доп

Жас футболшы көшеден өлі табылды

363
(Жаңартылды 21:10 03.12.2018)
Қыркүйек айында ойыншы он сегіз жасқа толған

АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде "Локомотив" жастар командасының футболшысы Алексей Ломакин көз жұмды. 

Жексенбі күні Борисовские Пруды көшесінен футболшының мәйіті табылды. Ойыншының денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. 

Қыркүйекте Алексей 18 жасқа толған. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметінше, футболшының анасы 3 желтоқсанға қараған түні полицияға жүгініпті, деп хабарлайды РИА Новости. 

Жақында Ломакиннің телефоны таксиден табылды, марқұм оны рюкзагымен бірге ұмытып кеткен. Көлікте ойыншымен бірге досы да болған. Жас жігіт көлікке отырар алдында Ломакин екеуі ішімдік ішкенін, әрі қарай не болғаны есінде жоқ екенін айтты. 

Аталған трагедия "Локомотив" футболшыларын есеңгіретіп тастады. Жастар командасы Алексейдің отбасы мен жақындарына көңіл айтты. 

Ломакин мәскеулік клубтың академиясына 2007 жылы келген, Ресейдің жастар біріншілігінде команда үшін алты матчқа қатысты. Қараша айының басынан бері алған жарақатынан емделіп жүрген.

363
Кілт сөздер:
көше, трагедия, ойыншылар, мәйіт, футболшы, такси, Мәскеу
Тақырып бойынша
19 жастағы футболшы Гиннесс рекордтар кітабына екі рет енді
Футболшы саусағымен қарсыласының көзін шұқып алды - фото
"Күт мені, анашым". Жас футболшы фейсбукте жазба қалдырып, өзіне қол жұмсады
Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды
Әлем чемпионы нокаутқа түсіп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты
Қазақстан чемпионы сирек кездесетін ауруға шалдықты
Бурабайда 125 метр биіктіктен секірген спортшы Назарбаевтың көз алдында құлады
Әлемге әйгілі спортшы жол апатынан көз жұмды
Сәби

Танымал актер 90 жасында алтыншы рет әке атанды

5591
(Жаңартылды 11:21 27.01.2021)
Кичемасова ресми түрде некеге тұрған соң Красконың бесінші әйелі болады. Ал одан туған бала актердің алтыншы мұрагері атанды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Жақында 90-ға толған кеңестік және ресейлік актер Иван Краско алтыншы рет әке атанды. Бұл туралы "Первый каналдың" "На самом деле" ток-шоуына сілтеме жасай отырып, lenta.ru хабарлады.

Краско бағдарлама эфирінде өзінің қызы бар екенін айтты. Сәби 2020 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген.

"Егер сүйіспеншілік болса, онда баланың тууына ешқандай кедергі болмайды", – деді актер.

Бағдарламада халық әртісінің зайыбы әрі баланың анасы ретінде Юлия Кичемасованың есімі аталды. Сонымен қатар, әйелдің жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болғаны белгілі болды.

Алдағы уақытта ерлі-зайыптылар некені ресми тіркеуге ниетті. Бір қызығы, Краско 30 жастағы Наталья Шевельге үйленгеніне қарамай, Юлиямен бірнеше жыл бұрын кездесе бастаған.

Кичемасова некеге тұрғаннан кейін Красконың бесінші әйелі болады. Ал одан туған бала актердің алтыншы мұрагері атанды.

Оқи отырыңыз: Фотодерек: 81 жастағы Асанәлі Әшімов Алматыда Наурыз мейрамын тойлап жүр

Айта кетейік, бұған дейін 90 жастағы актер Иван Красконың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны хабарланған. Оған ауруханаға жатуға кеңес берілген. Алайда, өкпесінің 45 пайызы зақымданғанына қарамастан ол ауруханаға жатудан бас тартты.

5591
Кілт сөздер:
мұрагер, актер
Тақырып бойынша
Асанәлі Әшімов: Қалекең құжатқа қол қоя білмейтін, тек бармағын басатын
"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Байжанов әке атанды
Белгілі тележүргізуші жаңа туған ұлының фотосын жариялаймын деп жаман әке атанды
Тәуекел Мүсілім тұңғыш рет әке атанды
Геннадий Головкин екінші рет әке атанды
Мұхамедқалы Абылғазиев

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі ұсталды

726
(Жаңартылды 10:08 27.01.2021)
Бұған дейін Абылғазиевке елден шығуға тыйым салынып, егер ол республикадан тыс жерге шығуға әрекет жасаса, дереу қамауға алынатыны ескертілген

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы премьер-министр Мұхаммедқалы Абылғазиев қамауға алынды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан ішкі істер министрлігінің ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Абылғазиев үлкен дау-жанжалдан кейін қызметінен кеткен болатын. Енді ұлттық қауіпсіздік комитетінің нұсқауымен ол қамауға алынды. Бұған дейін қаржы полициясы оның елден шығуына тыйым салған.

Ал егер бұрынғы премьер республикадан тыс жерге шығуға әрекет жасаса, бірден қамауға алынатыны ескертілген. Артынан жауап алу үшін шақырды. Бірақ ол кезде нақты қай іс бойынша жауап алынатыны туралы айтылмаған.

Сейсенбі, 26 қаңтарда Абылғазиевті тағы жауап алу үшін шақырды. Содан соң қамап тастады.

Былтыр күзде Қырғызстанның бас прокуратурасы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Олар пандемия кезінде заңсыз әрекет жасағаны үшін айыпталды. Оған экс-премьердің қатысы бар болып шықса, оны да жазалайды деген ақпарат тараған. Абылғазиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталып, алайда нақты қандай айыптың тағылғаны жарияланған жоқ.

Радиожиіліктерге қатысты дау

Абылғазиев радиожиіліктерге қатысты дау-жанжалдан кейін отставкаға кетуге өтініш жазды.

Былтыр мамыр айында мемлекеттік байланыс агенттігінің экс-басшысы Наталья Черногубова ұсталған болатын. Ол мемлекеттік ақпараттық технологиялар комитеті мен ұялы операторлардың бірімен сөз байласқаны үшін айыпталды. Артынан сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тағы бес адамның ұсталғаны белгілі болды. Олардың ішінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің бес қызметкері де бар.

Сол кезде Жогорку кенештің депутаты Жанар Ақаев үкіметтің екі радиожиілікті арзан бағаға сатып жібергенін мәлімдеді. Оның ойынша, премьер-министр Мұхаммедқалы Абылғазиевтің рұқсаты болмаса, ондай келісімді рәсімдеу мүмкін емес. Ақаев мемлекетке келген шығында 5 миллиард сомға (58,9 миллион доллар) бағалады. Абылғазиев көп ұзамай, тергеуге қысым жасады деген айыптар болмасын деп, қысқа мерзімді демалысқа шығып кетті.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанның жаңа президенті алғашқы сапарын қай елден бастайтыны белгілі болды

Ал маусым айында осы іске қатысы бар деген күдікпен "Ала-ТВ" компаниясының құрылтайшысы ұсталды деген ақпарат шыққан. Дәл осы компанияның радиожиіліктері ұялы байланыс операторына сатылды. 

15 маусыда Мұхаммедқалы Абылғазиев осы іске қатысым жоқ деп, отставкаға кетуге өтініш жазды. Осылайша, ол 19 күнге созылған демалыстан кейін бірден жұмыстан кеткен болатын.

726
Кілт сөздер:
ұстау, Қырғызстан
Тақырып бойынша
Павлодар облысында Қырғызстанның екі азаматы үсіп қала жаздады
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Тоқаевқа алғыс білдірді
Қырғыз елінің жаңадан сайланған президенті Қазақстан халқына алғыс айтты
Қырғызстан барлық шетелдікке елге кіруге рұқсат етті
Қырғызстан президентінің инаугурациясына қарапайым азаматтар қатысады
Ермахан Ибраимов

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті: боксшы не істейтінін айтты

0
Депутат Ермахан Ибраимов парламент сайлауынан кейін ел арасында тарап кеткен ақпаратқа қатысты өз ойын айтты

АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Белсенді Әйгерім Тілеужан Сидней Олимпиадасының чемпионы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз жазды. Алайда әлі іс қозғалған жоқ. Бұл туралы Алматы тұрғыны Sputnik Қазақстан тілшісіне хабарлады. Ал Ермахан Ибраимов дәрежесіне нұқсан келетін әрекет жасалса, белсенділердің өзін сотқа беретінін мәлімдеді.

"Алматы қаласының полиция департаменті арызды қабылдады. Бірақ әлі іс қозғалған жоқ. Куәгерлермен бірге қалалық полиция департаментіне келіп тұрмыз", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Әйгерім Тілеужан.

Айтуынша, полиция арызды әкімшілік құқық бұзышылық туралы кодекстің 434-бабы "ұсақ бұзақылық" және 73-2-бабы "ұрып-соғу" бойынша қабылдады.

Айта кетсек, 10 қаңтарда өткен сайлау күні белсенділердің бірі Әйгерім Тілеужан жұртпен бірге алаңға шыққан. Айтуынша, сол кездегі қарбалас кезінде Ермахан Ибраимовтың жұдырығы бетіне тиген. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде боксшы алаңға шыққандардың бірінің қолындағы плакатты жыртып тастады деген де ақпарат тарады.

Ермахан Ибраимов не дейді?

Sputnik Қазақстан тілшісі Ермахан Ибраимовке хабарласып, үстінен арыз жазылғанынан хабары бар-жоғын сұрады. Спортшы бұл туралы ештеңе білмейтінін айтты.

"Арыз жазып-жазбағанынан хабарым жоқ. Білмеймін. Егер менің үстімнен арыз жазып, жалған мағұлмат тарататын болса, мен олардың үстінен арыз жазамын. Психологиялық-моральдық тұрғыда менің дәрежемді төмендетуге әрекет жасағаны үшін сотқа беріп, 5 миллион теңге өндіретінімді де айтқанмын", - деді Ибраимов.

"Арыз жазамыз деп жүргеніне біраз уақыт болды. Менің адвокатым бар, өзім заң факультетін бітіргенмін. Мен заңды жақсы білемін", - дейді Олимпиада чемпионы.

Спортшы тарап жатқан ақпараттың бәрі жалған деп отыр.

"Саусағымның ұшы ешкімге тиген жоқ. Тарап жатқан әңгіменің бәрі – жалған мәлімет. Жерде жатқан плакаттарды көрдім... Мені балағаттап, менің намысыма тигеннен кейін жақын тұрған адамның плакатын жұлып алдым да, жыртып тастадым. Халықтың арасына арандатушылық салатын, ауызбіршілігін бұзатын неше түрлі сөздер жазған", - деді ол.

Алайда депутат намысына тиетін сөз айтқандардың үстінен бірінші болып арыз жазбайтынын айтты.

"Мен үлкен адаммын, Олимпиада чемпионымын. Ондай төмен дәрежеге түспеймін ғой. Олар сияқты емеспін. Мен өте жоғары дәрежедегі адаммын... Он шақты адам бар сияқты. Олардың әлеуметтік желіде неше түрлі пікір айтқаны менің абыройымды түсіре қоймайды", - дейді ол.

"Менің ойымша, оларға шетелде жүрген оппозиционерлер қаражат төлеп, сондай іс-әрекетке барып отыр. Олардың басты мақсаты – Қазақстан ішінде іріткі салып, ауызбіршілігін бұзу. Бұған Олимпиада чемпионы ретінде, Қазақстанның нағыз патриоты ретінде жол бермеймін",  - деп толықтырды ол.

Егер үстінен арыз жазатын болса, депутат өзінің азаматтық құқығын қорғауға мүдделі.

Еске сала кетсек, 10 қаңтарда өткен мәжіліс және мәслихаттар сайлауынан кейін Ермахан Ибраимов Алматы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.

0