Маймыл

Маймыл жаңа туған нәрестені анасының құшағынан тартып алып, тістеп өлтірді

631
Жаңа туған сәбиді анасы емізіп отырғанда, үйге кіріп кеткен жабайы аң тартып алған

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Үндістанның Уттар-Прадеш штаты Агра қаласында маймыл нәрестені ұрлап, өлтіріп тастады. Бұл туралы The Telegraph басылымы хабарлайды.

Жабайы аң үйге кіріп кетіп, туғанына 12 күн ғана болған шақалақты анасының құшағынан тартып алады. Әйел соңынан жүгіре жөнеледі, көрші-қолаң мен туыстары да көмекке ұмтылған. Олар маймылға тамақ беріп, алдамақ болыпты, бірақ аң шатырға шығып, қашып кетеді.

Сәбидің жансыз денесі көрші үйдің шатырынан табылыпты.

"Маймыл нәрестенің басынан тістеп алған, адамдар тас атып, таяқпен қуған кезде, тастай қашқан көрінеді", — дейді полиция қызметкері. – Қансыраған сәбиді ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер шетінеп кеткенін мәлімдеді".

Сол кезде ата-анасы шақалақты басқа ауруханаға алып барады, ол жерде де дәрігерлердің бірінші қорытындысы расталыпты.

631
Кілт сөздер:
өлтіру, маймыл, нәресте, жабайы аңдар, Үндістан
Тақырып бойынша
Астанада ВИЧ жұқтырған әйелдер дүниеге дені сау сәби әкелді
Көшеден сәби табылды: ақмолалық әйел жаңа туған нәрестесін өлтірді деген күдікке ілінді
Министр қазақтан сәби сүйген африкалық әйелге көмектесуге уәде етті
Дәрігерлер өлді деген сәби мәйітханада "тірілді"
Бір жарым жасар сәби балабақшадан қашып кетті - видео
Сәби ауладағы су құйылған ыдысқа құлап, тұншығып өлді
Таразы, архивтегі сурет

134 кг болған: жас жігіт 60 келі артық салмақтан арылды видео

672
Бір жыл бұрын бұл жігіттің салмағы 134 келі болған. Алайда ол бар болғаны бір жыл ішінде алпыс келіге арықтады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қырғызстандық Орозбек Мейманбек уулуның салмағы бір жыл бұрын 134 келі болған. Ол өзі артық салмақтан арылып, өзгелерге үлгі болып жүр.

Жігіт жас кезінде арық болған, алайда 5-сыныпта салмақ қоса бастады. 16 жасында 93 келі, бірер жылдан соң салмағы 134 келіге жетті, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Орозбектің айтуынша, артық салмақ салдарынан тыныс алу қиындаған. Қозғалып, дұрыс ұйықтаудың өзі арманға айналған. Сол кезде жігіт спортзалға барамын деп шешті. 

"Бәрі дұрыс тамақтанбау салдарынан туындады деп ойлаймын. Мен фастфудты көп жедім... Бастапқыда жаттығу қиын болды, сүйектерім ауырды. Кейін дәрумендер іше бастадым. Алғашқы айда 13 келіге арықтадым, бірден өзіме деген сенім пайда болды", - дейді Орозбек.

Жігітке пауэрлифтингтен Қырғызстанның абсолютті чемпионы - кәсіби бапкер, бодибилдингтен Азия чемпионы Келдибек Атайбек уулу көмектесіп жүр.

Чемпион жаттықтырған адамдар ішінде арықтау көрсеткіші бойынша Орозбек рекорд орнатты. Жаттықтырушының айтуынша, жігіт өзі ғана артық салмақтан арылып қана қоймай, өзгелерге үлгі болып жүр.

"Мен арықтаған кезде анам қатты қуанды. Туыстарым мен достарым өте таңғалды. Жастардың көп уақыты телефон мен компьютерге кетеді. Күніне бір сағатты жаттығуға арнасаңыз тиімділігі мен пайдасы көп болады", -  деді Орозбек.

Енді ол тағы біршама арықтап, әскерге бармақ. Бұдан соң Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің академиясына оқуға түсуді жоспарлап отыр.

672
Кілт сөздер:
жас жігіт, видео, артық салмақ
Тақырып бойынша
"Адам танымастай өзгерді": хирург бір көліктің құнына ота жасатқан қыз туралы айтып берді
"Өзімді басқаша сезінемін": жігіт 3 жылда адам танымастай өзгеріп кетті - фото
Қыста артық салмақ жинамау үшін не істеу керек – дәрігер құпияны ашты
Ғалымдар артық салмақ пен коронавирус арасында қандай байланыс барын айтты
110 келіге арықтады: белгілі дәрігер салмақтан арылудың бірегей тәсілі туралы айтты
Ли Гон Хи

Әлемге әйгілі компанияның бас директоры қайтыс болды

66
(Жаңартылды 13:15 25.10.2020)
Ол 1987 жылы өзінің әкесі мен компанияның негізін қалаушы Ли Бен Чхолдың орнына Samsung-тің екінші төрағасы атанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Әлемге әйгілі Samsung компаниясының төрағасы Ли Гон Хи 25 қазанда 79 жасқа қараған шағында Сеул ауруханасында көз жұмды. Кәсіпкердің мұрасына Оңтүстік Корея прокуратурасы алаяқтық жасады деп күдіктенген оның ұлы Ли Чжэ Ен ие болды.

Атақты кәсіпкердің өлімі туралы Ренхап агенттігі хабарлады.

Өлімнің себебі нақтыланбаған.

Ли Гон Хи 1942 жылы дүниеге келген. Ол 1987 жылы өзінің әкесі мен компанияның негізін қалаушы Ли Бен Чхолдың орнына Samsung-тің екінші төрағасы атанған.

2014 жылы Ли Гон Хи жүрек талмасына ұшырады. Содан кейін корпорацияны бақылау іс жүзінде оның ұлы мен топтың еншілес компаниясы – Samsung Electronics-тің вице-президенті Ли Чжэ Енға өтті. Өйткені, ол компанияның мұрагері саналатын.

Оқи отырыңыз: "Тірідей өртейді": әйгілі француз актрисасы Тоқаевқа хат жазды

Алайда оңтүстіккореялық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ли Чжэ Ен концернде билікке қол жеткізу мақсатында корпорация құрамындағы компанияларды біріктіруде заңсыз алаяқтыққа барғаны туралы прокуратура тарапынан күдікке ілінген.

Айта кетейік, Ли Гон Хидің Ли Чжэ Еннан басқа Ли Бу Чжин және Ли Со Хен есімді екі қызы бар. Тағы бір қызы Ли Юн Хен 2005 жылы өзіне қол жұмсап, қайтыс болған.

66
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген әлемге әйгілі екі әншімен бірге өнер көрсетті - видео
Әлемге әйгілі футболшы қамауға алынды
"Әлемнің халық әртісі": Димаш Ресейдің әйгілі әншілерін гүлсіз қалдырды - видео
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Әлемге әйгілі әнші карантиннің қандай пайдасы бар екенін айтты
Астана әуежайы

Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді

0
Түнде Нұр-Сұлтан әуежайына шетелден алты ұшақ қонды. 108 жолаушының өзімен бірге ПЦР-тест өткені туралы анықтамасы болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Қазанның 25-нен 26-на қараған түні шетелден астана әуежайына келген 108 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді. Оларның ПЦР-тесті болмаған, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

0