Жаңа туған нәресте

Комада жатқан әйелдің аяғы ауырлап, сәби дүниеге әкелді

4330
(Жаңартылды 15:50 09.01.2019)
Науқастың комада жатқанына 10 жыл болған. Алайда жақында дені сау баланы өмірге әкелді

АСТАНА, 6 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тың Аризона штатындағы Феникс қаласының ауруханасында комада жатқан әйел бала туды, деп жазады Arizona's Family.

Бауырын ауыстырған Толқын Айдарова сәбилі болды
© Photo : Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии МЗ РК

Дәрігерлердің айтуынша, әйелді босандыру сәтті өткен, нәрестенің дені сау, қазір жағдайы жақсы.

Бұл оқиға полицияның назарына түсіп, ауруханада шұғыл тексеріс басталды. Дәрігерлердің айтуынша, әйел адам 10 жылдан бері есін жимаған. Олар да, құқық қорғаушылар да науқастың зорлау салдарынан жүкті болып қалғанын алға тартады.

Аурухана басшылығы бұдан былай ер азаматтарды науқас әйелдерге медбикемен бірге ғана кіргізетін болды.

4330
Кілт сөздер:
кома, босану, ана мен бала, науқас
Тақырып бойынша
Астанада жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді?
Шымкентте көп балалы отбасыда үшем дүниеге келді
Астанада ВИЧ жұқтырған әйелдер дүниеге дені сау сәби әкелді
Жарты сағатқа дүкенге кірген әйел шекесі торсықтай ұл дүниеге әкелді
Екі жатыры бар әйел егіздерді дүниеге әкелді - видео
Көпбалалы отбасында салмағы 8 келі сәби дүниеге келді
Қостанайда үшем дүниеге келді
Теңіз кемелері

Ресей теңіз кемелерін жаңарта ма

8
(Жаңартылды 20:52 15.01.2021)
1144 "Орлан" жобасының крейсерлері әуе тасымалдағыштан кейінгі әлемдегі ірі соғыс кемелері болып табылады. Сыйымдылығы – 25,8 мың тонна, ұзындығы – 250 метр, ені – 28,5 метр, экипаж саны – 760 адам

Жаңа зымырандар, заманауи борттық жабдықтар, бірегей әскери мүмкіндіктер – 1144 "Орлан" жобасының "Адмирал Нахимов" атты ауыр атомдық зымыран крейсері "Петр Великий" орнына Ресей әскери теңіз кешеніне қызметке түседі. Бұл 2022 жылы іске асады деп болжанып отыр.

Алғашқы қадам 

1144 "Орлан" жобасының крейсерлері әуе тасымалдағыштан кейінгі әлемдегі ірі соғыс кемелері болып табылады. Сыйымдылығы – 25,8 мың тонна, ұзындығы – 250 метр, ені – 28,5 метр, экипаж саны – 760 адам. 

Ресейде осы типтегі екі вымпел бар. "Петр Великий" Солтүстік флоттың құрамында жұмыс істейді. Бірақ "Нахимов" қолданысқа енгізілген сәттен бастап оны модернизацияға жөнелтеді. Екеуі де кез-келген нысананы жоюға қабілетті толық қаруланған теңіз платформалары. Стандартты жиынтық - П-700 "Гранит" кемеге қарсы зымырандарының 20 іске қосу қондырғысы, "Оса-М", "Кинжал" зениттік-зымырандық кешендері және С-300Ф "Форт" алыс қашықтықта әрекет ету зымыраны және "Метел" және "Водопад" кемеге қарсы зымыран торпедалар, АК-130 реактивті бомбометтер мен автоматты қос ұңғылы зеңбірек. 

 Адмирал флота Касатонов фрегаты
© Sputnik / Александр Гальперин

Атомдық энергетикалық қондырғысы, автономдылығы екі ай болса, жылдамдығы 31 торапты құрайды. Жүрісінің қашықтығы шектеусіз деуге болады. Крейсерлер Қиыр Солтүстік жағдайында да жұмыс істей алады және Ресейдің Арктика аймағында әскери қатысуын қамтамасыз етуге қабілетті. Бұл аймақты көптеген сарапшылар жақын болашақта табиғи ресурстар үшін соғыс өтетін алаң деп санайды. 

Алайда, барлық кемелер уақыт өте келе тозады. Егер 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында "Орландар" кез-келген жауға төтеп бере алса, бүгінде жағдай өзгерді. Ресейде бірінші дәрежедегі соғыс кемелерін жасауда әлі де қиындықтар бар болғандықтан, қорғаныс министрлігі қолда бар кемелерді жаңартып, оларға бірінші кезекте жаңа қару-жарақ орнату туралы шешім қабылдады.

Кешен платформасы 

"Адмирал Нахимов" кемесі 1999 жылы жөндеуге жіберілген. Бірақ іс жүзінде крейсердегі жөндеу жұмыстары қорғаныс өнеркәсібіне ауқымды қаражат бөлінген 2013 жылы басталды. 2015 жылға қарай Северодвинскідегі "Севмаш" кәсіпорнында кемеден ескі жабдық шешіліп, корпусындағы ақауларға зерттеу жүргізілді. Модернизацияны 2018 жылға дейін аяқтау жоспарланған болатын. Бірақ бұл мерзім бірнеше рет кейінге шегерілді. Жөндеу жұмыстары борттағы құрал-жабдықтар мен қару-жараққа жаңа жабдықтарды енгізу арқылы пысықталды.

Өткен жылдың мамыр айында Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Алексей Криворучко ауыр крейсерге алғашқылардың бірі болып "Циркон" гипердыбысты зымырандарын орнатылатынын мәлімдеді. Олар нысанаға дыбыс жылдамдығынан тоғыз есе жылдам ұшып жетеді. Соның арқасында "Циркон" кез-келген әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі үшін алынбас қамалдай. Қашықтығы 1000 шақырымға жуықтайды. Осылайша, "Циркон" америкаық "Гарпун" дыбысқа дейінгі кемеге қарсы зымырандарынан асып түсетін түрі бар. 

"Орландардың" әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс жүйесі барлық кезде мінсіз болып келді. Модернизацияға дейін "Нахимовта" С-300Ф "Форт" ЗЗЖ болса, енді оған С-400-дің әлдеқайда жетілдірілген әскери-теңіз нұсқасы орнатылады. Түрлі типтегі зениттік оқ-дәрімен оқ ататын бұл кешен "көзге көрінбейтін" ұшақтар мен қанатты және баллистикалық басқа да нысандарға тосқауыл бола алады. 40Н6 жүйесінің зымырандары нысандарды 400 километр қашықтықтан дәлдей алады. "Адмирал Нахимовқа" С-400 ЗЗЖ-ның 96 іске қосу шахтасы орнатылады деп болжануда. Бұл осы кемені әлемдегі әуедегі шабуылдан ең жоғары деңгейде қорғалған кеменің бірі етеді. 

Сексен ұяшық 

Сонымен қатар, жақын аймаққа арналған "Кортик" зениттік-зымыран жүйесінің орнына"Панцирь-МЕ", "Оса-М" зениттік зымырандарының орнына "Редут" жаңа жүйесі келеді. Алайда, модернизация көбіне соққы жасау кешендеріне жүргізілмек. "Циркон", "Адмирал Нахимовтан" бөлек тағы П-800 "Оникс" кемеге қарсы зымырандары және "Калибр" қанатты зымырандары да орнатылады. 

"Граниттер" бір кездері қуатты қару болған. Оның жылдамдығы үш Мах, қашықтығы 625 киломтерге жетті. Бес жүз килотонналық ядролық оқтұмсық бір соққымен авиатасымалдағышты да жойып жіберуі мүмкін. Бірақ көлемі үлкен - ұзындығы он метр және салмағы жеті тонна. Жаңа кемеге қарсы зымырандардың қуаты аз болғанымен, олар әлдеқайда жедел және дәлдігі жоғары. 

Крейсердің кемеге қарсы қаруы да жаңартылады. "Адмирал Нахимовке" жақын қашықтықтағы торпедалар мен суасты қайықтарынан қорғайтын "Пакет-НК" кешені орнатылады. "Пакет-НК" жоғары автоматтандырылған. Ол нысанды өз бетінше анықтайды және саралайды, қозғалыс параметрлерін нақтылап, торпедоға нақты нысан мәліметін ұсынады. 

Сол сияқты, крейсердің электроникасы да толық модернизацияланады. Бұл кеме экипажының жағдай туралы хабардар болуын едәуір арттырады және борттағы қаруды қолдану мүмкіндігін әлдеқайда кеңейтеді. Сонымен қатар, крейсерге байланыс пен навигацияның жетілдірілген жүйелері, радиоэлектронды қорғаныс кешендері және жаңартылған үш Ка-27М палубалық тікұшақтарымен қамтамасыз етеді. Бұл машиналар экипаждың ықтимал жаудың сүңгуір қайықтарын табуын айтарлықтай жеңілдетеді.

8
Тақырып бойынша
АҚШ әскери-теңіз флотын қайта жарақтандырмақ
Балықшы теңіз алыбына мініп алды – экстремалды видео
Қара теңіз аймағында жаңа жүйе сынақтан өткізіліп жатыр
"Скиф" – теңіз түбіндегі құпия
Әскери-теңіз күштерінің әлеуеті артқан жыл
Индонезиядағы жер сілкінісі

Индонезияда жер сілкінісі болып, дәрігерлер мен науқастар үйінді астында қалды

38
Жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалды 

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет жер асты дүмпуі болып, салдарынан жеті адам көз жұмды.

Землетрясение в Индонезии
© REUTERS / BASARNAS SULBAR
Индонезияда жер сілкінісі болды

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Индонезияда 5,7 және 6,2 магнитудалы екі жойқын жер сілкінісі болды. Бұған дейін 3 адам қаза тауып, 24 адам жараланғаны туралы ақпарат таратылған болатын.

Землетрясение в Индонезии
© REUTERS / BASARNAS SULBAR
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар

Индонезияның метеорология және геофизика агенттігі жер сілкіністерінен кейін елде кемінде 26 афтершок, яғни кейінгі дүмпу болғанын мәлімдеді. Агенттік тағы бір қуатты жер сілкінісі болса, оның салдарынан цунами таралу қаупі бар екенін айтты.

Землетрясение в Индонезии
© REUTERS / ANTARA FOTO
Қиранды астында қалған көлік

Сондай-ақ, жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.

38
Кілт сөздер:
жер сілкінісі, Индонезия
Тақырып бойынша
Калифорнияда 20 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болды – қорқынышты видео
Грекиядағы жер сілкінісі: жарты жылға төтенше жағдай жарияланды
Қырғызстанда 3,5 балдық жер сілкінісі болды
Түркиядағы жер сілкінісі: үйінді астында 33 сағат жатқан ер адам тірі қалды
Түркиядағы жер сілкінісі: апат орнынан түсірілген жантүршігерлік суреттер