Архивтегі фото

Террористер турист қыздардың бірінің басын кесіп, екіншісін бауыздап тастады

3181
(Жаңартылды 18:45 22.12.2018)
Террористер турист қыздың басын кесіп жатқанда "Бұл Сирия үшін!" деп айқайлаған

АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Мароккода экстремистер турист қыздың басып кесіп алып, оның құрбысының тамағынан орып жіберген, қаскүнемдер мұның бәрін видеоға түсіріп алған. 

24 жастағы даниялық Луиза Вестерагер Йесперсен мен 28 жастағы норвегиялық Марен Уеландтың мәйіті Имлиль елді мекеніне жақын маңдағы таулардан табылған. Оларды жергілікті тұрғын тауып алыпты, деп хабарлады Daily Mail. 

"Мен полиция келгенге кейін екі мәйітті көрдім. Бірі шатырда, бірі сыртта жатты. Сырттағысының басын кесіп алған", — деді жеке басының қауіпсіздігі үшін аты-жөнін атаудан бас тартқан тұрғын.   

Қыздарды соңғы рет Марракеш қаласындағы Faouzi қонақүйінің қызметкерлері көрген. 

"Олар таңғы 10-да келіп, қонақ үйде түнеді. Олар бесеу еді. Бәрі турист. Келесі күні таңертең үшеуі серфингке (суда сырғанау) кетті, қалған екеуі – Луиза мен Марен заттарын қалдырып, қалаға аттанды", — деп түсіндірді қонақүй қызметкері.  

Оның айтуынша, қыздар кешке қонақүйге қайтып оралған кезде жергілікті үш жігіт еріп келген. 

"Заттарын алып кету үшін сағат бесте қайта оралды. Оларды үш марокколық күтіп тұрды. Ұқыпты киінген, қылмыскерлерге ұқсамайды", — деп толықтырды ол.

Осыдан кейін қыздар қонақүйден жергілікті тұрғындармен бірге кетіп, содан бері ешкім көрмеген.    

Полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстады. Марокко билігі олардың бірі экстремист екенін растады. 

 Дания үкіметі видеода ер адамның "Бұл Сирия үшін!" деп айқайлап жатқаны естілетіндіктен, қанды оқиғаға "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мүшелерінің қатысы бар екеніне сенімді.    


3181
Кілт сөздер:
Марокко
Микрофон

Танымал әнші ажырасып кетті

5550
(Жаңартылды 17:58 22.01.2021)
Ольга Бузова бұрынғы жігітімен мессенджердегі әңгімесін көрсетті, ол жерде бұрынғы сүйіктісінің қатыгез әрекетін жазды

АЛМАТЫ, 22 қаңтар – Sputnik. Ресейлік тележүргізуші, әнші Ольга Бузова Instagram парақшасында Dava ретінде танымал блогер Давид Манукянмен ажырасқанын хабарлады.

"Біз ұғымы енді жоқ. Менің басым бос енді. Мұны артық сұрақ болмау үшін жазып жатырмын. Себебі ол маған түсініксіз әрі қорқынышты әрекет жасап жатыр", – деп жазды Бузова.

Сондай-ақ Бузова әлеуметтік желідегі оқырмандарынан Давид жайлы сұрақ қоймауды өтінді. Айтуынша, әншінің жақындары қазір қиын жағдайда жатыр.

"Әпкем инсульт алды, анам мен әжем Литвада, олар қатерлі ісікпен күресіп жатыр. Бұл менің басымдағы жалғыз уайым емес", – деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ольга Бузова (@buzova86)

Оған қоса, әнші Давид Манукянға сыйлаған бақыт үшін алғыс айтты. Біраз уақыт өткен соң Бузова Давидпен мессенжердегі әңгімесін көрсетті.

"Анаңа сенің қандай жауыз екеніңді айтып беретін уақыт келді. Сен мені ұрып, бетіме түкіріп, қорлайсың", – деп жазды Бузова.

Оқи отырыңыз: "Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады

Айта кетейік, екі жас 2019 жылдың соңына қарай кездесе бастаған болатын.

5550
Кілт сөздер:
ерлі-зайыпты, әнші
Тақырып бойынша
Әйелінің хаты оқтан құтқарды - әнші атасының майдандағы оқиғасын еске алды
Коронавирус жұқтырған ресейлік әнші көз жұмды
Қазір иттің итақайы әнші болып жүр – Рамазан Стамғазиев
Әнші Динара Қырықбаева отбасындағы жағдай туралы: айтатын уақыт келді
Некесіз туған немере мен алданған әнші: 2020 жылы ел аузынан түспеген кімдер?
Шахта, архивтегі фото

Кузбасс шахтасында үш кенші көз жұмды

30
Жұмаға қараған түні жер асты жұмыстарын орындау кезінде шахтада улы метан газы шыққан. Оқыс оқиға кезінде жер астында 44 адам болған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Құтқарушылар Кузбастағы тау жынысының опырылуынан шахтада қайтыс болған үш кеншінің мәйітін тапты, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне Кемеров облысы бойынша РФ тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды 

Кемеров облысындағы Ленинск-Кузнецк шахтасында тау жынысының опырылуы салдарынан екі азамат көз жұмды. Тағы бір кеншінің жағдайы және қайда екені белгісіз болды. Қылмыстық іс қозғалды.

"Үшінші кеншінің мәйіті табылды. Қазір құтқарушылар оны жоғары көтеріп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жұмаға қараған түні С.Д.Тихов атындағы шахтада жер асты жұмыстарын орындау кезінде метан жарылған. Оқыс оқиға кезінде жер астында 44 адам болған. 41 кенші жер үстіне шығып үлгергенімен, үш азамат үйінді астында қалып қойған. Осы факті бойынша Кемеров облысы бойынша РФ тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

Кәсіпорында апатты жою бойынша жедел штаб құрылды. Кен өндіру жұмысы уақытша тоқтатылды.

30
Тақырып бойынша
Қарағанды шахтасындағы төтенше оқиға: екі адам зардап шекті
Хромтау шахтасындағы жарылыс: тірі қалған кенші оқиғаның қалай болғанын айтып берді  
Ақтөбеде шахтада қаза тапқан кеншілер отбасына төленетін өтемақы көлемі белгілі болды
Қарағанды шахтасындағы төтенше жағдай: бір жұмысшы қайтыс болды

Салмағы қалпына келді: Симба Алматыда қысты қалай өткізуде - видео

0
(Жаңартылды 18:12 22.01.2021)
Ақтаулық Симба Алматыдағы жаңа "үйіне" үйренді. Ол шынының ар жағынан келушілермен ойнағанды ұнататын көрінеді

Ақтаудағы иесі Симбадан бас тартқан болатын. Кейін ол Алматыға жеткізілді. Жаңа жерден бейімделіп үлгерген. Қарды ұнатады, ауа температурасы жылы болған кезде серуендейді.

0