Әлем

"Құдайдың сыйы": үндістандықтар бір көзбен туған бұзауға табынып жүр

© Sputnik / Владислав ВодневСиыр
Сиыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сиыр бұзауын емізбей қойғандықтан, оған жергілікті тұрғындар қамқорлық танытуда

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Үндістан тұрғындары үлкен бір көзбен туған бұзауға табынып жүр. Жаңа туған бұзаудың мұрны жоқ екеніне қарамастан, ол әлі күнге дейін тірі. Сиыр төлін емізбей қойғандықтан, қазір оған жергілікті тұрғындар күтім жасап жатыр, деп хабарлады .

Жұрт сиырдың ерекше бұзау туғанын білгеннен кейін елдің түкпір-түкпірінен келе бастаған. Енді олар бұзауды Құдайдың берген таңғажайып сыйы деп атап, оған табынып жүр.

Шын мәнінде, бұзау адамдар мен жануарларда бірдей кездесетін циклокопия ауруына шалдыққан. Бұзау сиырдың ішінде жатқанда миының оң және сол бөлігі бір-бірінен ажырамаған. Әдетте мұндай ауруға шалдыққан жануарлар өлі туады немесе туғаннан кейін ұзаққа бармай өледі.

 

Жаңалықтар
0