Әлем

Жолаушылар автобусы каналға құлап, 25 адам қаза болды

© Sputnik / Павел Петров Өзенге құлаған көлік
Өзенге құлаған көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті тұрғындар арқанның көмегімен көлікті судан шығаруға тырысқан

АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Үндістанның оңтүстігіндегі Карнатака штатында жолаушылар автобусы каналға құлап, 25 адам батып кетті. 

Түрме - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ресейде автобус пен пойыз соғылды: қазақстандық 7 жылға сотталуы мүмкін
Қаза тапқандардың арасында бес бала да бар. 

Полицияның болжамынша, жүргізуші рөлге ие бола алмағандықтан, көлік бір қырына аударылып, жол бойындағы каналға құлаған. Өкінішке қарай, авобустағы жолаушылардың барлығы дерлік судан шыға алмады. Жергілікті тұрғындар көмекке келіп, арқанмен автобусты судан шығаруға тырысқан, деп хабарлайды life.ru. 

Көлікте барлығы 30-35 адам болған, кем дегенде 25 жолаушы көз жұмды. Қаза болғандардың мәйіті автобустан шығарылған.

Жаңалықтар
0