АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш көз жұмды

542
(Жаңартылды 12:31 02.12.2018)
Үлкен Джордж Буш неден көз жұмғаны әзірге белгісіз, бұған дейін бұрынғы президенттің әйелі Барбара Буш дүниеден озған еді

АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш 95 жасында қайтыс болды, деп хабарланды кіші Джордж Буштың Twitter парақшасында.

"Джеб, Нейл, Марвин, Доро және мен біздің әкеміз 94 жасында қаза болғанын қайғыра хабарлаймыз", — делінген хабарламада.

Отбасында бірнеше ай бұрын, 2018 жылдың сәуірінде оның 73 жыл бірге өмір сүрген жұбайы Барбара Буш қайтыс болды. Оның үлкен ұлы – Джордж Буш Құрама Штаттардың 43-ші президенті, тағы бір ұлы Джеб Буш Флорида губернаторы болды. 

Үлкен Джордж Буш 41-ші АҚШ президенті, мемлекетті 1989-1993 жылдары басқарды. 


542
Кілт сөздер:
көз жұмды, АҚШ президенті, Джордж Буш
Тақырып бойынша
Вьетнам президенті дүниеден озды
Стивен Хокинг дүниеден озды
Қырғызстанның мәдениет министрі дүниеден озды
Отырыстағы депутаттар

Парламент отырысы кезінде депутаттар бірін-бірі балағаттап жіберді

717
Парламент отырысы кезінде Райымқұлов Бекешевтің қасына барған. Алдымен депутаттар жай сөйлескен, кейін бір-біріне дауыс көтеріп айғайлай бастады

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттары Дастан Бекешев пен Бақтыбек Райымқұлов парламент отырысында бірін-бірі балағаттады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Отырыс кезінде Райымқұлов Бекешевтің қасына жақындайды. Алдымен депутаттар жай сөйлесіп тұрған, кейін қатты айғайлап, бірін-бірі балағаттай бастады.

Содан соң Райымқұлов микрофонға шығып, спикерден оның заң жобасын тезірек қарауды сұрады.

Дау-жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Бұған дейін отырыста Бекешев "кейбір депутаттар жемқорларды қолдап митингке шығатынын, ал мына жерде халық алдында басқаша сөйлеп, билікке жағуға тырысатынын" мәлімдеген еді.

Айта кетсек, Бақтыбек Райымқұлов 28 ақпанда Ошта өткен митингте бұрынғы кеден төрағасының орынбасары Райым Матраимовты қолдап сөз сөйледі.

717
Кілт сөздер:
депутаттар, Парламент, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Депутаттар халықтың ашуына тиген шенеуніктерге шүйлікті
Астанада мемлекеттік қызметтегі басшы дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан
Чебатков – стендап для мозга / вДудь

Танымал әзілкеш: қазақ тілін жақсы көремін

52
(Жаңартылды 13:36 04.03.2021)
Ол бірнеше тілде еркін сөйлейді. Ағылшын тілінде әзіл айтып, видеолар түсіреді. Сықақшы меңгерген тілдердің қатарында қазақ тілі де бар

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Өскемен тумасы, танымал Stand-up сықақшы Евгений Чебатков ресейлік видеоблогер Юрий Дудьке сұқбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Чебатков бірнеше тілде еркін сөйлейді. Ол тіпті сахнада ағылшын тілінде әзіл айтып, видеолар түсіреді. Сықақшы меңгерген тілдердің қатарында қазақ тілі де бар.

"Қазақ тілінің қуаты мен энергетикасы мықты. Осы үшін қазақ тілін жақсы көремін. Ол эмоцияға толы, мықты тіл. Бұл тілдегі балағат сөздердің өзі басқаша естіледі", - деді Чебатков.

Сықақшы "Борат" және "Борат 2" фильмдеріне қатысты көзқарасымен бөлісті.

"Мен алғаш рет Канадада, колледжде сахнаға шықтым. Сол кезде мен Қазақстан – Борат деген теңеумен келіспейтінімді жеткіздім. Саша Барон Коэн актер ретінде маған ұнайды. Қазір "Борат 2" фильмі жарық көрді. Оны жақсы көңіл-күймен көріп шықтым. Фильм мен Қазақстан арасында ешқандай ұқсастық жоқ. Біз, Қазақстанды жақсы көретін қазақстандықтар, бұл жағдайға күле қарау керекпіз. Фильмде еліміздің атауы мен туы қолдаанылғаны менің намысыма тигені рас", – деді ол.

Дудь сықақшыдан қазір Қазақстандағы болып жатқан шығармашылық жағымды өзгерістер жайлы сұрады.

"Елде таңғаларлық мультимәдени микс пайда болды. Жалпы қазақтар өмірге құштарлығымен ерекшеленеді. Оларды аңыз-тарихтарды әңгімелеуі, өмір сүру салты ерекше" – деп бөлісті Чебатков.

Евгений Чебатков 1990 жылы Өскеменде туған. Ол біраз уақыт АҚШ пен Канада тұрған. Stand-up жанрындағы әзілдерінің арқасында танымал болды.

52
Кілт сөздер:
әзілкеш, қазақ тілі
Тақырып бойынша
"Қабатовтың көлігімен адам қақты": әзілкеш ақпаратқа түсініктеме берді - видео
Танымал КВН ойыншысы басшылық қызметке тағайындалды
Қайтыс болған бұрынғы КВН ойыншысы сырқаты туралы бір жыл бұрын білген
Белгілі ресейлік әзілкеш қайтыс болды
Танымал әзілкеш көшеде би биледі – видео
Боран, тас жол

Қазақстанның бірқатар өңірінде жолдар жабылды

5
Бұрқасын, қар, тұман және желге байланысты республиканың барлық дерлік өңірінде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстанның жеті облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) еліміздің жеті өңірінде – Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды", - деді министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли.

Сонымен қатар, Қазгидромет ақпаратынша, алдағы күндері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан,  Қарағанды, Қостанай,  Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, қар, тұман болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

ТЖ министрлігі қазақстандықтарды алыс жолға шығарда ауа райы болжамын қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін 1403 немесе құтқару қызметінің "112" нөмірі, сондай-ақ "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.

5
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, Қазгидромет