АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ұлыбританияда жас жұбайлар Киара есімді жаңа туған қыздарын туыстарының бірі сүйген соң шетінеп кеткенін хабарлады. Metro жазуынша, сәби герпес вирусын жұқтырған.
Уэст-Йоркшир графтығының тұрғыны Келли Айнесон жүктілігі барысында біраз қиындық туындағанын айтады. УЗИ-ге түскен кезде, баланың Даун синдромына шалдығу ықтималдығы бес пайыз деп көрсетіпті. Бірақ соған қарамастан жас әйел нәрестені өмірге әкелуге бел байлайды. Бүкіл отбасы шақалақты асыға күтеді.
Айнесон шұғыл кесар тілігі арқылы қызын босанған. Дәрігерлер біраз уақыт баланы жансақтау бөліміне жатқызып, екі күннен соң ауруханадан шығарады.
Алайда араға бірнеше күн салып Киара салмақ жоғалта бастаған соң, анасы мен сәбиі қайта ауруханаға түскен. Балаға герпес жұққан деген диагноз қойылды, салдарынан қаны бұзыла бастапты. Дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, туыстарының бірі сүйген кезде балаға вирус жұғып кетсе керек.
Киара жасанды комаға жіберіліп, екі аптадан соң аппаратты өшіруге тура келді – сәбидің өміріне араша түсу мүмкін емес болатын.
"Баламды біреудің сүйгені өлтіреді деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмепті, басқа ата-аналардың осындай қайғыға душар болғанын қаламаймын", — дейді Айненсон.
Герпес вирусына қарсы күрес қауымдастығының басшысы Мариан Николсон герпес жұқтыру қаупіне байланысты адамдарды біреудің баласын сүймеуге шақырады. Өйткені бұл жұқпа тоғыз айға толмаған сәбилер үшін аса қауіпті.
АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Ресейлік тележүргізуші, әнші Ольга Бузова Instagram парақшасында Dava ретінде танымал блогер Давид Манукянмен ажырасқанын хабарлады.
"Біз ұғымы енді жоқ. Менің басым бос енді. Мұны артық сұрақ болмау үшін жазып жатырмын. Себебі ол маған түсініксіз әрі қорқынышты әрекет жасап жатыр", – деп жазды Бузова.
Сондай-ақ Бузова әлеуметтік желідегі оқырмандарынан Давид жайлы сұрақ қоймауды өтінді. Айтуынша, әншінің жақындары қазір қиын жағдайда жатыр.
"Әпкем инсульт алды, анам мен әжем Литвада, олар қатерлі ісікпен күресіп жатыр. Бұл менің басымдағы жалғыз уайым емес", – деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оған қоса, әнші Давид Манукянға сыйлаған бақыт үшін алғыс айтты. Біраз уақыт өткен соң Бузова Давидпен мессенжердегі әңгімесін көрсетті.
"Анаңа сенің қандай жауыз екеніңді айтып беретін уақыт келді. Сен мені ұрып, бетіме түкіріп, қорлайсың", – деп жазды Бузова.
Оқи отырыңыз: "Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады
Айта кетейік, екі жас 2019 жылдың соңына қарай кездесе бастаған болатын.
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Құтқарушылар Кузбастағы тау жынысының опырылуынан шахтада қайтыс болған үш кеншінің мәйітін тапты, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Кемеров облысы бойынша РФ тергеу комитетінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысында қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды
Кемеров облысындағы Ленинск-Кузнецк шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан екі азамат көз жұмды. Тағы бір кеншінің жағдайы және қайда екені белгісіз болды. Қылмыстық іс қозғалды.
"Үшінші кеншінің мәйіті табылды. Қазір құтқарушылар оны жоғары көтеріп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Жұмаға қараған түні С.Д.Тихов атындағы шахтада жер асты жұмыстарын орындау кезінде метан жарылған. Оқыс оқиға кезінде жер астында 44 адам болған. 41 кенші жер үстіне шығып үлгергенімен, үш азамат үйінді астында қалып қойған. Осы факті бойынша Кемеров облысы бойынша РФ тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.
Кәсіпорында апатты жою бойынша жедел штаб құрылды. Кен өндіру жұмысы уақытша тоқтатылды.
НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтылды.
"2021 жылы 18 қаңтарда Баянауыл аудандық сотының үкімімен ауданның бұрынғы әкімі Қайыргелдинов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды", – деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Қайыргелдинов лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталды.
Экс-әкім Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне кәсіпкерден пайдалануға жарамсыз әуе айлағын заңсыз сатып алған.
Осылайша мемлекетке 240 миллион теңге сомасында шығын келтірді.
Оқи отырыңыз: Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты – видео
Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.
Оған қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған еді.
Оразгелді Қайыргелдинов Баянауыл әкімі қызметін 2016 жылдан 2019 жылға дейін атқарды.