Доллар

Пара алу үстінде ұсталған шекарашы ақшаны жеп қоюға тырысқан

602
(Жаңартылды 19:02 11.01.2019)
Шекарашы Украинадан Еуроодақ елдеріне темекі тасымалдауға жәрдемдескені үшін пара алып отырған

АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Украина шекара қызметінің инспекторы пара алу үстінде ұсталып, ақшаны жеп қоймақ болды. Бұл туралы Украинаның Ұлттық полиция сайтында хабарланған.

Белгілі болғандай, шекарашы Венгриямен шекарадағы "Лужанка" өткізу пункті арқылы Украинадан Еуроодақ елдеріне еш кедергісіз темекі тасымалдауға көмектескені үшін пара алып отырған. Полиция мың доллар пара алу оқиғасын әшкереледі.

Инспекторды соңғы 200 долларды алып жатқан кезде ұсталған. Айғақтардың көзін жойып, жауапкершіліктен құтылмақ болған шекарашы параны жеп қоюға тырысады.

Қазір полиция "Лужанка" өткізу бекетінің басқа қызметкерлерінің жемқорлыққа қатысы барын тексеріп жатыр. Оқиғаға қатысты "Пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті он жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

602
Кілт сөздер:
қылмыстық іс, пара алу, шекарашы
Тақырып бойынша
Қазақстанда бірнеше судья пара алды деген күдікке ілінді - видео
Қазақстанда екі прокурор пара алғаны үшін ұсталды
СҚО-да рубльмен пара алған аудан әкімі ұсталды – видео
Қазақстанда 30-дан астам әкім пара алғаны үшін ұсталды
ШҚО-да лауазымды тұлғалар Қытайдан Қазақстанға тауар өткізу үшін 13 млн теңге пара алған
Көкшетау теміржол станциясының басшысы пара үшін ұсталды
Бурабай санаторийінің экс-басшысы пара алғаны үшін сотталды
Ақмола облысында ірі көлемде пара алған судья ұсталды
Назарбаев: ОҚО-да еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін пара беру керек
45 мың теңге пара алған департамент қызметкеріне 2,7 млн теңге айыппұл салынды
Тараз сотының судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталды
Мелиссани үңгірі, Грекия

Грекиядағы жер сілкінісі: жарты жылға төтенше жағдай жарияланды

70
Билік осы уақыт ішінде зілзала салдарын жоюды көздеп отыр. Олардың айтуынша, төтенше жағдай режимі шешімдер қабылдауды жеңілдетеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Грекиядағы Самос аралында жақында болған жер сілкінісінен кейін жарты жылға төтенше жағдай режимі жарияланды.

Азаматтық қорғау бас хатшысы Василиос Папагеоргиудің шешімімен Шығыс және Батыс Самостың муниципалитеттерінде төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды РИА Новости.

Тиісті бұйрыққа азаматтық қорғау және дағдарыстық жағдайларда басқару министрінің орынбасары Никос Хардалиас қол қойды.

Биліктің мәліметінше, ТЖ енгізу жойқын жер сілкінісінің салдарын жою үшін қажет. Өйткені режим шешімдер қабылдауды оңайлатады.

Төтенше жағдай алты айға, яғни 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін енгізіліп отыр.

Түркия мен Грекиядағы жер сілкінісі

Түркияда 30 қазан күні магнитудасы 7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Табиғи апаттың салдарынан Измир провинциясы мен Грекияның Самос аралында ғимараттар құлап, қирады.

Тағы оқыңыз: Түркиядағы жер сілкінісі: зардап шеккен қазақстандықтар елшілікке хабарласа алады

Зілзала ошағы – Измир провинциясындағы Сеферихисар қаласы ауданында. Жер сілкінісінің әсерінен Эгей теңізінде цунами толқыны болды.

"Біздің мемлекет зардап шеккен азаматтарға қол ұшын созады. Апат аймағында барлық тиісті ведомство мен ұйымдар жұмыс істеп жатыр", - деп жазды Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Twitter-де.

Соңғы дерек бойынша, Түркияда табиғи апаттан 25 адам, ал Грекияда екі адам (оқушылар екені хабарланды) қаза тапты. Бұдан бөлек, Түркияда 800-ден астам, ал Грекияда жиырма адам зардап шекті.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

70
Кілт сөздер:
Грекия, зілзала, Түркия
Бетперде киген адамдар

Сексен пайызы жұқтырған: Еуропада коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр

1020
Вирустың жаңа түрі 20A.EU1 деп аталады. Ғалымдар бұл коронавирус инфекциясының жаңа мутациясы екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Еуропада жаңадан тіркелген науқастардың 80%-і мутацияға ұшыраған коронавирусты жұқтырған. Бұл вирус осы көктемде және жазда бүкіл әлемді жайлаған індеттен өзгеше, деп хабарлайды Қазақстанның COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы.

Вирустың жаңа түріне 20A.EU1 атауы берілді.

Болжам бойынша, гендік мутация Испанияда маусым айында пайда болып, Еуропаға оралған туристерден таралды, делінген ведомствоаралық комиссияның телеграм-каналында.

Испаниялық генетик Иньаки Комастың пайымынша, мутацияға ұшыраған вирус індетке шалдыққандар қатысқан бұқаралық шарадан тарала бастады.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар COVID-19-дың жаңа симптомын анықтады

Ғалым вирустың одан әрі тез таралуына Испанияда демалған туристердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы себеп болып отыр деп санайды.

Жаңа мутацияның қаншалықты жұқпалы және қауіпті екені әзірге белгісіз.

Бұған дейін, АҚШ-та бұдан да агрессивті, D614G деп аталған SARS-CoV-2-нің мутациясы анықталған еді.

1020
Кілт сөздер:
Еуропа, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ма – вирусолог жауап берді
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты
Солтүстік Қазақстанда оқушылар жаппай коронавирус жұқтырды
Қырау басқан жапырақтар

Тұман, жаңбыр және қатты жел ертеңге ауа райы болжамы жарияланды

47
Республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, солтүстікте жаңбыр жауады деп болжануда

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда, синоптиктердің болжамынша, 1 қарашада күн ашық болады.

Қазақстанның басым аумағында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігінде жаңбыр жауады деп болжануда. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне үндеу жасады

Жамбыл, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерді тұман басады, Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 15-20 м/c дейін күшейеді.

Дабылды ескерту

Қызылорда облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Ақмола облысында 1 қарашада тұман түседі деп болжанып отыр.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн ашық болады. 3-5 м/c жел тұрады. Түнде ауа температурасы -3-4 градус, ал күндіз – 5-8 градус жылы.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз. Секундына 1-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +4... +5 градусты, ал күндіз +9... +10 градусты көрсетеді.

Шымкентте күн жылы әрі ашық,  2-5 м/c жел соғады. Ауа температурасы түнде +3... +5, күндіз +17... +19 градус болады.

47
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы