшысы Twitter-аккаунтында әскери-діни қозғалыс содырларының суреттерін жариялады. Олар америкалық арнайы жасақтан еш кем түспейтіндей деңгейде жабдықталған.

АҚШ елден кеткеннен кейін ауған қарулы күштерінің болашағы күдікке толды. Бұл ең алдымен жанармай жеткізетін сенімді көздің болмауына қатысты. Ауғанстанды қалыпқа келтіру бойынша арнайы бас инспектордың жаңа есебіне сәйкес, Пентагон соңғы 10 жылда ауған қауіпсіздік күштеріне жанармай жеткізу үшін 3,74 миллиард доллар жұмсады және 2025 жылға қарай тағы 1,45 миллиард доллар жұмсауы қажет.

Мұнда басты проблема логистика болып отыр. Ауғанстан мен Түркия әскери ведомстволарының басшылары Бисмилла Хан Мохаммади мен Хулуси Акар 31 шілдеде телефон арқылы Кабул әуежайының қауіпсіздігін талқылады. Соған қарағанда бензин мен дизель отынын авиатанкерлер арқылы жеткізудің жолы қарастырылмақ.

НАТО-ның әскери нұсқаушылары Түркияда ауған арнайы жасағын даярлауды бастады. Сонымен қатар 200 ауған аудармашысынан тұратын бірінші топ АҚШ-қа, Вирджиниядағы Форт Ли базасына қоныс аударды.

* – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

0