Әлем

Қытайда полиция "ең әдемі" қылмыскер қызды ұстады

© Sputnik / Табылды КадырбековҚыз, архивтегі фото
Қыз, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұрлық жасады деген күдікке ілінген қыздың фотосуреті қытай әлеуметтік желілерінде жылдам таралып жатыр, бұл оның болашағына оң ықпал етуі мүмкін

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Фотосуреті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін ең әдемі қылмыскер атанған қытайлық қыз ұсталды, деп жазды South China Morning Post. 

Полиция Цинчэнь Цзинцзинді (Qingchen Jingjing) өткен бейсенбі күні Қытайдың Сычуань провинциясындағы Мяньян қаласында қамауға алды.

Ол сыбайластарымен бірге барлар мен шайханаларда мас клиенттердің ақшасын ұрлады деген күдікке ілінген. Оның суреті полицияның баспасөз парақшасында жарияланып, қытай интернет сегментінде кеңінен танымал болды.

© Photo : Мяньян полициясы / South China Morning Post Цинчэнь Цзинцзин, Қытайдағы ең әдемі қылмыскер қыз
Цинчэнь Цзинцзин, Қытайдағы ең әдемі қылмыскер қыз   - Sputnik Қазақстан
Цинчэнь Цзинцзин, Қытайдағы ең әдемі қылмыскер қыз

Қыздың бұрынғы әріптесі ол 19 жаста екенін айтты, ал құрдастары сыныптағы ең әдемі қыз болғанын мәлімдеді.

"Ол алаяқ емес, видеоблогер болғанда әлдеқайда көп ақша табуы мүмкін еді", — деп жазды желі қолданушыларының бірі Weibo ресурсында. 

Бұған дейін 2014 жылы Калифорнияда ұсталған америкалық Джереми Микс (Jeremy Meeks) әлемдегі ең келбетті қылмыскер жігіт атанған еді. Полиция оның фотосуретін жариялаған кезде, ол да әлеуметтік желілерде де танымал болып шыға келді. Джереми Микс түрмеден шыққан соң фотомодель ретінде карьерасын бастады. 2017 жылдың маусымында Микс Philipp Plein бренді ұйымдастырған жарнамалық науқанның бет-бейнесіне айналды.

  

 


Жаңалықтар
0