Әлем

"Деңгейіңді көрсетіп қойдың". Депутаттар тікелей эфирде төбелесті – видео

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұрыс-керістен кейін депутат Барна қарсыласын жұдырығымен түйіп жіберіп, еденге алып ұрды, сосын студиядан шығып кетті

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. "Петр Порошенконың блогы" фракциясынан сайланған Жоғарғы Рада депутаты Олег Барна мен фракциядан тыс депутат Юрий Левченко "Рада" парламенттік телеарнасының тікелей эфирінде төбелесті. Оқиғаның жазбасы YouTube-те жарияланды.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Тікелей эфирде соққыға жығылған журналист өз-өзіне қол жұмсады

Қақтығыс Барнаның Донбастағы операцияға қатыспаған депутаттардың әскери жағдай мен ел бюджеті туралы пікір білдіруге құқы жоқ деген сөзінен кейін басталды.

Ал Левченко Барнаны "олигархтың қызметшісі" деп атап, ол "өз деңгейін мас күйінде Киев трамвайына соқтығысатын адам ретінде көрсетіп қойғанын" мәлімдеді.

 Ұрыс-керістен кейін Барна қарсыласына барып, оны жұдырығымен түйіп жіберіп, еденге алып ұрды, сосын студиядан шығып кетті. Төбелесті видеоның 2:35 минутынан бастап көруге болады. 

Олег Барна даудың ортасында алғаш рет қалып отырған жоқ. Мәселен, 2015 жылдың желтоқсанында ол премьер-министр Арсений Яценюкпен жаға ұстасып қалған, тіпті сол үшін фракциядан уақытша шығарылды. Ал өткен жылы жазда Барна Киевте жол апатына ұшырады – ол мінген автокөлік үлкен жылдамдықпен трамвайға соқтысып, рельстен шығарып жіберді.   Кейінірек ол кінәсін мойындады, бірақ оқиға кезінде сау болғанын мәлімдеді. 


Жаңалықтар
0